Тәртіп
және
біз
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,
шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны
қалыптастыру.
1-видео
ролик: "Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы
күрес"
Баяндама:
Тәртіп және
біз
Ағымдағы жыл басынан облыс
аумағында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны
54 пайызға, яғни 150-ден 69-ға төмендеген. Сараптама көрсеткендей,
жасөспірімдерге қатысты қылмыстың басым бөлігі - ұрлық, көбі ұялы
телефондарын ұрлау
фактісі. Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, алдын-алу
мақсатында «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен
қамту», сонымен қатар басқада көптеген жедел алдын алу және
локальдық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атқарылған шаралар
нәтижесінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны 68,6
пайызға (51-ден 16-ға) төмендеді. Қылмыс жасаған жасөспірімдер саны
33, оның 14 мектеп, гимназия, лицей, 8 колледж оқушылары.
Кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттер жасауына ықпал
ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі профилактикалық
жұмыстарды ұйымдастыру, атқарушы өкімет, білім беру, денсаулық
сақтау, ақпарат және қорғаншылық, қамқоршылық органдарының
өкілдерімен бірлесіп, ішкі істер бөлімдеріне 2200-ден астам
кәмелетке толмағандар әкелінді, ал олардың 1789 әр түрлі әкімшілік
құқық бұзушылықтары үшін. Жеткізілген әрбір жасөспірімнің ата-анасы
шақырылып, жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Облыс бойынша
ішкі істер органдарының профилактикалық бақылау есебінде 76,
тізімдік есепте 397 кәмелетке толмаған және 227 қолайсыз отбасылар
есепте тұр. Осы сатыдағы есепте тұрғандар тарапынан жасалатын
қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында мүдделі
мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, кешкі уақытта
тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп отырады. Кәмелетке
толмағандардың қараусыз және панасыз қалуының алдын-алу мақсатында
облыс кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 84 жасөспірім
орналастырылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың
құқықтарын қорғау комиссиясына 75 құжаттар
жолданды.
2015 жылғы 6 айында ювеналды полиция бөліністерімен мүдделі
органдардың өкілдерімен, есірткіге қарсы күрес басқармасы бөлімдері
қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде орналасқан жалпы білім
беретін мектептер, колледж және жоғарғы оқу орындарында кәмелетке
толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтармен қылмыстарды
болдырмау, олардың арасында суицид фактілерінің алдын алу және
нашақорлықтың жайылып таралуына жол бермеу шараларын насихаттау
бағытында әр түрлі құқықтық тақырыптарда сөз сөйлеулер жүргізілсе,
оның 1334 білім беру мекемелерінде өтті. Осы бағытта пікірлесу
кештер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, лекциялар
оқылды.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар тарапынан – 14 суицидке бару,
оның ішінде аяқталған – 5 фактісі орын
алды.
Қазіргі уақытта әрбір суицид фактісімен тексеру барысында сот
психологтық-психиатриялық сараптама тағайындаумен бірге өзіне өзі
қол жұмсаудың әлеуметтік-психологиялық себептерін де анықтауға
талап қойылып отыр. Кәмелетке толмағанды өзін өзі өлтіруге
итермелеген жеке тұлға аралық және отбасылық қатынастарды
(ата-анасымен, педагогтармен және оқушылармен қақтығыстар,
мектептердегі қорқытып алушылықтар), ата-анасында, сыныптастарында
және жақындарында өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқының бар болуын
анықтау үшін психологтар және басқада мамандар тексеру және тергеу
іс-әрекеттеріне тартылуда.
Әрбір суицид фактісін тексеру барысында сот
психологтық-психиатриялық сараптама тағайындаумен бірге өзіне өзі
қол жұмсаудың әлеуметтік-психологиялық себептерін анықтау
мақсатында жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, балалар үйіндегі
балаларға қолдау көрсеткісі келетін компаниялар үшін корпоративтік
әлеуметтік «Жанашыр» қамқорлық жобасы әзірленді.Аталған жобаның
мақсаты баланы өз қамқорлығына алып, оны үш бағыт бойынша өмірге
жетелейді: тәрбие, білім және әлеуметтік қолдау. Яғни, компания
қызметкерлері баламен бірге демалыс және мереке күндерін өткізуге,
онымен араласуға, кеңестер беруге қамқорлық көрсетеді. Оқудан бос
уақытта балалар ересектерге көмектесе алады – компания балаларды өз
қызметімен таныстырып, олардың қолдарынан келетін жұмыстарды
орындауға жиі тапсырма беріп тұрады. Ұжым музыка немесе білім беру
курстарына, спорт үйірмелеріне қатысқысы келетін баланы қолдай
алады. Ең бастысы–бұл болашақта жұмысқа орналасуына кәсіпорынның
көрсететін көмегі болып табылады. Сондай-ақ, интернат түлегі әрі
қарай өзіне баспана сатып алуы үшін жоба шеңберінде компанияларға
банктерден тұрғын үй депозитін ашу ұсынылды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты тұрақтандыру
мен олардың арасында топтардың қалыптасу тәсілдерінің себептері мен
жағдайларын зерделеу мақсатында ювеналды полиция инспекторлары,
криминалдық полиция бөлімшелерімен бірлесіп қылмысқа бейім топтарды
ыдыратуға және олардың басшылары мен ересек жастағы қылмыс
ұйымдастырушыларын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Кәмелетке толмағандар және ересек жастағы қылмысты
ұйымдастырушыларға қарсы қылмыстық істерге тергеу амалдарын жүргізу
кезінде тергеушілер ювеналды полиция бөліністерімен бірлескен
қарым-қатынас жасап, қылмыстың қайталанбауына шаралар жүргізеді.
Олардың бостандық мүддесі мен құқықтарын сақтай отырып, алдын-ала
тергеу кезінде тергеулік әрекеттер мен жауап алған кезде ювеналды
полиция инспекторлары
қатысады. Бұл бағыттағы жұмыстар Департамент
басшылығының қатаң бақылауында
тұр.
2-видео
ролик:"Каникул кезінде 98 бала жауапқа
тартылды"
Әріптер
сыры
-
П- Мемлекет
басшысы (Президент)
-
О-
Қоғамның бастапқы
ұясы (Отбасы)
-
Р- Бүкіл
халықтық дауысқа салу (Референдум)
-
С-
Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім
шығарады (Сот)
-
Т- Құжат (
Төлқұжат)
-
У- Қ.Р
мемлекеттік құрылымы
(Унитарлы)
-
Ұ- Біреудің
дүние мүлкін құпия түрде алу (Ұрлау)
-
Х-
Мемлекеттік биліктің қайнар
көзі? (Халық)
-
Ш- Құран
кітабының заңдары қалай аталады? (Шарихат)
-
Э-
Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердізерттейтін
ғылым? (Этнография)
Жүргізуші:
Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге
әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті
болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше
түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың
қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы
тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу
олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде
жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына
үлкен сенім артатынын атап
көрсетті.