400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіздігім асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, оқушыларға, мұғалімдерге, оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

аға оқытушылары - Усенбекова Айнагуль Ермекбаевна

Сандықбаева Өріккүл Дүйсеновна,

Нусупбаева Салтанат Адыровна





«Тәуелсіздігім – асыл қазынам» атты мереке


Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбымен мерекелі іс – шара өтті.

Бұл іс – шараға Қытай Халық республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Монғолиядан, Ираннан, Тәжікстаннан, Сауд Арабиядан келген келген қандас, қаракөз бауырларымыз қатысты.

Мәжіліс Залы мерекеге қабырға газеттерімен, ақ және көк түсті шарлармен безендірлген. Қатысушы тыңдаушылар іс – шараға өз қолдарымен жасап, жазып көркемдеген «Желтоқсан – 1986» газетін шығарып, онда отанға деген патриоттық сезімдерін жеткізіп, көзімізге жас үйрілтті. Газетте Қайрат Рысқұлбеков, Ләзат Асанова сынды батыр аға-әпкелері туралы, олардың қазақ халқының алдындағы өшпес рухты ерлігі туралы қысқаша баяндалған. Кеш салтанатты түрде ашылып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

Сонымен қатар дайындық курсында білім алып жатқан тыңдаушылар көптеген патриоттық әндер орындалды. ҚХР-нан келген Салтанат Өркен Е.Серікбаев пен Ә.Жаппарқұловтың «Жаса, Қазақстан», Е.Сейіпхан мен А.Ахметбекұлының «Көк Тудың желбірегені» әндерін құйқылжыта орындап, көңіліміз бір серпіліп қалды.

Бір топ тыңдаушылар Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген аманат өлеңін оқыды. Ұнат Берденбек және Рахым Аяла ҚР-ның Халық ақыны - М.Шаханов ағамыздың «Желтоқсан туралы жырын» оқып, желтоқсаншыларды еске алып, 1 минут үнсіздік орнаттық.

Аталмыш кешіміз одан әрі 8 - 10 топтың тыңдаушыларының бірлесіп шығарған «Қайрат Рысқұлбеков – Халық Қаһарманы» атты сахналық қойылыммен жалғасын тапты. Олардың актерлік орындау шеберлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі, Қайрат Рысқұлбековті, т.б. желтоқсаншы аға-әпкелерін құрметтейтіндітері айқын көрініп тұрды. Құрбылары да, ұстаздар қауымы да разы болды.

Тыңдаушылар көңілді кешті жалғастырып, әннен, биден өнерлерін аямады. ҚР-ның тарихы туралы сұрақ – жауап сайсынан да сүрінбей өтіп жатты. Айта кету керек, өз өнерлерімен Өркен, Нұрбол, Құмыран, Риза, есімді тыңдаушылар оза шықты. Орыс тілді топта оқитын, Тәжістан және Өзбекстан республикаларынан келген, ұлты тәжік, өзбек тыңдаушылар – Дильшод, Мехриниса да қазақ тілінде патриоттық өлеңдерді жатқа айтып тамсандырды. ҚР-ның Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне арналғаш кешті қорытындылау мақсатында тақырыпқа, еліміздің тарихына қатысты сұрақтар қойылып, тез және дұрыс жауап берген тыңдаушыларға сйылықтар берілі. Сұрақтар мазмұны мен жауаптары:

1.1986 ж желтоқсанда қандай мақсатпен қазақ жастары алаңға шықты?(Д.А.Қонаевті орнынан алып, орыс ұлтының өкілі, Қазақстанда еш болмаған Г.Колбинді тағайындауы болатын)

2.Жастардың қолындағы транспоранттарда қандай ұрандар жазылған еді? (Әр ұлтқа өз көсемі!)

3.Қазақстан республикасының Егемендік алған жыл – (1991ж)

4.Тәуелсіздік ескерткіші қай жылы, қай жерде ашылды?(Алматы қаласы, Желтоқсан алаңында 16-шы желтоқсан күні 1996ж ашылды.)

5.Қазақстан Республикасының Ата Заңы қай жылы қабылданды (1995ж тамыз)

6.Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны - «Менің Қазақстаным» қай жылы бекітілді? (2016ж. 6 қаңтар-да)

7.Елтаңба авторы кім және ресми қабылданған жыл? (суретшілер - Жандарбек Мәлібеков және Шотаман Уәлиханов, 1992ж)

8.ҚР-ның ән ұранының авторлары кім? (әні – Ш.Қалдаяқов, сөзі – Ж.Нәжімеденов және Н.Назарбаев)

9.ҚР-ның туының авторлары кім және ресми қабылданған жыл? (Ш.Ниязбеков, 1992ж)

Кештің соңы қазақтың «Қара жорға» биіне ұласты. Тыңдаушылар мен оқытушылар шаттық көңіл - күймен, патриоттық сезіммен естелік фотоларға түсіп, «Егеменді елім бар, ата жұртым бар» - деп көкіректі кернеген қуанышпен тарқасты.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі