Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәртіпке бағын жасыңнан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сі











« Тәртіпке бағын жасыңнан»

(тәрбие сағаты)



Тәрбиеші: Аманов Е.С



























2020-2021 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Тәртіпке бағын жасыңнан»

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру

Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар.

Бүгінгі « Тәртіпке бағын жасыңнан» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңдер!

Қәнекей оқушылар шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері: Оқушылармен айнала шеңбер құрып бір біріне жыллы лебіздерін білдіру.

Тәрбиеші: Оқушылар тәртіп дегенді қалай түсінеміз?(оқушылар жауабы тыңдалады)

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса,әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.

Тәрбиеші: Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?

Бекхан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Тәрбиеші: — Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы « Тәртіпке бағын жасыңнан» деген.

Оқушылар тәртіп дегенді қалай түсінесіңдер.

Бекмұрат: — Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету.

Әсемай: көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білу, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу.

Тәрбиеші: Жарайсындар!

Сахналық көрініс: « Әдепсіз бала»

Жолда келе жатқан әжені Жасұлан қағып өтеді. Оған жанындағы жолдасы Ерасыл :

-досым дұрыс жасамадың олда сенің әжең емес пе?

Жасұлан:

-қайдағы ол бөтен әже ғой?

Ерасыл:

-ол үлкен адам оны құрметтеу қажет

Жасұлан:

-Ой қойшай ақылды бола қалғанын(қолын бір сілтеп)

Сол сәтте Әдеп полициясы кіріп келеді. Әдеп полициясының аға сержанты Тәртіп Қайсарұлы. Сіз осы бойы тәртіп бұздыңыз.

Жасұлан: мен тәртіп бұзбадым тура келе жатырмын.

Онда мына оқушылардан сұрайық сен қандай тәртіп бұзғаныңды.

Асия: Үлкен кісі алдыңнан шықса алдынан кесіп өтпе,жол бер, сәлемдесіп,баратын жеріне дейін көмектесіп шығарып сал.

Әсемай: қандай жағдай болмасын бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік.

Дастан: Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.



Бекмұрат: Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің.

Әдеп полициясы: Әдептілікті бізге кім үйретеді білесіңдерма?

Бекхан: Әдептілікті біз үлкендерден үйренеміз. Ата-әжелеріміздің, ата-аналарымыздың,ұстаздарымыздың ақылын тыңдап,айтқандарын орындағанда ғана тәрбиелі адам болып өсеміз.

Әлімжан: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек

Бақтияр: «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан атамыз бізді тәртіпті болуға шақырған.

Бекмұрат: Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс айқай шу

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың

Жасұлан: Мен бәрін түсіндім мені кешіріңіздер енді мен әдепті де тәртіпті бала боламын.( Келеді де әженің шашылған заттарын жинап береді, оны шығарып салады.)

Тәрбиеші: Жарайсын Жасұлан сен өз қәтеңді түсініп дұрыстадың!

Оқушылар Қазақстан Республикамыздың да өз тәртіптері заңмен бекітілген.

Әр бір баланың өз міндеттері мен тәртіп ережелері бар.

Мысалы: Сіздер өз міндеттеріңді білесіздер ме ?

Мен міндеттімін: білім алуға

Мен міндеттімін: тәртіп сақтауға

Мен міндеттімін: мектеп мүлкін сақтауға;

Мен міндеттімін: үлкендерді сыйлауға;

Мен міндеттімін: ана тілдің тазалығын сақтауға;

Мен міндеттімін: әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

Мен міндеттімін: әдепті болуға;

Мен міндеттімін: кішілерге қамқор болуға;

Мен міндеттімін: өз Отанымды сүюге;

Тәрбиеші: Оқушылар бүгінгі сабағымызда тәртіп туралы біраз мәлімет алдық, өз міндеттерімізді білдік. Тәртіпті болайық! Білім алып Еліміздің абыройлы азаматы болайық!

Баршаларыңа рахмет!



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
2296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12