Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік - тұғырым!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Тәуелсіздік - тұғырым!
Мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу, ел басқару ісіне араласуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- оқушылар Тәуелсіз қазақ елінің тарихы туралы терең білім алады;
- оқушылар Тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлғалар
жөнінде мазмұнды мағлұматтарды меңгереді;
-оқушылар Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қол жеткен
жетістіктерді саралап, қорытынды жасайды.
Сабақтың кіріспе бөлімі. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мақсаты:
- Тәуелсіздік туралы түсініктерін талдау, ой – пікірлерін білу;
- Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген жетістіктері туралы ой бөлісу, осы тақырыпта әңгімелесуге даярлау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Тәуелсіз қазақ елінің тарихы жөнінде не білесіңдер?
-
Қазақстан тәуелсіздікке қашан, қалай қол жеткізді деп ойлайсыңдар?
Сабақтың негізгі бөлімі. Жаңа ақпаратпен танысу
Мәтіндермен жұмыс
Тапсырма:
- Мәтіндерді оқи отырып, өзіңіз ұнатқан жерлердің астын сызыңыз.
- Сіз Қазақстанның тағы қандай жетістіктерін айтар едіңіз?
- Қазақ елі әлі де дамуы үшін не істеуге болады деп ойлайсыз?
- Сіз өз еліңіз үшін не істей аласыз?
Қазақ тарихы
Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ - нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол - баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. «Отан - оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» - деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл - қыздары толып жатыр. Олар - атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік:
1837 - 1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
1836 - 1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1941 - 1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.
20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949 - 50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
1986 жылдың желтоқсаны.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік?
1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз – ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003 - 2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
2004 жылы «Қазақстан - Ресей» жылы болды.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.
2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
2008 жылы Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.
2009 жылы Дағдарыстан жаңару мен дамуға.
2010 ЕҚЫҰ-дағы төрағалық.
- «Бизнестің жол картасы - 2020»;
- «Дипломмен ауылға»;
- «Жол картасы».
Тәуелсіз Қазақстан
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» (Н.Ә.Назарбаев).
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде
дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,
ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты
шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес,
бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл
атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Ең бастысы,
қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын
біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты
сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді
дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп
берді. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта
қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет
мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік
дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Сабақтың қорыту бөлімі.
Мақсаты: оқушылардың ойларын білу, пікір алмасу, ой түюге жағдай жасау.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.
Тапсырма «XXI-ші ғасырға ақ тілек»
Сынып оқушылары төмендегі сөздерді пайдалана отырып өз тілектерін айтады:
-
Заман
-
Ел
-
Елбасы
-
Заң
-
Қыз
-
Ұл
-
Қазақстан
-
Ата-ана
-
Ту
-
Әнұран
-
Астана
-
Тіл
-
Жер
-
Байлық
-
Теңге
-
Мектеп
-
Білім