«Taxonomy Bloom тәжірибесін сынып ішінде қолдану»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Taxonomy Bloom тәжірибесін сынып ішінде қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Сондықтан сабақтың әрбір жоспарында оқушының құзіретті болып қалыптасуына, олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай жаңа оқу жоспарына арналған 6 қадам тәжірибесімен өтілген колледж ішілік семинарына жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семинар тақырыбы: «Taxonomy Bloom тәжірибесін сынып ішінде қолдану»

Бүгінгі таңда мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймайды, жан-жақты, тәрбиелі, адамгершілігі мол, білікті, құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі  тиіс. Сондықтан сабақтың әрбір жоспарында   оқушының құзіретті болып  қалыптасуына, олардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасайтындай  жаңа оқу жоспарына арналған 6 қадам тәжірибесімен өтілген колледж ішілік семинарына жазылған.

Семинар есебі

Семинар мақсаты: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеуге мүмкіндік жасайтындай  жаңа оқу тапсырмалары  болуы шарт.

- Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлау және өткізу дағдыларын дамыту.


Нәтижелері: Мұғалімдер

- Б. Блумның таным саласындағы білім беру мақсаттарының таксономиясын біледі;

- Блум таксономиясына сәйкес сұрақ қою өлшемдерінің сатыларын түсінеді;

- Өз пәні бойынша Блум таксономиясының деңгейлеріне сәйкес сұрақтарды анықтай алады;

- Сабақ құрылымындағы іс- әрекеттердің танымдық мақсаттарға сәйкестігін талдай біледі;

- Сабақ құрылымын Блум таксономиясы негізінде жоспарлап, орындалған іс- әрекеттерді бағалай біледі, рефлексия жасайды.

 Негізгі идеялар: Ұсынылып отырған ойлау деңгейлеріне сәйкес оқушы әрекеттерінің сипаттамасы тапсырмалар әзірлеуге таптырмас білім. Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілерін дайындау дағдыларын жетілдіру  жолдары қарастырылды.



сабақ барысында мұғалімдердің өз пәндерінен

«Оқыту мен оқу үдерісінде оқушы белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың негізінде «Блум таксономиясы: Білімді игеруге бағытталған 6 қадам»тақырыбында өтілген семинар әдеттегідей мұғалімдердің шаршауын басатын, психологиялық жақсы көңіл күйге бөлейтін сергіту сәтінен бастадым.

Сергіту сәті. «Қойылым» СЕРГІТУ СӘТІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ортада мұғалімдердің топ-топқа бөлініп, олардың қолындағы кез-келген заттарды (қалам сап, дәптер,кілт т.б.с.) жинап алып, өздеріне таратылады. таратылған заттарды қолдана отырып, бір кішігірім қойылым қою керек болады. Әр топтың өзіндік қойылымнан, өздерін тамаша күйде сезінеді.





Таныстырылым: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап…

Абай.

Миға шабулы. Тапсырмалар:

Мұнда интербелсенді тақта арқылы видео қойылады. Ол видеода адам қалай тірі табиғатқа, өз әсерін тигізгендігі туралы көрсетіледі.


1.Берілген видео мен суреттерге қарап, оларға 6 қадам бойынша реттілікпен суреттерді талдап, түсіндіру керек.

2. Берілген сұрақтарды қарапайымнан күрделіге дейін орналастыр; (төменнен жоғары қарай)

Түсіндіре отырып, орындайды, кері байланыс береді. Берілген видео фильмінің оқиға желісін дұрыс орналастырып, тақырып атауын табу қажет.

Келесі таныстырылым; Таксономия түсінігі бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, Б. Блумның таным саласындағы білім беру мақсаттарының таксономиясы екендігін топтарға қосымша материалдар үлестіріп және оқиды, талқылайды.

Блум таксономиясы оқу әрекеттерінің қарапайымынан бастап ең күрделісіне дейін ойлау қабілетінің классификациялау әдістерін анықтайтынын танып біледі. Көрсетілім слайд.

Бенджамин Блум

Көрсетілім бойынша ой салу, Блумның тиімділігін талқылау. Топ өзара және жалпы талкыға сала отырып, өз ойларымен бөліседі. Оқыту мен оқу үдерісінде оқушы белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың негізінде Блум таксономиясының жеке тұлғаға біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады. Атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, блум таксономиясы- оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
701
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі