Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік- тірегім!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді: Кудайбергенов Д.Н
Класы: 3 «Ж»
Күні: 12.12.2017
Мұғалім: Қожан С.Ж
Тақырыбы: Тәуелсіздік- тірегім!
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер?
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім»
Мақсатын хабарлау.
Әнұран:
Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар
жауабы..
Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз.
Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету
үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған
жылдық тарихы бар.
Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?
1-оқушы:
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қол елді жаудан қорғады.
2-оқушы:
Қазақ хандығы 1465-1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін , Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы-Керей, соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы
Мұғалім: Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?
3-оқушы:
1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді.
Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі
сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
5-оқушы:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Оқушы:
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Хор: Ата-бабам тарихы – менің тарихым
Мұғалім: Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында
Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін
әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері
бар.Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық
бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері
бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың
міндеті.
6-оқушы:
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды
білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.
Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек.
Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ
биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы
тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов
және
Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн,
оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір
түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін
көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не
нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл
тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен
жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі.
Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл
қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран
және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай –
берекесі, тыныштық пен байлықты белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс
аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,
уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт
жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың
баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша
қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті
қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің
азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты,
молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу
еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.Кез келген
мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран
мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде
халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен
келешек арманы айтылған.
Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.
1-оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.
2-оқушы: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.
3-оқушы: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.
ӘН: Жаса Қазақстан
Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы
Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік
Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің
Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050»
Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда
қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік
талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере
алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге
тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана
– Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп
айтып кеткен болатын Елбасымыз өзінің
жолдауында.