Материалдар / "Тәртіп -тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәртіп -тәрбие бастауы, тәртіпсіздік - өміріңнің қас жауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты . Балаларды өз құқығы мен міндетін білуге , тәртіпті болуға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
1242
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы , тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін балаларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп құқық тық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Балалардың құқық-тық сауаттылығын арттырып ,құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен , түрлерімен таныстыру , жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен та - ныстыру . Құқықтарын біліп ,оны құрметтеуге тәрбиелеу. Түрі: Cұрақ – жауап ,мақал – мәтел ,пікірталас.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер Жоспары Ұйымдастыру кезеңі 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім а)Тәрбиеленушінің құқығы ( постер қорғау) ә) Тығырықтан шығар жол қайсы? «Менің атым – Қожа» фильмнен үзінді

б)Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде (сұрақ -жауап)

в)Жалғасын тап (мақалдарың жалғасын табу) Қорытынды Барысы: Ұйымдастыру кезеңі . Сәлеметсіздерме құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәртіп –тәрбие бастауы ,тәр -тіпсіздік өміріңнің қас жауы» деп аталады . Кіріспе. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр .Қателік кімнен кетуде ? Ата – анадан ба,мектептен бе, әлде қоғамнан ба ? Балалардың ойын тыңдау ? Тәртіп ұйымшыл ұйымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет әлпеті оның даусы, оның әдемелігі, қозғалғыштығы, мимикасы сенімділігі»-деген А .С.Макаренко .

Негізгі бөлім. а)Тәрбиеленушінің ережесі(постер қорғау). Балалар міндеттерін плакатқа жазып жұмыстарын қорғайды . ә) «Тығырықтан шығар жол қайсы ?» «Менің атым -Қожа» фильмінен үзінді көру . 1- бейне көрініс. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.

- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр? - Қожаның тәртібі мектепте қандай болған ?

- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге байланысты деп айтты? - Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар қандай көмек берер едіңдер? 2-бейне көрініс. Қожаның өзіне- өзі есеп беруі. Бұл бейнеден не түсіндіңдер? - Күн сайын өзіне- өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме? - Сендер өз өздеріңе есеп бересіңдер ме?

- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіпті санайсыңдар ма? Тәрбиеші: Ұлт мұраттарының , ұлы байлықтарының бірі - жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі -тәртіптің құлы, тәртіпті елдің- ұлы»десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазады. -Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры тәлім- тәрбие ісінде жатыр

б) «Қатты тәртіп көрсе бала күнін де өнерімен қуантады түбінде» ( сұрақ – жауап ) Тәрбиеші: Тәртіпті бала сүйініш , Төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала күйініш, Төмендеп басың кетеді - дегендей, балаларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан… » қалай түсінесіңдер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңді айта отырыңдар.( балалардың пікірін тыңдау)

1) Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?(Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік, бірін- бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік, өтірік айту, сабақтан қашу сияқты жаман әдеттерді байқауға болады )

2) Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың ? Кей адамдар өте жалқау болып келеді Еңбек еткісі келмейді Ата анасының тапқанын шашса ал орталықтың балалары үкімет бізді асырауға әдеттерге үйір болып келеді

3)Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесіңдер?

(Әр адамның бойындағы ары таза, намысы берік, ұяты күшті болуы керек. Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де, тәртіпті адам .)

4)Әдептілік дегеніміз не ? ( Адамдардың өзара қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының, ережесі. Әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен .)

5) Адам боламын деген бала не істеу керек ? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп , жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Жақсы қасиеттерді бойына сіңірген адам дөрекілікке бармайды .)

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз? (Әдептілік – деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құр-меттеуді айтамыз, Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей –ақ, өзі басқаны құрметтеп , ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.) 7 ) Ашу шақырғанда ең алдымен тоқтау салатын қандай қасиет ?( Сабырлы –лық. Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез – құлқына ие бола алатынын көрсетеді .) 8)Қателіктеріңді мойындай аласыз ба ? ( Өзіңнің жіберген қателігіңді мойын-дау – үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды ти-гізбеу, ешкімнің обалына қалмау.) в) Жалғасын тап ( мақалдардың жалғасын табу ) Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу - бәрімізе ортақ қағида. Келесі кезекте мақал - мә телдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сендерге ма-қал- мәтелдерді айтамын, ал сендер жалғасын табуларың қажет . Тәрбие…………..( отбасынан басталады) Ақырын жүріп …………..( анық бас ) Әдепсіз өскен адамнан ……..( Тәртіппен өскен тал артық ) Тәртіпсіз ел болмайды ,……..( тәртіпке бағынған құл болмайды) Тәрбиелі адам………( тағаланған атпен ) Қамысты бос ұстасаң……( қол кесер) Ұрлық…….( түбі қорлық) Заңның құрығы………( бәрінен ұзын ) Әділ істің…….( арты игі ) Балалардың есебі ( стикерлер беріледі). Өздеріңдіалдағы уақытта қалай ұс-тар едіңдер? Өз бойларыңдағы кемшіліктерің туралы байқасаңдар стикер-лерге жазып, алма ағашына іліп қойыңдар. Қалай ойлайсыңдар, осы кемші-ліктерді жоюға бола ма ? Қортынды :Тәрбие кешіктірілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы ал-тын – тамыры тәлім тәрбие ісінде жатыр . Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру- біздің басты міндетіміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!