Материалдар / Тау тобылғысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тау тобылғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушысына арналған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Тамыз 2023
585
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қосағаш ауылы

«Қосағаш орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» КММ-нде



















Ғылыми жобаның тақырыбы: «Тау тобылғысының емдік қасиеті, қорғауды қажет етеді»



Секция: Биология











Ғылыми жетекшісі: Асхатқызы Айым

Қосағаш орта мектебінің педогог-дефектологі

Орындаушы: 4 сынып оқушысы Асхат Аяулым




Алматы облысы Кербұлақ ауданы «Қосағаш орта мектебі МДШО» КММ 4-сынып оқушысы Асхат Аяулымның «Тау тобылғысының емдік қасиеті, қорғауды қажет етеді» атты ғылыми жобасына


ПІКІР


«Тау тобылғысының емдік қасиеті, қорғауды қажет етеді» тақырыбындағы 4-сынып оқушысы Асхат Аяулым Аңсағанқызының ғылыми жобасы. Тобылғы шөптесін өсімдіктің табиғи ерекшеліктері мен тіршілікке сәйкес ерекше қалыптасқандығын ашып көрсеткен. Ол өзінің осы жобасын әкесімен      және күнделікті қолданып  жүрген әжесінен көріп   тобылғыға деген қызығушылығы артып, тобылғы  өсімдігінің қандай өсімдікке жататындығы, оның басқа өсімдікке қарағанда көп пайдаға асыруға болатындығы,  сонымен қатар қандай  емдік қасиетке ие екендігін білгісі келген. Осыдан бастап, Аяулым ауылындағы таулы жерлеге барып, тобылғының түр сипатымен, мекен ортасы туралы таныса бастаған. Тобылғының көбею жолдары мен түрлері, оның қоғамға деген пайдасы, халықтық медицинада емге қолданылуы туралы ауылдың үлкендерінен сұрастыра отырып кең көлемде ақпарат жинаған. Тобылғының су тасқыннан және қар, топырақ, құм тасқындарынан қорғап тұратындығы және оның бір ерекшелігі раушан гүлділер тұқымдасына жататындығын, оның адамға деген және қоғамға деген пайдасын бар екендігіне көзін  анық жеткізіп, әрбір ерекшелігіне тоқталып, осы жобасына сүйенуді жөн санады.

Жобада тобылғының тіршілік ортасы, өзге өсімдікке қарағанда ерекшелігі, оның басқа өсімдікке қарағанда пайдасының мол екендігі туралы айтылған. Зерттеушінің пікірі толымды, ойы ұшқыр. Бұл жұмыстың келешектеде пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз керек.



 

Ғылыми жоба жетекшісі: Асхатқызы А.












Андатпа





Тақырыбы: «Тобылғы»

Мақсаты: Шөптесін өсімдік  тобылғының биологиялық сипаты туралы мағлұмат бере отырып,олардың түрлерімен және ерекшеліктерін  жан-жақты достарына  ашып көрсету.

 

Тема: Товалга

Цель: Дать биологическую характеристику товалги,раскрыть

особенности и познакомить своих сверстников видами этого

растения

 

Abstract

Subject: Tovalga

Purpose: Give билолгическую feature tovalgi,reveal to particularities and introduce their own peer a type this plants

 

 






























 

 

Мазмұны

 

І.Кіріспе..................................................................................................................3

Зерттеу жұмысының өзектілігі..............................................................................4

ІІ. Негізгі бөлім..................................................................................................5-7

1.Тобылғының түрлер

2.Тобылғы өсімдігінің тіршілік ету ортасы және көбею жолдары

3.Тобылғыны раушан гүлді тұқымдасына жатуы

1.1 Тобылғының қоғамға пайдасы

1.2 Тобылғының халықтық медицинасында емдік қасиеттері

ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................8

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер...............................................................................9

 

 

 






































Кіріспе

 

Тобылғының өзіндік орны ерекше деп айтқым келіп отыр. Себебі мен оны көзбен көріп, танып білдім деп айтуға болады. Апам тобылғыны күнделікті күбіні ыстағанда қолданып, оның ысының иісінің бір ерекше екендігі ондағы қымыздың дәмінің өзі бір бөлек болып тұратындығын. Тағы да бір дәлел айтатын болсам бірде сіңлімнің қолына теміретке шығып тобылғыны тұтатып одан шыққан майын сол жараға жаққан болатын. Біраз күндер өткеннен кейін сол тобылғының майынан айыққаны дәлел болды. Міне мен осыдан тобылғыға деген сенімім арта түсті де мен осы тобылғы туралы ақпараттарды интернет желісінен,кітаптардан,газет-журналдардан және өзім әкеммен бірге тобылғы өсетін жерлерге барып қарап танып біліп, ынтам арта түсті. Мекен ететін ауылымда тобылғының қызыл түрі бар. Ол қызыл кітапқа енген екен. Сирек кездесетін бұл раушангүлділер тұқымын ауыл адамдары көбінесе сыпыртқы жасау үшін қолданады. Бұл бір шетінен тазалық жұмысына құрал ретінде де пайдалы екенін айта кеткім келеді. Ал, бірақ көпшілігі бұл ағашты емдік жағынан тани бермейді. Сыртқы келбеті қысқа аласа бойлы тобылғыда кішірек өткір тікендері бар. Бұл кейбір мекендерде мүлдем өспейді. Сондықтан сирек тұқымды. Сонымен қатар таудың бір жақ қырын ғана жағалай өседі. Бұл климаттың әсеріне және күн көзінің түсуіне байланысты. Ылғалды, қара құнық топырақты жақсы көреді. Көктем, жаз айында кішірек жапырақтарымен жайқалып, таудан ерекше көрініп,бірден көзге шалығады. Құмды шөлейттеде өсетін түрлері бар. Бірақ менің ауылым таулы аймақта орналасқан, менің зерттеу жүргізген тобылғым , таулы жерде бұтақ жайған раушангүлді тобылғы. Тобылғы (Spіraea) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар.Биіктігі 15 – 200 см. Сабағы түзу. Жапырағы  қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қс жынысты, аталығының саны 10, аналығы – 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Балды өсімдік, жақсы мал азығы. Тобылғы жапырағын малға беріп, төрт түлікті де біраз дерттен айықтыруға болады екен. Атап айтқанда, малдың бүйрек, қуық, ауруларын, асқазан мен ішек түйілуін және денесіндегі түрлі ісіктерді емдей алатын қасиеті бар.  Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбаны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып, 3 сағат қоя тұрады. Содан кейін сүзіп алып, стаканның 1/3 (үштен бір) бөлігін күніне 2-3 рет ішіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ, ауырған жерді басумен қатар, қабынуға қарсы әсер етеді. Әсіресе, тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе, қан қысымы қалпына келеді. Қан қысымына қаншалықты мөлшерде ішу керектігін дәрігерден сұрағаныңыз артық болмайды, өйткені тобылғы тұнбасы әр адамға әрқалай әсер етеді. Тобылғының тұнбасымен іріңдеп тұрған жараны жуып, тазалағыш ретінде де қолданған көрінеді. Бұл тәсіл медицинада әлі де болса қолданылып келеді. Сондай-ақ, тобылғының шайын жүрек ауырғанда, бас ауырып, жүйке жүйелері шаршаған кезде де қолданып отырған. Өзіміз бала күнімізде жиі кездестірдік. Теміреткі шыққанда тобылғыны майын жағып емдейтін. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады. Қазақстан бойынша 80-100 түрі белгілі. Ал тауда өсетін түрінен 10 түрі ғана бар. 

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Тобылғының түрлері және тобылғы өсімдігінің  тіршілік ету ортасы мен көбею жолдары туралы жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.

Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы өсімдіктер әлемі, интернет желісі арқылы тобылғының сипатын айқындалатыны белгілі болды. Мекенімізде толассыз өсіп тұрған, сирек өсімдіктің жоғалып кетпейін қадағалау.


Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Тобылғы өсімдігімен, оның ерекше қоғамға деген пайдасымен таныстыру. Емдік қасиеттерін насихаттау. Тобылғының жоғырланған жерлерін қоршап, оны қорғауға алу.


Ғылыми жобаның міндеттері:

1.Тобылғы өсімдігінің қоғамға деген пайдасының ерекше екендігін дәлелдейтін әр түрлі  ақын-жазушылардың шығармаларын жинастыру.

2.Тобылғы өсімдігінің түрлерін жинастыру.

Жинаған ақпаратты талдау.

4.Тобылғы өсімдігінің емдік қасиетке ие екендігін дәлелдеу.

Өзіндік пікір,тұжырым жасау.


Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

-жинақтау,топтау;

-Салыстыру;

-Өзіндік ой топшылау

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде тобылғының да ерекше қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздім.Тобылғы өсімдігінің зерттелмеген тұстарын тауып, достарыма  да керекті ақпарат беру болды.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып  негізінде жинақталған материалдар жаратылыстану мен биология пәндерінде қосымша қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.










Негізгі бөлім:

Тобылғы өсімдігінің түрлері

             Тобылғы (Spіraea) – раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта.Қазақстандағы далалы,таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар. Ол 1,5 метр биіктікке дейін жететін өсімдік. Тобылғының ұсақ бұтасы бір - бірімен шатыса өседі және қабығының қызғылт түсімен ерекшеленеді. Жапырақтары майда, ұшы дөңгеленген, яғни пішіні шайқурайға ұқсайды. Сол себепті оны көп адамдар «шайқурай тобылғы» деп те атап кеткен.

Тобылғы өсімдігінің тіршілік ету ортасы және көбею жолдары

Таулы-жоталы аймақтардың біразынан тобылғы түрлерін кездестіруге болады. Осынау өсімдік кішкентай өзендер мен бұлақтардың жағасында да, сондай-ақ батпақты жерлерде де өседі. Сабағы түзу. Жапырағы  қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қос жынысты, аталығының саны 10, аналығы – 5, ақтүсті,  хошиісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүл шоғырына  топталған.  

Ал, кейде шілік құсап өседі. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, әрі гүл шоғырындағы қысқа гүл табанына орналасқан. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, жәндіктердің және бунақденелілердің көмегімен тозаңданады. Жемісі маусым-шілде айларында пісіп жетіледі. Сабы жуан, сабағы жіңішке.

              Тобылғының қоғамға пайдасы

Әрбір өсімдіктің табиғатта алатын өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарып тұр десек қателеспеген болар едік. Өсімдіктердің барлығы да адамзаттың пайдасы үшін өседі. Мәселен, бірі адамға жеміс берсе, екіншісі ауаны тазартады. Құм тасқынынан және су тасқынынан қорғап тұратын өсімдіктер де бар. Сондай-ақ, қажеттілігі мол тобылғыны ертеден келе жатқан әжелеріміз күбіні ыстау үшін де қолданған.

Ол үшін тобылғының жуан жағын ұсақтап сындырып,оны тұтатып оның ысына күбіні майлап алып ыстаған,енді бір пайдасы ауыл ағалары тобылғының жуан және түзу өскен бұтағынан қамшының сабын жасаған. Балды тобылғы өсімдігі, жақсы мал азығы да болған.Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланған.

Тобылғының халықтық медицинасында емдік қасиеттері.

Халықтық медицинада тобылғының қабығы мен жапырағын және гүлдерін аяқ-қол ауруына, тері және басқа ауру түрлеріне пайдаланады.

Сонымен қатар, тобылғының бұтағын тіл-көзден сақтасын деген ырым мен үйге де іліп қояды.Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбаны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып, 3 сағат қоя тұрады. Содан кейін сүзіп алып, стаканның 1/3 (үштенбір) бөлігін күніне 2-3 реті шіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ ауырған жерді басумен қатар, қабынуға қарсы әсеретеді. Әсіресе, тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе, қан қысымы қалпына келеді. Қан қысымына қаншалықты мөлшерде ішу керектігін дәрігерден сұрағаныңыз артық болмайды, өйткені тобылғы тұнбасы әр адамға әр қалай әсер етеді.Тобылғының майы да біраз ауруға пайдалы. Мәселен, ісіп кеткен буынға, сырқырап ауыратын жерлерге оны жақса, ауруды тез жазады. Тобылғы жапырағын малға беріп, төрт түлікті


де біраз дерттен айықтыруға болады екен. Атап айтқанда, малдың бүйрек, қуық, ауруларын, асқазан мен ішек түйілуін және денесіндегі түрлі ісіктерді емдей алатын қасиеті  бар.
Тобылғыны аталарымыз өте көптеген ауруларды емедеу үшін пайдаланған. Оның тұнбасы мен ірің деп тұрған жараны жуып, тазалағыш ретінде де пайдаланған. Бұл тәсіл медицинада әлі де болса қолданылып келеді. Сондай-ақ, тобылғының шайын жүрек ауырғанда, бас ауырып, жүйке жүйелері шаршаған кезде де қолданып отырған. 

Жалпы, бұл өсімдік жер шарында кең тарағандардың бірі. Таулы-жоталы аймақтардың біразынан тобылғы түрлерін кездестіруге болады. Осынау өсімдік кішкентай өзендер мен бұлақтардың жағасында да, сондай-ақ батпақты жерлерде де өседі. Ал, оның осындай емдік қасиеттері бар екенін көп адамдар біле бермеген. Қазақ халқы қандай да бір ауру болмасын оның емін көп жағдайда өсімдіктерден іздеген халық. Сол үшін де тобылғыны 40 аурудың шипасы деп атап кеткен.

Тобылғы шілде айынан бастап тамыз айының бастапқы кезіне дейін гүлдеп тұрады. Оны табу аса қиын емес. Білетіндер тобылғыны аңқыған иісінен-ақ тауып алып жатады. Дәрілік өсімдікті жинап алғаннан кейін адамдар оны белінен буып, құшақ-құшақ етіп сақтап қоятын болған. Оны сақтау тәсілі де аса қиын емес. Ауа өткізбейтін ыдысқа салып, аузын жақсылап тығындап қойса болғаны. Кептірілген шөп 2-3 жылға дейін сақталынады және осы уақыт ішінде емдік қасиетін жоғалтпайды. Ал, білетіндер тобылғының ең жақсы көмектесетін кезін кепкеннен кейінгі бір жыл уақытты атап көрсетеді. Осы уақытта ол өзінің нағыз бабында болады екен.


Қорытынды

             Қорыта айтатын болсақ, бұл жобаны жазу барысында маған тобылғының қоғамға деген пайдасы әсер етті. Сол себептен мен ғылыми жұмысымды бастаған едім. Ғылыми жұмысымда тобылғының түрлері, тіршілігі, оның қоғамға деген пайдасы және емге деген қасиетке ие екендігі жайлы жаздым.Менің тақырыбыма арқау болған осы күнделікті тұрмыста қолдану болып табылды.

Біздің өміріміз табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан да біз, табиғаттың берген сыйын дұрыс қабылдап, қолдана білсек және оны жоғалтып алмасақ оның бізге берер пайдасы орасан зор. Ендеше, осы  тобылғыны болашақ  ұрпақ  табиғат ананың сыйын қорғап, қастерлей білейік дегім келеді. Осы мақсатта бүгінгі тобылғы өсімдігінің зерттеп,өзімше біршама жаңалық аштым деп ойлаймын.

Болашақта осы тобылғыны одан әрі зерттеп,басқа қырларын танып білгім келеді. Сол мақсатта алдағы уақытта зерттеу жұмыстарымды дамытамын және келешекте достарымен бірлесе одан әрі зерттеймін деген ойдамын.









Қолданылған әдебиеттер

 

Қазақстан табиғаты: Энциклопедиясы / Бас ред. Б.Ө.Жақып

Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З.-304 бет

Мектеп энциклопедиясы («Қазақстан өсімдіктері» сериясы. Алматы Атамұра, 2010-352 бет)

 

 

 

 

 

 






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!