Материалдар / «Тәуелсіз елдің ұландары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіз елдің ұландары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіз елдің ұландары»

толуына орай өткізілген мерекелік шараның сценарийі.

Н.Тілендиев.«Ата толғауы» күйі баяу ойнап тұр.


Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын құрметпен еске алу, еліміздің Тәуелсіздік алып келген жетістіктерін көрсету.


Жүргізуші: Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті

Елі үшін жорық жасап жан кешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.


Елге айналып қазақ хандық құрғалы

Өтті өмірден небір қазақ тұлғалы

Махамбет те, Исатай да, Шернияз

Тәуелсіздік ұлы жолдың құрбаны.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Туы желбіреген «тәуелсіздік» мерекесі құтты болсын! Бүгінгі күннің басты мақсаты «елім» деп соққан әр қазақ азаматының жүрегінде «тәуелсіздік» деген ұлы сөздің жарықшағын ояту.

Тербетіп тұрса болды жер бесігін

Дәулеттің тілемеймін көл-көсірін.

Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа

Қашанда құтты болғай енді осы күн!

Тәуелсіз байтақ ел Қазақстанның жастары егемендікті шаттық биімен алдарыңызға тарту етеді.

Би: «Қара жорға».


Жүргізуші: Жауыздықтың қыры да, сыры да көп. Оның бір айғағы 1986 жылдың желтоқсанында Алматыдағы алаңға ақ пейілмен шығып, партия мен үкімет басшыларынан саяси сауаттылықты, адамгершілікті талап еткен студент, жұмысшы жастарымыздың қарақшылықпен жазалануы, қорлануы.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

(Музыка дыбысы анық естіліп барып жабылады).


Монолог «Желтоқсан жаңғырығы»


Жүргізуші: Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,

«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын,

Жетер сан жыл шеккені малдай азап!


Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.

Бойтұмар ғып ар-ождан, қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Біз қазақпыз қастерлер баба салтын

Аман бол, айналайын, дана халқым!

Күн туса атқа қонам бір сен үшін

Міне жаным, міне қаным, міне антым!- деп

ел басына күн туғанда атқа қонған ерлеріміз аз емес. Соның бірі Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Хасен, Ербол, т.б. желтоқсанда жарқырап мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы тиіс.


Дүниені дүр сілкіндіріп, Тәуелсіздік туын көкке көтерген әйгілі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан көрініс.


Көрініс: «Желтоқсан жаңғырығы».

Алаң. Төрде Желтоқсан құрбандарына қойылған ескерткіш тақта.

Ескерткішке гүл қойып отырған ана бейнесі.

Кенет иттің үргені, қыздардың шулы дауыстары естіледі, абдыраған ана жан-жағына қарайды.


Қайраттың рухы: Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр!

Ана: Ойпырым-ай, бұрқанған тасқын секілді бұл үн кімдікі еді? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзі?

Ия, сол?! Сол дауыс қой мынау, Қайратымның дауысы ғой! Таныдым. Қайратымның үні ғой бұл. Ия, дәл сол!

( Музыка анық естіліп барып жабылады).


Жүргізуші: (сырттан оқылады) Таңертең сағат 10-да республиканың басшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан түсіріліп, орнына ешкімнің пікірінсіз Г. Колбин тағайындалған еді……


Бір топ жастар: Естідіңдер ме? Бұл не деген масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?!


(Сахна алдына бір топ жастар шыға бастайды).


Ербол: Демократияны бұғаудан босатыңдар! Әр халыққа өзінің көсемі керек!…


Сәбира: Қазақтың ешқандай беделі қалмағаны… Тіліміз, дініміз құрып барады?!


Хасен: Ескерусіз дін жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап…..

Санаспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен!

Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр

Колбин деген кім екен, қайдан келген

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?!


(Осы сәтте милиция мен солдаттар шығады).


Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!


(Алаңда ешкім қозғалмайды, осы сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай-шу……..)



Сахна сыртында:Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Темір құрсау біздерді бүргені шын

Мұң шағады қапаста кімге құсың

Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін.


(Түрме ішінің көрінісі)

(Бұрышта Қайрат отыр, солдаттар екі қызды шашынан сүйреп әкеліп,тепкілей бастайды).

Мұны көріп, Қайрат орнынан атып тұрады, аяқ-қолы кісендеулі.

  • Тимеңдер, тимеңдер оларға!

(Солдаттар оны да соққыға жығады).


Сот залы.

Прокурор:Алаңға не мақсатпен бардың?

Қайрат: Алаңда қыздарды ұрып-соғып жатыр деген соң, оларды арашалап, қорғау үшін бардым. Сол жерде қаракөз қарындастарыма көмектестім. Ол үшін өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын.


Сот: Сен 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың ба?

Қайрат: Ондай жалғандықты мойындамаймын.

Сот: ҚазСССР Жоғарғы соты үкім етеді: Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртегені үшін ату жазасына кесілсін!

Қайрат: Бұл әділдік емес! Мені қылмыс жасады деп, жала жауып, көзімді жойғанымен ертең ақ-қараны ажыратар күн туар! Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта!

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

Солдаттар Қайратты сүйреп әкетіп бара жатқанда, алдынан анасы шығады.

Анасы: Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін!


Ананы итеріп құлатып, солдаттар Қайратты алып шығып кетеді.

Ана зары: Уақыттың әділетсіз соққысынан құладың,

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталды ұланым.

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,

Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!

Айналайын, айналайын, жас Қайратым, қыраным?!


Ән: «Желтоқсан желі».

Жүргізуші:Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ та деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!


Жүргізуші:Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты, жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!


Хор: «Атамекен».

Жүргізуші: Ия, 1986 жылғы желтоқсан «ызғарлы желтоқсан» деген атпен тарихта мәңгі қалады.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!