Материалдар / Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жылындағы мемлекеттің жетістіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жылындағы мемлекеттің жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 30 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн.Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2021
560
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму жылындағы мемлекеттің жетістіктері

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 30 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн.Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.
Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым екені бесенеден белгілі. Өйткені ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайтыны ақиқатқа айналғаны анық. Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Егемендіктің елең-алаңын­да еліміздің шынайы ұлтшыл азаматтары ең бірінші тіліміз үшін күресіп, 1989 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінде оның мемлекеттік мәртебесіне қол жеткізілді. Бұл 1995 жылғы Ата Заңда конституциялық шешімін тапты. 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу – біздің парызымыз. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халқымыздың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы» Біз үшін қазақ тілі ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі. Қазақ тілі арқылы күллі әлемге танытанын да оның тілі. Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.

Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының негізі – оның ана тілі деген екен.Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай «Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды», - демекші,адам баласы ес білген кезінен бастап, айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Өйткені көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, таразылайды, болашағын жырлайды, келешегіне жоспар жасайды.

Бүгінде мемлекеттік тілді дамытып, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар аз емес.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру”- атты бағдарламалық мақаласында мемлекеттік тіл ұлттық сананың басты кілті екенін айрықша атады. Мақалада айтылғандай, ұлттық код бұл – ең алдымен, тілде. Ұлт көшбасшысының: “Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл”, “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде”, “Қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастырудың тегеуренді тетігі болуы тиіс”, “Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас”- деген сөздері барша қазақстандыққа бағдаршам іспетті.

Президентіміз мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына ерекше назар аударып отыр. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы.

Қазақ тілі тәуелсіздіктің арқасында мемлекеттік тіл мәртебесін алып, мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Соған орай, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Елбасының бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры құрылды. Бүгінде мемлекеттік тілді дамытып, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар аз емес.

Айта берсек бітпес жыр, таусылмас қазына. Ол үшін, осылардың барлығы талапқа сай болу үшін, қарапайым мектептерде, мекемелерде, жұмыс орындарында мемлекеттік тілде қазақ тіліне бірте – бірте үйретіп, таза қазақша сөйлеп, қойған сұрақтарын мемлекеттік тілде жауап беріп, қатынас құралы мемлекеттік тілде болуына көмек көрсетуіміз керек деп ойлаймын.

Болашақта мемлекеттік тілде барлық қарындастарымыз бен қауымдастарымыз Қазақстан Республикасы азаматтары, мемлекеттік тілді біліп қана қоймай, сол мемлекеттік тіл – қазақ тілінде сөйлесе екен деген қиялымыздан ұшқан арманымыз орындалсын деп тілеймін.

Ал, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында ел азаматтарын қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырды. Яғни, президент: “Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек” деді. Тәуелсіздіктің басты тірегінің бірі – мемлекеттік тіл екені талассыз, 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында да мемлекеттік тілге ерекше назар аударылған.

Сондықтан, қазақ тілінің болашағы Қазақстан азаматтарына тікелей байланысты. Олай дейтініміз, мемлкеттік тілді құрметтеу әрбір азаматтың борышы. Өзіміз еңбек етіп отырған салаға келсек, кез келген балабақшада ағылшын тілін оқытуды доғарып, қазақ тілін жүйелі түрде үйрету қажет. Бұл үшін балабақша тәрбиешілерінің мамандығын қосымша қазақ тілі пәнімен толықтыру қажет. Сонан соң бастауыш мектептің алғашқы сыныптарында бүлдіршіндердің қазақша жаза, оқи және сөйлей алуына, олардың ұлттық ойлау жүйесінің қалыптасуына ерекше мән берген жөн. Бар мүмкіндік, күш-жігер балабақша мен бастауыш мектептерде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталғаны дұрыс болар еді.

Ұлттың рухани жаңғыруында тілдік сананың жаңғыруы айырықша десек, қазақтың тілі мен ұлттық рухы рухани жаңғырудың негізгі өзегіне айналған, әлемдік өркениетте өз орны бар мәңгілік елдің жарқын болашағы үшін жұмыла еңбек ету ел алдындағы басты парызымыз.

Тіл - халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.

Сөз соңында, мемлекеттік мәртебеге ие болған туған тіліміздің тұғырлы болуы үшін отбасы да, білім жүйесі де, билік органдары да, бүкіл қоғам болып ана тілімізге қамқорлық жасауы қажет дегіміз келеді. Бұл үшін ең бірінші ұлттық рухымыз бен намысымызды көтерудің жолдарын ойластыру керек. Бұл бүгінгі күні отбасында тәрбие жұмысының, білім жүйесінің мазмұнын өз ұлтымыздың ежелгі құндылықтарымен байыта түсіп, қазіргі замана ұсынған жаңа идеяларды өз тарихи және ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып қабылдау қажет етеді. Білімнің функционалдық қызметін арттыруда оның жалпы көлемін ұлғайтудың есебінен емес, балаларымыздың ойлана білу қабілетіне, логикалық жүйесінің дамуына ерекше көңіл бөлген жөн.

Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ноғайбекова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!