Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тәуелсіз елдің ұлы-өжет,қызы-қайратты, халқы-қаһарман"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның
тарих пәнінің мұғалімі Байсеркеева Г.Т.
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұлы- өжет,қызы қайратты,халқы қаһарман.
Мақсаты:
Тәуелсіздік азаттықтың алтын діңгегі,ұлттық өрлеудің ұлы күші екенін
ұғындыру;
Ұлы-өжет,қызы-қайратты,халқы-қаһарман елдің азаматы болуға мақстанып,
ағалар жолын жалғастыруды мақсат етуге жетелеу;
Отанын сүюге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Желтоқсан-25» сериясымен берілген материалдар,Тәуелсіздік шежіресі,
бүктемелер,суреттер,интерактивті тақта,шарлар т.б.
Барысы: Ұйымдастыру. Хор: ҚР Мемлекеттік Гимні
«Тәуелсіздік-азаттықтың алтын діңгегі,ұлттық өрлеудің ұлы күші».
Ә.Нұршайықов.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Түгенделдім,
Алақай түгенделдім.
Азаттықтың келбетін түгел көрдім.
Енді менің келмейді бұғауланғым,
Енді менің келмейді жүгенделгім.
(Жәркен Бөдешұлы)
Егер өткен тарихтан сыр ақтарар болсақ,бұл даланың тауы күрсініп,талдары шулап,қайғы-мұңнан қара тастың өзі де қақ-қақ айрылар еді-ау.Бұл дала нені көрмеді десеңші, не көрмеген бұл қазақ..
Қазақ елдіктің тәтті дәмін де,бөгдеге басы байлаулы болудың қайғы-қасіретін де бір кісідей-ақ тартты.Елдігімізді сақтау жолында қаншама қан төгілді,қаншама арғымақ ұрыс даласынан шылбырын сүйретіп бос қайтты.Сонау ХҮ ғ. ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ мемлекеттілігін жаңғыртты.Бірақ жаулар еңсе көтеруге дес бермеді.Әуелі Шайбани әулеті,одан Мәуреннахр билеушілері,соңыра бір бүйірден Жоңғар шауып,батысынан дала өртіндей қаулап келе жатқан Орыс қысты.Халқын соңынан ерте білген Қасым,Хақназар,Абылай хандардың тұсында атам қазақ әрленді.Қазақтың соңғы ханы Кенесары да елінің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай-талмай күресті.
1-оқушы:
Ия,бірақ та жауымыз көп еді.Жау жағадан жармасқанда бас –басына би болып бөрі етектен алған тұстар да аз болмады.соның салдарынан әуелі патшалық Ресейге,одан қызыл Мәскеуге 300 жылдай бодан болдық. «Бас билігің жоқ болса,асқазанның тоқтығынан не пайда!».Бодандықтың дәмі тым ащы екенін сезіндік.Біз Ресей билігі тұсында қазақтың қарасы хат танып,даласына қала салынып,тарам-тарам жол,тарау-тарау өндірістер өмірге келгенін жоққа шығармаймыз.
2-оқушы:
Елдіктен айрылу қандай халге ұшырататынын зиялы қауым ерте сезінді.Тек соңғы екі ғасырдан аса жылдарда қазақ халқы бодандыққа қарсы 300-ден аса рет бас көтеріпті және оған қазақтың ханы да,қарасы да, баласы да қатысқан.
1986ж.Желтоқсан оқиғасы шын мәніндегі қазақтың ұлт тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі болды.Бұл көтеріліс саяси қаңқасы ғана қалған Кеңес империясының шаңырағы ортасына түсуіне елеулі үлес қосты.
Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ,қажырлы күреспен келді.Келген тәуелсіздікті қорғап қалу,оны өміршең ету бәрімізге сын.
1-оқушы:
-Енді кезекті «Күлтөбе» клубына берсек.Сөз кезегі Айжан ханым өзіңізде.
-Рахмет,бүгін «Күлтөбе» өз жұмысын 3 бөлім бойынша жүргізеді және « сырт көз» айдарымыз тағы бар.
Құрметті студия қонақтары,біз бүгін «Тәуелсіз елдің Ұлы-өжет,
Қызы-қайратты,
Халқы-қаһарман»
екенін дәлелдемекшіміз.
Бірінші кезекте «Жүйелі сөзге» айдарына тоқталсақ:
Зәуре:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп,уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Жазира:
Ел болдық,өріс алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Білімді жас ұрпақпен жалғасады.
Айжан:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс,сауапты.
Хормен: Әр отбасы,әрбір қазақ,әр адам ,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Ендігі кезекті «Ұрымтал сөз» айдарына берсек.
Айжан:
Ақ патшаның қитұрқы түлкібұлаң саясатынан құтылдық па дегенде,Кеңестің қарақұсы келіп 70 жыл аяқ-қолымызды серпуге мұрша бермей бүріп жіберді.Ия, өз жеріңде отырып жемісін жемесең,өз көліңде отырып суын ішпесең сонда біздің кім болғанымыз?
Осынау ашу-ыза тасқыны 1986ж.Желтоқсанда бірақ атылды.Елдің егемендігінің бастамасы,алғышарты болған Желтоқсан оқиғасы еді деген пікірге сіздер қалай қарайсыздар?
Салтанат:
Ия, бұл нағыз бұлқыныс еді.Жоғары жақтың өктемдігі мен зорлығы жастардың намысын оятты.Кемсітушілік намысты аяққа таптады.Қазақстан КП ОК 1-хатшысы Д.Қонаевты 18 мин. Пленумда қатардағы хатшы Разумовский деген орнынан босатты.Міне,орталықтың менсінбеушілігі.Нәтижесінде жастар алаңға жиналып,өз пікірін айтпақшы болды.олар ешқандай қарусыз,конституциялық құқығын пайдаланып шықты.Бірақ,билік бой көрсетуді зеңбіректің атылған оғындай,әзірейілдің төбесінен төнген қылышындай сезініп естері кетті.Оларды халықтың мысы басты.
Көрініске бет бұрайық:
Автор: -Есі шыққан жаңа басшы мен оның жағымпаздары Желтоқсан оқиғасынан қатты састы.
Г.В.Колбин:-Мүмкін,Д.А.Қонаев жолдасты шақырып жастармен сөйлестірерміз.Ол кісі республика халқының тілін таба алады ғой.
- Бұл табылған ақыл екен.(жағымпаздар)
Г.В.Колбин:-Мирошхин, осы мәселемен сен айналыс,ал мен Мәскеумен сөйлесіп көрейін,не дер екен.
Автор:-Бұл хабарға Мәскеу де абдырап қалса керек,ақылдасайық бірер сағаттан соң хабарласамыз деді.
Д.А.Қонаев қабылдау бөлмесінде хабар жетісімен келіп 2 сағаттай күтіп отырды.
Мәскеуден М.С.Горбачев:-Біріншіден,
Геннадий Васильевич, Қонаев жолдасты жастардың алдына шығарайық деген пікіріңіз мүлде қате.Егер ол кісі жастарға әсер етіп бетін қайтарса,сенің абыройың айрандай төгілмей ме?Бізге белгілі,ол кісінің республика халқының алдында өте беделді.Неге ол 25 жыл сол орында отырды дейсің,беделінің күштілігінен.
Екіншіден,Сен ол тентектерді күшпен шаншып таста,екінші рет бас көтере алмайтын болсын.Ал жұмыстарыңа басшылық ететін адамдарды біз жібереміз.
Автор:Мирошхин 2 сағ. соң Д.А.Қонаевты біз мәселені өзіміз шешетін болдық деп қайтарды.
Айжан:
Шеруге қатысушылар бейбіт сипатта әрекет етті десе,енді біреулер мемлекеттік құрылысты жоюды үндеді,басқа халықтарға қарсы әрекет етті дейді,сіздің көзқарасыңыз қандай?
Лесбек:
-Мен айтар болсам, қозғалыс бейбіт сипатта басталды ғой.Үкімет жастардың пікірімен санаспақ тұрмақ оларға жала жауып,билікке төнген қауіп деп бағалады. «Маскүнем,нашақор,ұлтшыл қазақтар» деп алаңды күшпен қоршатты.КСРО Ішкі Істер министрі Власов Алматыға елдің түрлі аймақтарынан арнай әскер жеткізді.Шеруді күшпен тарату кезінде саперлік күрек,үйретілген иттер,сойылдар,суық су шашқан машиналар,БТР-н,бастан-аяқ қаруланған әскерге кеудесін тосқан жастар қарсы тұрды.
Шеруге шыққандарды ұстау кезіндеөкімет орындары заңдылықты өрескел бұзды.Ұрылған,соғылған,тепкі жеген қаракөз қазақтың қыз-жігіттерін тергеу изоляторына,қала сыртына көктайғақ мұзға лақтырып тастады.Олардың саны 8,5 мыңға жетті,99 адам сотталды.Комсомолдан,партиядан,жұмыстан шығарылғаны қаншама.Нәтижесінде өзге елдің жұртшылығы қазақ жастарын қорғап наразылық жедел хаттарын жібергенімен 1986ж. Желтоқсан «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп бағаланды».
Айжан:
Егемендік дегенің ерте көктем,
Қайрат соның алғашқы бәйшешегі,-
деп айтыс ақыны М.Тазабеков жырлағандай немесе оянбауға айналған елді ұйқыдан оятқан ерлердің бірі-Қайрат Рысқұлбеков еді деген пікірге сіздің көзқарасыңыз?
Жазира:
-Осы оқиға кезінде өзге студент жастармен бірге алаңға Қайрат та барған.Олар «Қазақстан жасасын!», «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшылар басқарсын!», «Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар көтерді.Қайрат ол кезде Алматыдағы архитектуралық-құрылыс институтының студенті болатын.Оған жасақшы Савицкийді өлтірді деген айып тағып, 1987ж. 1 қаңтарда осы Мойынқұм аулында нағашысының үйінде тұтқындап әкеткен,кейін ату жазасына кесті.
(Соттан көрініс)
Қайрат соттағы соңғы сөзі:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген халқым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар,
-деп қасқайып,қайсарлықпен қарсы тұрған.Қайрат өзінің адалдығына сенген.
Тіпті, «Московские новости» газеті 1987ж. 28 маусымдағы санында сот туралы жаза келіп, «сотта өзінің соңғы сөзін өлеңмен оқыған феномен» деп таңданған.
Түрмеде бірге отырған Құттыбек Аймаховтың айтуынша:
«Мүмкін емес ... өмірдің жеңбеуі -үйдей тастарды жарып шығатын нәп-нәзік тал шыбықтарды көріп пе едің? Бала кезімде таңқалатынмын,сенбейші едім,үлкен-үлкен тастарды жарып шығатын шөптерге,тал шыбықтарға- бұл дегеніміз өмір,өмір дегеніміз-шындық» деп ату жазасына кесілсе де ертеңгі күнге күдіксіз қараған.
Кейін үкім ауыстырылып, 20 жыл түрмеде отыруға кесілген Қайрат Рысқұлбеков 1988ж. Семей түрмесінің 21 камерасында 21 мамырда 21 жасында «жұмбақ»жағдайда қайтыс болды.
Нұрдос:
Кешір ана,ақтығымды білемін,
Қаныпезер емес нәзік жүрегім.
Адам түгіл, торғай екеш торғайдың
Тіршілігін қорғасам деп жүр едім.
Кешір ана,аппақ еді тілегің,
Қыршынынан қиылды бір тірегің.
Есімімді ескерусіз қалдырмас
Аман болсын,ардақты анам, ұлы елім!-
деп А.Асылбеков ағамыз жырлағандай 1991ж. 12 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтау туралы Жарлығы шықты.Бірақ,әттең кеш шықты.Неге десеңіз олардың адам алдында да,құдай алдында да ақ,таза екендігіне еш күман болған жоқ.Олар өз ұлтының жүрегінен әлдеқашан құрметті,сыйлы орын алған болатын,тек күткені-осы шындықтың ресми түрде күшіне енуі еді.
1996ж. Тәуелсіздіктің 5 жылдығы,Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығы кезінде Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Айжан:
Енді барлықтарыңызды Желтоқсан құрбандарын ,Отаншыл аға-апаларымызды құрмет тұтып,1 мин. үнсіздікпен еске алуға шақырамын.
Құралай:
Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастардың қаны төгілген алаң.Мұнда сәулетші Шот-Аман Уалихановтың басшылығымен мүсіншілер Тәуелсіздік монументін орнатқан.
Сәл аялдап,тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер,қалқам,асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп,тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт,не сор іздеп табады,
... Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім бүркей алмас.Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы,қайсар рух алаңы.
( М.Шаханов).
Айжан:
Торғай жаңбыр жауса балапанын қорғайды,бұршақ жауса өз басын қорғайды дегендей көпке дейін Желтоқсан оқиғасы туралы айту қиын болды.Енді сол оқиғаға қатысқан аға-әкпелерімізге сөз берсек......
Айжан:
Бітімі бөлек баланың,
Белгісі тұрар көрініп,
Етегі жастан көл болып,
Жылайды анаң егіліп,
Қайдан келді өлімің,
Қай жерде қалдың көміліп
Жиырма бір моншағың
Қай жерде қалды төгіліп,
-деп айтыс ақыны Ақмарал Леубаева жырласа,
Тудырған Бауыржандай батыр елі,
Қайратты тудырғаны заңды еді.
Тұлғаңа жан екенсің табынардай
Қанша жыл өтсе дағы сағынардай,-
деп Маржан Есжанова еске алады.
Қайратты жерлеген жер құпия сақталған,3 жылдан соң анықталғанда ата-анасына сүйегін елге әкетуге рұқсат бермеген.Жақында жерлестеріміз Семей жеріне,Қайраттың басына барып қайтты,енді сөз кезегін сол кісілерге берсек......(сол жерден түсірілген қойылым көрсетілді).
Айжан:
Желтоқсан оқиғасы мн ақын М.Шахановтың арасында қандай жақындық бар,сіздің пікіріңіз?
Данияр:
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
Нашақор деп,маскүнем деп айыпталдың ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым,-
деп әйгілі Мұхтар ақын Желтоқсан қасіретіне қатты алаң болып,ақтауға бар күш-жігерін жұмсаған Ағамыз Желтоқсан оқиғасының ақ-қарасын зерттеген комиссияның төрағасы болды.Талай қиындық көрсе де,КСРО Халық депутаттарының 1 сьезінде Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді сұраған.
Айжан:
Біраз шерімізді тарқаттық,енді «Кесімді сөз» бөліміне көшсек.Бір-бір ауыз түйінді пікір айтсақ және киіз үйдің уығы ретінде оны жазып қадасақ.
Салтанат:
Қазақстан деген еліміздің әлемдік деңгейде өркендеп өсуі үшін,әрбір азаматтың Отандық намысы болуы үшін күресейік.
Данияр:
Ар-намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан.
Зәуре:
Желтоқсан-ерлік пен қасірет күні.
Жазира:
Қайрат-Тәуелсіздіктің алғашқы бәйшешегі.
Нұрдос:
Желтоқсан-бостандық,азаттық үшін алысқан қазақтың қасиетті сезімі.
Құралай:
Желтоқсан-ел санасын оятқан ,тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы.
Лесбек:
Рухы мықты елдің келешегі жарқын.
Гүлзат:
Тәуелсіздік-ата-бабамыздың қаны сіңген топырақты,кең өлкемізді,қазақ жерін қорғау аманаты.
Дархан:
Тәуелсіздік-тәтті ұғым таңдайдағы.
Назерке:
Тәуелсіздік-азаттықтың алтын діңгегі,ұлттық өрлеудің ұлы күші.
Бота:
Тәуелсіз елдің ұлы-өжет,қызы-қайратты,халқы-қаһарман.
Хормен:
Нұрлы Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып,абыройы арта берсін!
Айжан:
О,замандас, соларға бір қараңыз
Әр кірпіші,әр тасы бір қора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп,өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.
(Ж.Молдағалиев).
«Сырт көз» сыншы дегендей қонақтың пікірін тыңдайық.....
Қорытынды:
Тәуелсіздіктің арқасында елімізге құт қонып,ырыс үйіріліп тұрғанда бақыт құсын үркітіп алмай жұмыла көтеріп, 2030-да ел тұтқасын ұстар барыс болу біздің міндетіміз. «Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,тәуелсіз елдің ұлтаны бол!» деген ұғымды мәңгі есте ұстайық.