Материалдар / Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық жағдай және оның көшіп-қонудағы бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық жағдай және оның көшіп-қонудағы бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсәздік кезеңіндегі демографиялық ахуал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2023
288
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 325.11(574)


Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық жағдай және оның көшіп-қонудағы бағыттары


Жетекші: Аға оқытушы, тарих магистрі Альдибаева А.Б.

Студент: Сметов Аңсар

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


ХХ ғасырдың соңындағы КСРО-ның құлауы - әлемдік картада 15 жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына әкелді. Бұрыңғы Кеңестік кең байтақ аумақта этносаяси жағдай сапалы түрде қайта құруды жүргізді, «ұлттық» сипатта тәуелсіз елдерде жылдам этникалық топтар арасында қақтығыстар доғарыла бастады. Әртүрлі халықтардың құқықтық қалыптасу статусы және жағдайы анықталды, қоғамднын мемлекеттің-саяси және әлеуметтік-экономикалық сондй-ақ этномәдени бағыттары айқындалды. Осы негізгі элементтер мемлекеттің-саяси жүйесінде және Кеңестік өкімет жағдайындағы этникалық қатынасты терең сапалы көшіп-қону механизмнің өміршілдігін, қалыптастырып топтық, этникалық жағдайын шешті.

Қорытындысында интенсивтік миграциялық процесс белгілі болды, бұған көптеген кеңестік халықтарға таратылды. Орыс-славян және неміс халықтары Ресейге, КСРО-ның басқа аймақтарына белсенді түрде көше бастады. Ресейдің өзі біртіндеп көшіп-қонушылар еліне айналды. Орыс халқының өз тарихи Отанына, территориясына оралман болып оралу кезеңі басталды, бұл сағатта Қазақстанда, көптеген мыңжылдықтарда ұлттық орталықтанған мемлекет ретінде қалыптасуына алып келді.

Тәуелсіз Қазақстанда жаңа миграциялық жүйе қалыптасты. Қазақстаннан орыс-славян және неміс халықтарының көшіп-қонуы әлеуметтік-экономикалық дағдарыспен тұспа-тұс келіп, елімізді әлсіретті. Егеменді еліміздің тәуелсіздігімен Қазақстанда эмиграциялық процесс өтті. Арнайы статистикаға сүйене отырып, Қазақстаннан көшкен орыстар: 1993 жылы – 170 129 адам, 1994 жылы – 283 154, 1995 жылы -160 883 адам. Осымен қатар орыс мигранттарының болғаны 1993 – 123 777 адам, 1994 жылы -251 934, 1995 жылы -126 468 адам. Келесі жылдары эмиграциялық толқын тоқырап, бірақ қалыпты интенсивтік жағдайда болды [1]

Тәуелсіздік алғалы бері эмиграция бойынша 2 млн. орыс, 500 мыңдай неміс т.б. халықтар көшті. Миграциялық процесске Қазақстанның еліміздің жарты халқы қатысты, бұған ауылдан қалаға, ауданға, облыс және көрші республикаларға көшу орын алды. Мұның бәрі халықтың өсуі бір жарым есеге кеміді, өлім де бір жарым есеге өсті, бұл халықтың өсуі 5 есеге кеміді.

Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан халқының өзге мемлекеттерге қоныс аударуы – экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, өнеркәсіп орындарының зауаттар мен фабрикалардың жабылуы, нарықтық бағаға, Қазақстандағы этнохалықтардың, кеңестік республикаларда саяси өзгерістер болды. Кейбір этностық топтардың, неміс, еврей т.б. эмиграцияда Германияның саясатына Израиль және тағы басқа елдер ұшырады.

Осыған қарамастан миграциялық көшіп-қону, Қазақстан халқының қатаң өзгерістер көлік және әлеуметтік- мәдени жоспарда жеке тұлғалардың, топтың қауіпсіздік әсер етті. Түсіндіріп кететін болсақ: кәсіптік білімі төмендер де, экономикалық себептер, олардың алдындағы негізгі мәселе әлеуметтік мәдени өмір сүру, немесе ассимиляция алдындағы қорқыныш – балалары алдындағы қиындықтар. Олар саясаттан, биліктен алыс, оларды тілдік, саяси кадрдан қорықпайды. Бәрінен қиын интеллектуальді элитаға және кейбір топтарға, әскери қызмет атқаратындарға. Олардың арасында миграциялық көшу көп. Ал пенсионерлердің миграция аударуы аз. Қазақстан жастары білім алу мақсатында жасайды. Бірақ жұмысқа тұру қиындық туғызады, сондықтан сол елде қалып қалады. Басқаша айтқанда мемлекет саясаты миграцияда – жастардың қоныс аударуы қоғамның алға жылжуы деп бағалайды [2].

Осындай түрде, Қазақстандағы эмиграцияда қиын және көптүрлі табиғаты, тұлғаның қоршаған орта құндылықтарын бағалауды анықтайды және әлеуметтік-экономикалық жүйеде мемлекеттік-азаматтық қатынас мемлекеттің саясатындағы динамикасын білдіреді. Көпшілік эмиграциясының қорытындысына келетін болсақ орыстар, немістер т.б. этникалық топтар Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері азайды.

Ата заңымыз бойынша бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Федеративтік емес, унитарлық мемлекет. Унитарлықтың мағынасы - жері біртұтас, бөлінбес, бөлшектенбес иелік, онын игесі жалпылап айтқанда қазақ мемлекеті, жаппай халық деген сөз. Мұнда ешқандай өзге территориялық саяси құрылымдар, автономиялар болуға жол жоқ. Ал осы Ата Занда бекітіліп берілген туған жердің біртұтастығын, оның шекарасын бұлжытпай сақтап қалуға, сөйтіп оны келер ұрпақтарымыздың мәңгілік мұрасына айналдыруға ең мүдделі ұлт - осы аймақты ғасырлар бойы жайлап, қызғыштай қорғап келе жатқан, ержүрек те батыр, адал жұрт екені белгілі. Түптің түбінде сіз бен біздің қасиетті жерімізді жанын аямай қорғауға әрқашан әзір түратын сіз бен біздің балаларымыз [3].

Қазақстанда көп ұлттық мәселенің шетін шығару ұлтаралық мәселені ушықтыру деген ұғымға жетелемейтіні анық. Біздікі қалай болғанда да салмақты ойды саралап, ақиқатка деген ұмтылыстан туындады. Қазіргі жаһандану жағдайында бәзбіреулер үшін ұлттық темірқазық төңірегінде әңгіме қозғау асылық болып көрінер. Алайда, тәуелсіздіктің арқасында ұлтгық санасы қайта жаңғырып үштен бірі алыс және жақын шет елдегі қазақтарды тарихи Отанына жинап қазақи болмыс-бітімімен қайта қауышуға талпыныс танытып жатқан тұста бұл мәселенің ара — жігін ажырата білу керек көрінеді. Халқың неғұрлым көп болса, ну ормандай тұтасып, қалың отырса, сен қашанда елің мен жеріңнің мүддесін қапысыз қорғап қаласың, ешкімге есенді жібермей, ризық несібенді молайта берерсің.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999

  2. Омарова Г. Этнодисапоралық кеңістіктегі қазақстардың рухани жаңғыруы.// Ақиқат, 2002.- №9.-4852бб.

  3. Аманжолов К. Қазақстан тарихы.- Алматы: Білім, 2004.

  4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы.- Алматы: Раритет, 2010. – 448 б.

  5. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографическое развитие. – Алматы, 2011. – С. 64- 65. 3

  6. Асылбеков М., Асылбекова Ж. Қазақ ұлты: этнодемографиялық даму белестері "Егемен Қазақстан" - Кіру режимі: https://abai.kz/post/9848 - Қараған күні 21.11.2020. 4 2018

  7. Жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы, Қысқаша қорытындылар: Статистикалық жинақ / Ред. басқарған Ә.А. Смайылов. - Астана, 2019. - 110 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!