Материалдар / Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс№13.«Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». §40. Есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі.

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс№13.«Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». §40. Есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2024
31
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ББҰА

38 мектеп лицей3

Бөлім:

«Координация және реттелу»

Педагогтің аты-жөні:

Жасқайратова Арайлым Жасқайратқызы

Күні:


Сыныбы: 8А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі.

Зертханалық жұмыс№13.«Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе, дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі». §40. Есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру.

Сабақтың мақсаты:

Көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіреді;

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

2 мин


Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.

quizizz тест арқылы

Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мотивациялық сөздер


Жетістік

Ұмтылыс

Талпыныс

Мейірімділік

Кең пейілділік

Қуаныш

Бақыт

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу

3 мин

«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.




К өз қарайды ми көреді деген сөздің мағынасы қандай?



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.



1. Көру рецепторлары көздің қай қабатында орналасқан?

2.Көру рецепторлары қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

3. Құлақтың қай бөлімінде есту рецепторлары орналасқан?

4.Есту рецепторлары қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


п резентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану



20 мин

Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Тапсырма:

Суретке назар салыңыз:

1.Көздің торлы қабығының құрылысын сипаттаңдар. Таяқшалар не үшін керек, ал құтышалар ше?

2. Есту рецепторларында қозу неге байланысты жүреді және олар қайда орналасқан?

3. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын атаңдар.

4. Есту рецепторлары және вестибула аппараттың арасындағы байланысты сипаттаңдар. Олар механорецепторлар екеніне дәлел келтіріңдер.



Бағалау критерийі:


-тақша мен құтышыларды зерделейді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-көздің торлы қабығының құрлысын сипаттайды – 1 балл;

-есту рецепторларында қозу неге байланысты екенін анықтайды – 1 балл;

-сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын жазады – 1 балл;

-есту рецепторы және вестибула аппаратының арасындағы байланысты атайды және мысал келтіреді – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны талдау




Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.


«Сұрақтар мен тапсырмалар» әдісі


1.Есту анализаторлары арқылы дыбыс,механикалық, электрлік (жүйке импульсі) толқындарының өту сатылары қандай?. Мұның есту мүшесі арқылы өту айырмашылығы неде?

2.Есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік (жүйке импульсі) толқындарының өтуін сызба түрінде бейнелеңдер?

3. Фоторецепторларды критерийлері бойынша жүйелейді: пигмент типі, торлы қабықтағы орны, жарықты қабылдау, түстерді қабылдау сапасы мен ерекшелігі. Неде? Оларды салыстыру және кестеге түсіру?

Бағалау критерийі:


-есту анализаторларының сатыларын атайды;

-есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік толқынның өтуін бейнелейді;

-фоторецепторларды критерийлері бойынша жүйелейді;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- есту анализаторларының сатыларын сипаттайды – 1 балл;

-есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік толқынның өтуін сызба түрінде бейнелейді – 1 балл;

-фоторецепторларды критерийлері бойынша салыстырады және кестеге түсіреді – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

10 мин

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


13 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Соқыр дақты анықтау. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау

Жұмыс мақсаты: торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: соқыр дақты анықтауға арналған суреттер, түрлі түсті бояулар: қызғылт, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және т.б., қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц (С2048) болатын екі камертон.

Жұмыс барысы

1. Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып тұрып, қолдарыңа картина алыңдар. Қолсозым арақашықтықтан оң жақ көзіңмен қара түсті дөңгелекке қараңдар.

2. Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып, екі геометриялық пішінді бір мезгілде көруге бола ма? Соны анықтаңдар.

3. Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді? Бұл арақашықтықтың шамамен 15–25 см болуы мүмкін бе?

4. Оң жақ көзіңді жауып тұрып, сол көзіңмен де осы тәжірибені қайталап көріңдер. Бір бейненің жоғалып кететін арақашықтығы сәйкес келе ме?

5. Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын нақты білім саласы бола ма?

6. Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен толтырыңдар.

Қылқаламмен, бояудың мөлшері бірдей болатындай

етіп, сынауыққа азғана бояу салыңдар.

7. Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды араластырыңдар: жасыл/көк (көкшіл); сары/қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары/жасыл.

Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне дейін құйыңдар.

8. Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар. Нәтижесін сипаттап жазыңдар.

9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге (С2048) бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет (оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).

10. Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады. Камертонның екі браншы да, сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.

*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын камертонды алыстатып, қайтадан құлаққа жақындату қажет.

11. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.

12. Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді өсіндіге (бас сүйекке, құлақтың астына) тақап қояды.

13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.

14. Қорытынды жаса. Кестені дәптерге сызып алып толтыр.


Зерттелуші дыбысты еститін уақыт, секундпен

Ауа өткізгіштігі

Сүйек өткізгіштігі





Бағалау критерийі:


- Соқыр дақты анықтайды және түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін зерттейді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-соқыр дақты анықтайды – 1 балл;

-зертханалық жұмыс барысын орындайды – 1 балл;

-қорытындысын жазады – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

5 мин

«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».




Тексерілді:_______________________________

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!