Сабақ
барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті
«Орманға саяхат»
Денелеріңізді түзу
ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып
елестетіңіздер.
Қазір біз бірге
орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер
орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға
шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс
алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай
бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар.
Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең
тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге
жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні,
ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға
қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір
ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын
құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты
жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман
ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз.
Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе
аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа
қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз.
Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға
отырайық. Осы сезіді жүректеріңізде сақтаңыздар.Жаймен ғана
көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.
Дәйексөз.
«Қыл өтпестей
татулықты бір ашуға сатпайық»
Мұхтар
Әуезов
-Татулық бар жерде
бірлік те, қуаныш та болады. Татулық достар арасындағы ең керемет
қасиет.
2 рет- ұлдар,2рет –қыздар айтады. Бәрі бірге – 1 рет қайталап
оқиды.
-Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
Әңгімелеу
Отбасы татулығы
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен
отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар мсаны өте көп екен,бір
қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара
келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда
ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы
патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау
үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық
пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа
бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны
төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша
таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің
мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық
пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз
рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп
қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ
па?
-Иә деді
ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді
де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып
қойды.
Сұрақтар:
Мазмұны бойынша
сұрақтар
- Аңыз әңгіме не
туралы?
2. Құндылығын
айқындайтын сұрақтар
- Отбасының
татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
3.Өмірмен байланысты
сұрақтар
- Сендер тату
болу үшін не істер едіндер?
«Достық байланыстар»
бейнеролик.
-Қандай достық
байланыстар бар?
Шығармашылық
жұмыс, топтық жұмыс
Оқушыларды екі топқа бөліп, 2 тапсырма
беріледі.
1.Мақалды жалғастыр
1.
«Кемшіліксіз …. іздеген адам ….
қалады».
2.
«Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3.
«…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
4.
«……….ақшаң болғанша, көп досың
…».
5. «Досы көппен ….
,
Досы жоқпен …
».
6. «Досы … , өзі де
жақсы».
7. «…. басқа
қарайды,
… аяққа
қарайды».
8. «Ақылсыз ….ақылды
дұшпан ….».
9. « Досың мың
….,
… біреу болса да
көп».
10. « … адам тамыры
жоқ … тең»
11. « … дос
болсаң,
Сасқанда ақылың
айтар.
… дос
болсаң,
Топ ішінде бетің
қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос
іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп
айтады, дос жылатып айтады.
3. «Киімнің жаңасы
жақсы, достың көнесі жақсы».
4. « Көп ақшаң
болғанша, көп досың болсын».
5. «Досы жоқпен
сырлас,
Досы көппен
сыйлас».
6. «Досы жақсының-өзі
де жақсы».
7. «Дос басқа
қарайды,
Дұшпан аяққа
қарайды».
8. «Ақылсыз достан
ақылды дұшпан артық».
9. «Досың мың болса
да-аз,
Дұшпаның біреу болса
да-көп».
10. «Доссыз адам
тамыры жоқ ағашпен тең»
11. «Білімдімен дос
болсаң,
Сасқанда ақылың
айтар.
Білімсізбен дос
болсаң,
Топ ішінде бетің
қайтар».
2. «Татулық достық кілті» тақырыбында эссе
жазу.
Топпен ән
айту
Сөзі мен әні Нұрлан
Өнербаев және Талғат Мұсабаев
Iздегенде табылатын
қасыңнан,
Үй
тапсырмасы
№19 сабақтағы
Ұ.Асыловтың «Алдын ала ойлану-асыл қасиет»
мәтінін оқып келу.
122-123 бет.
Рефлексия: Түсінбедім
Сұрағым
бар
Түсіндім.
Соңғы тыныштық
сәті
Баяу музыка
қосылады
Көзімізді жұмып,
тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі
сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Енді тыныштық
күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға
болады.
|