«Мұғалімдік мамандық-бұл
адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер
– ол даналықты жүрекпен ұға білу болып
табылады»
В.А
Сухомлинский.
Таспен ойнаудың ( Тас
терапиясының ) маңыздылығы
Неміс педагог-дефектологы
П.Шуман «Баланың психикалық немесе
дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен
біліктілігі соғұрлым жоғары болуы
қажет» - деп айтқанындай, мекемеде
педагог қызметкерлер үнемі ізденіп, кәсіби шеберліктерін
шыңдауда.
Түзету-дамыту сабақтары
барысында балалардың жеке басының қасиеттерін, мінез-құлқын, ойлау
қабілеттерін ойын арқылы түзетуге, дамытуға болады. Әр баланың
өмірге қадам басқандағы алғашқы әрекеті бұл ойын болып саналады.
Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын
баланың күш-жігерін жұмсап, сезініп, білдіруге мүмкіндік алып,
айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ойын арқылы
балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім
қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық
танытады. Мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалармен ойналатын ойындар
баланың зейінін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеуін дамытуға
арналған. Дамыту ойындары, соның ішінде тастармен ойын ойнау
баланың танымдық, тәрбиелік дағдыларына жақсы әсер беретіні
анықталып отыр. Ойын барысында пайдаланылатын тастан жасалған
заттар, ойыншықтар балалардың психологиялық қызметін сапалы түрде
өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып
табылады.
Биылғы жылы кәсіби іздену
барысында психикалық даму тежелуі бар балалармен түрлі-түсті
тастарды қолдана отырып, жұмыс жүргізуді қолға алдық.
Арт-терапияның қоршаған ортаға бейімдейтін бірден-бір жаңа түрі -
«Тас терапиясын» пайдалана отырып жүргізілген түзету жұмыстары
психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқушылығы бар
оқушылардың зейіні мен есте сақтауын дамытуға, кеңістікті
бағдарлауына, сөйлеу тілінің қалыптасуына, қисынды ойлауын дамытуға
тиімді әсер етіп, түзетіліп, алға жылжуына жағдай жасайтыны
анықталды.
Мекемеде арт-терапияның
бірнеше түрі қолданысқа енген. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалардың аңғарымына, жасына, жеке басының дамуына қарай
қолданысқа енген арт-терапияның тағы бір түрі
- Тас
терапиясы.
Ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балалармен тас терапиясын пайдалану барысында
психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері басшылыққа
алынады:
-
түзету мен дамытудың бірлесу
принципі;
-
диагностика мен түзете дамыту
принципі;
-
түзету мен орнын
толтыру (компенсация) принципі;
-
бала дамуында психологиялық
жасы мен жеке ерекшеліктерін есепке алу
принципі;
-
психо-педагогикалық әрекеттің
кешенділігі принципі;
-
оптимистік ықпал ету
принципі;
-
баламен түзету жұмысына жақын
әлеуметтік ортаны белсенді тарту
принципі.
Ерекше білім беруді қажет
ететін балалармен тастан әр түрлі заттар (жануарлар, көкөністер,
жемістер, т.б.) құрастыруда, тастардың көлемін, пішінін, түр-түсін
ажырату, қиыршық, тегіс, жұмыр тастарды алақанда қысып ұстау,
тастың бетіне сурет салу сынды түрлі жұмыстар жасаған кезде оның
бала зердесіне әсер етуі мен қабылдауы, балаларға берілетін
тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы, балалардың мүмкіндіктері
ескерілу керек. Жалпы, зейіні тұрақсыз балаларға ойынның мазмұнын
қызықты етіп, баланың ойын ойнауға ынталы болуы ескеріліп,
«жеңілден ауырға», «аздан көпке» принципі
сақталуы қажет. Нәтижесінде баланың таным
процесі белсенді жұмыс істеп, зейіні мен қызығушылығы артады.
Сондықтан да ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға жоғары
талап қойылады.
Тас терапиясы –
әлеуметтік бейімделудің жақсы
тәсілі. Таспен ойнау- кәдімгі ауладағы
немесе таудан әкелінген тастар, әр түрлі пішінді тастар,
түрлі-түске боялған тастар баланың қиялын өсіреді, балаға
айтарлықтай эмоциялық және физикалық тұрғыда әсер етуі анықталды.
Бүгінде мекемеде осы тақырып кеңінен зерттеліп, маңыздылығы
ескеріліп,қолданысқа еніп отыр. Балаларға, ата-аналарға таспен
жүргізілген жаттығулар, ойындар тартымдылығы, әсерлілігі жағынан
да, ұтымдылығы мен тиімділігі жағынан да ұнап, қолдау тапқаны
бізді, яғни дефектологтар мен психологтарды
қуантады.
Баланың нәтиже көрсетіп,
жоғары деңгейге көтерілуі тек мамандарға ғана емес, ата-аналарға да
байланысты. Отбасы жағдайы бала өміріне, дамуына тікелей әсер
ететін орта, сондықтан мүмкіндігі шектеулі баламен отбасы мүшелері
жағымды қарым-қатынас орнатуы қажет. Қолдарына өздерінің сүйікті
ойыншығын түзету орталығына ала келетін балаларды да көптеп
кезіктіреміз. Таспен ойнап отырған баланың сөйлегенін байқап,
қарым-қатынасқа түсе бастағаны зерттеліп, тастарды сөйлеу тілі
дамымаған балалар мен психикасы тежелген балаларға түзету
сабақтарында қолдана бастадық. Қазіргі таңда таспен ойнау туралы
ата-аналарға да (отбасы жағдайында) кеңестер беріліп, ынтымақтаса
жұмыс жүргізілуде.
Таспен ойнау төмендегідей
мәселелерді шешуге көмектеседі және міндеттерді
айқындайды:
-
түзету процесін
жеңілдетеді;
-
диагностикалық талдау жасау
жеңілдейді;
-
бала бойындағы қорқыныш пен
үрейден арылады;
-
ұсақ моторикасы
дамиды;
-
ішкі түйсікті
дамытады;
-
ойын жеткізуді
үйренеді;
-
қиялын
дамытады;
-
сезім мен сезінуі
артады;
-
өзін-өзі бағалауы және
шығармашылық мүмкіндігі
дамиды.
Тас
терапиясы- адамның эмоциялық саласына
әсер ететін психотерапиялық әсердің тиімді тәсілі болып табылады.
Бұл туралы психология саласының терең зерттеушісі швейцариялық
психиатр К.Г. Юнг жазған. Тастың адамның жүйке жүйесіне тиімді әсер
етуі оның психотерапиялық сеанстарында тексеріліп, тәжірибеде
қолданыс тапқан. Таспен емдеу, ыстық таспен массаж жасау қазіргі
таңда кең таралуда.
Қолдарына ірілі-ұсақты, тегіс,
жұмыр, қиыршық тастарды ұстағанда балалар өздерін тепе-теңдікте
ұстайды, тастарды әр түрлі түске бояу процесіне қатысып, түрлі
бейнелер, бұйымдар, жылдың төрт мезгілінің ауыспа бояуларын
мұғаліммен, ата-анасымен жасай отырып, қоршаған ортамен жақын
танысады, әсемдік әлеміне енеді, әлемді түсінуге үйренеді. Өз
ойларын процесс барысында алаңсыз жеткізе бастайды, логикалық
тізбектерді құруға үйренеді, қиялы дамиды.Тастармен ойнау кезінде
бала алаңдауы азайып, қорқынышы, үрейі сейіліп, мамыражай күйге
түседі. Бұл дегеніміз- баланың анасымен, әкесімен, апайымен бірлесе
ойнауы арқылы әлеуметтік- коммуникативті дамуы және психикалық
дамуы қалыптасады. Таспен ойнаудың алғашқы кезеңдерінде ата-анасын
сабаққа қатыстыру - баланың жақын адамдарының өзіне деген
қамқорлығын сезіну кажеттілігі ескеріліп, бала өзінің «Мені»
қалыптасқанша, өзін-өзі бағалауы қалыпты деңгейге көтерілгенше,
яғни 2-3 ай көлемінде жүргізілуі мүмкін. Психикалық дамуы тежелген
балалармен жүргізілген шағын топтық сабақтарда таспен ойнау оң
нәтиже көрсетуіне байланысты, осы аңғарымды балалар өз
құрдастарымен және ересектермен тез байланысқа түсуіне байланысты,
тас – табиғаттың бір бөлшегі ретінде ғана емес, адам өмірінің даму
жүйесіне де пайдасы зор, емдік қасиетпен белгілі болып отырған
заманда бала психикасына бірден-бір маңызды терапия болып
табылады.Тас-бала үшін қарым-қатынастың
кері әсері жағдайында психологиялық қорғаныш құралы
тәрізді.
«Тас
терапиясы» бұрышы