Тәуелсіз елдің
ұстазы
Қызылорда облысы,Сырдария
ауданы,Ақжарма ауылы
№130 Абай атындағы орта
мектебі,
математика пәні
мұғалімі
Қайырбаев Қуаныш
Қайырбайұлы
Қазақстан Республикасының
білім беру заңында білім берумен қатар тәрбие берудің тығыз
байланыстылығына ерекше мән беріледі. Мектепте алдыңғы қатарлы
мұғалімдерде қолданбалы және практикалық бағытталған білім беруді
ұйымдастыру мүмкіншіліктері бар. Сондықтан да қазіргі оқу
жоспарларын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарын қарқынды дамыту
және олардың тәжірибесін арттыру керек.
Алдымен математиканы
қолданбалы бағытта оқытуда нені түсіну керек және оның практикалық
бағытының негізін анықтап алған жөн.
Біздің түсінуіміз бойынша,
математиканы қолданбалы бағытта оқыту бағыт – бағдар беру, кәсіптік
бағытта, математиканы техникада және ғылымдарда пайдалануды
оқытудың тәсілдері, күнделікті өмірде
қолдану.
Математиканы қолданбалы
бағытта оқыту оның политехникалық бағытын, физика, химия,
география, сызу, еңбек және электронды есептеуіш техникасын кең
ауқымда және компьютерлік білімді қамтамасыз етуді, математикалық
ойлауды қалыптастырады.
Қолданбалы бағыт тікелей
диалектикалық математикалық көзқарасты «математика» оқу
құралдарымен қалыптастыруды шығарады.
Математиканы оқытудағы
практикалық бағыттылық дегеніміз – мазмұнының және тапсырмалар мен
есептер шешу тәсілдерінің бағыттылығы және оқушылардың өз бетінше
математикалық білімдері мен ізденістерін
қалыптастыру.
Математиканы практикалық
бағытта оқыту мына педагогикалық сұрақтарға жауап
береді:
есептеуге, алгебралық
түрлендірулерге, өлшеулерге, графиктермен жұмыс жасауға және т.б.
қажетті негізгі математикалық ұғымдарды
түсіндіруге;
есепті шығару барысында
теориялық материалды оқу ( есептер шығаруда және тапсырмалардағы
тығыз байланыстар );
алдағы уақытта математиканы
жоғарғы деңгейде меңгеру;
оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуіне
дағдыландыру.
Қолданбалы және практикалық
бағытталған оқу үрдістері әдетте бірге қызмет атқарады. Мысалы,
сандардың, өлшемдердің және графиктердің түрленулері – мұндай
есептер практикалық бағытта шешілетін есептер. Қолданбалы және
практикалық бағыттың негіздері оқу жоспарында, оқулықтарда және
әдістемелік құралдарда берілуі тиіс. Ол білім беру мақсатында,
алған математикалық білімдердің деңгейін талап ету жүйесінде,
тапсырмалар мен есептердің мазмұнында берілуі керек. Бұл арнайы
уақытты талап етеді. Сондықтан да біздің мақсатымыз белсенді жұмыс
атқару.
Бұл үшін не істеу керек?
Алдымен мұғалімнің сабақ барысында қолданып жүрген оқу құралдары
мен оқу үрдісі, сонымен қатар әрбір сабақтың мақсаты оқытудың
қолданбалы және практикалық бағытына негізделуі керек. Оқыту
процесінде оқушыларда есептеу дағдыларын қалыптастыруда, теңдеулер
әдісін, координат әдістерімен, векторлық аппаратпен, математикалық
анализ элементтерімен, аналитикалық және графиктік әдістерді
алгебра және геометрияда қолдануда мұғалімнің математикалық
тұрғыдағы іс - әрекетінің әмбебаптығына көңіл аударып және нақты
мысалдармен көрсету керек.
Математика сабақтарында теория
мен есептердің арасындағы байланыстарды қамтып, оқушылардың керекті
және қолданбалы есептерді шеше білуге үйрету керек. Математиканы
оқыту процесінде оқушылар тақырыптың мазмұнының практикалық мәніне,
оның алдағы уақытта қолдануына маңызды екенін түсінулері
керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақтың ұлттық Әл-Фараби атындағы университетінің профессорлары
мен оқытушылары және студенттеріне арнап оқыған дәрісінде “Мектепке
дейінгі және бастауыш білім беру ісі-бастапқы интеллектуалдық
әлеумет пен жас қазақстандықтардың жақсы денсаулығын қалыптастыра
білу керек. Олар терең ақылмен,шексіз қызығушылығымен және өмірлік
күш-қуатымен ерекшеленуге тиіс.
Орта білім белсенді,білімді
және табыстарға бағдарланған тұлғаларды тәрбиелеуге жауап
береді.Оқушылар «ешқашан бастауды тоқтатпа,ешқашан тоқтауды
бастама”деген ақиқаттан адспаулары тиіс» деп атап
көрсетті.
Осы тұрғыда математика пәні
жан-жақты дамыған,білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда
жалпы білім беретін мектептер алдында тұрған жалпы міндеттерді
орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.
Бүгінгі күн талабына сай
тұлғаны қалыптастыруда математиканы оқыту бүкіл мектепке тән үш
жалпы мақсатты көздейді.
1.Білім
беру.
2.Тәрбиелеу.
3.Өмірлік-практикалық білім
дағды дамыту
Сондықтан мектептегі
математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері білім беру
процесіндегі оқытудың негізгі міндеті:
-оқушылардың білім жүйесін
және ойлау қабілетін кең түрде дамыту,математиканың қолданылуын
қамтамассыз ету.Математиканың мектеп курсындағы мәні оның көп
қырлығында,яғни негізгі обьктілері нақты өмірге
негізделгенде.
Ғылым мен техниканың
жетістіктерін өмірге пайдалана білу үшін де қазіргі компьютерлік
технологияны меңгеру үшін де,нарықтық экономикаға байланысты
қатыстарды игеру үшін де,қалыптасқан экологиялық жағдайларды
зерттеу үшін де математика ауадай қажет.Математиканың көмегімен
қоғамдағы және табиғаттағы өзгерістерді модельдеуге болады және сол
модельдер арқылы түрлі есептеулер
жүргізіледі.
Сөзімнің соңында айтарым,елімізде білімге
негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен
сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын
ұстаздардың әрбір саралы еңбектеріне сәттілік
тілеймін!