Материалдар / Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақшаның атқаратын қызметтері: 1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін. 2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады. 3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады. 4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2023
436
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі

Учреждение «Восточный техническо-гуманитарный колледж»

(Білім беру ұйымының атау/ наименование организации образования)






Келісілді: "Бекітемін"

" ЦӘК төрағасы " Директордың оқу-ісі

Машина жасау пәндері және жөніндегі орынбасары

ақпараттық технологиялар" _______Сыроватченко Л.М.

________Такежанова Ж. К. "____" ________ 2023 ж.

"_____" _______2023ж.





АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері

Оқу тобы: 23 ОД-2

Оқытушы: Кизатова М.А.





"
















Өскемен қаласы,2023жыл

Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі

Учреждение «Восточный техническо-гуманитарный колледж»

(Білім беру ұйымының атау/ наименование организации образования)


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ПОУРОЧНЫЙ ПЛАН ПЕДАГОГА








Сабақтың тақырыбы

Тема урока Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері


Модуль/пән атауы

Наименование модуля /дисциплины ____Экономика негіздері


Дайындаған педагог

Подготовил педагог _____Кизатова МА____

"___"______________2023ж


1. Жалпы мәліметтер:

1. Общие сведения:

Курсы, Топ /Курс, группа _23 ОД-2

Сабақ типі / Тип занятия ______аралас_______



2. Оқыту нәтижелері / Цели, задачи

Білімділік: Білім алушыларға тауардың, ақшаның мәні, шығу тарихы, ақша қатынастар жүйесі, ақшаның түрлері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.

ДамытушылықОқыту кезінде студенттердің танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, ғылыми тілде сөйлеу дағдысын, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын т.б. танымдық қабілеттерін, жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым - қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын, тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен шешім кабылдауға тәрбиелеу,өзіндік пікірін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру,оқуға деген саналы - белсенді, жауапкершіліктік қатынасты қалыптастыру, беру.

Бағалау критерийлері/ Критерии оценивания:

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/ дағдылар/

Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия:

Сабақ барысында студенттер ой- пікірін еркін жеткізе біледі,талдау жасай алады,өзара байланыс жасап, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым - қатынас дағдылары қалыптасады


3. Сабақты жабдықтау /Оснащение занятия

3.1 Оқу әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер/

Учебно-методическое оснащение, справочная литература:

Сабақтың дәрісі,слайд,суреттер,оқулықтар

3.2 Техникалық құралдар, материалдар / Техническое оснащение, материалы:

Интерактивті тақта,плакаттар,карточкалар

4. Сабақ барысы / Ход занятия:

4.1.Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть

1. Білім алушылармен амандасу;

2. Білім алушыларды түгендеу;

3. Зейіндерін сабаққа аударып, оқу-құралдарын тексеру;


4.2. Үй тапсырмасын тексеру /Проверка домашнего задания

1. Нарықтық шаруашылық мәні, қызметтері

4.3. Ой шоғырландыру /Методы актуализации знаний

Нені білдік:?

Нені білуіміз керек:?

1. Нарықтық шаруашылық мәні, қызметтері.

2. Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері

4.4. Сабақтың негізгі мазмұны / Сообщение новых знаний

Сабақтын тақырыбы: Тауар және ақша, оның қасиеттері мен қызметтері

1.  Тауар және оның қасиеттері мен қызметтері

2.  Ақшаның мәні, пайда болу тарихы, түрлері, қызметтері

1 Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы әлі ортақ шешім жоқ. Ұзақ жылдар бойы ақша символының қызметін сол кездерде тапшы және құнды болып табылатын тауарлар – мал, аң терісі, шай, темекі, балық, күріш және т.б. атқарды.

Аймақаралық және халықаралық байланыстардың біртіндеп кеңеюіне байланысты адам баласы ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы металлдарды қолдана бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және сақтауға қолайлы болып табылады. Алтын мен күміс монеталардың параллельді түрде айналыста жүруі биметализм, ал жалғыз металлдың айналыста болуы монометализм деп аталады.

Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда болуын қажет етті. Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы ақшаның да дамуына алып келді. Бастапқыда банкнота шығарушы банктер банкноталарды алтынға айырбастау міндеттемесін өз мойындарына алған.

Ақшаның атқаратын қызметтері: 1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін. 2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады. 3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады. 4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.

4.5. Мәліметтерді бекіту / Закрепление материала

1.  Тауар және оның қасиеттері мен қызметтері

2.  Ақшаның мәні, пайда болу тарихы, түрлері, қызметтері

5 Бағалау әдістері / Методы оценивания

1. Мәліметтер жинағы

2. «Конверттен шыққан басқатырғылар»

6. Рефлексия / Рефлексия по занятию

Фразаны аяқта

Бүгінгі сабақта менің білгенім ....

Маған қызықты болғаны .....

Мен мынаны түсіндім .....

7. Үй жұмысы / Домашнее задание

Реферат жазу:Ақшаның түрлері


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!