Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәуелсіздік –азаттығым, бақ күнім!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік –азаттығым, бақ күнім!
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 3 «Б» сыныбының «Тәуелсіздік –азаттығым, бақ күнім!» атты тәрбие сағатын ҚР-ның гимнімен бастаймыз.
(Гимнді орындайды)
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға –апйларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін емес.
Орыны ағалардың бізбен
толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын
Мирас
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі
Анель
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Айнара
Мен қазақпын, қаныммен, сүйегімен,
Сән салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, иемін мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мұғалімнің сөзі
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Айым
Желтоқсанда Алматыда ,ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Күңірене күн күркіреп тау жақтан
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан
Ағлан
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз
Қуат
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
Аянұр
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті
Айбол
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар…
Төлеген
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
Айдос
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым
. Мұғалімнің сөзі
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
Дарын
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
Олжас
Егемендік иесі «мен»деген сөз
Көктен бері естімеген ерен сөз
Екі тізгін бір шылбырын өз алған
Көркем жігіт болып өссе көрген көз
Қ.Бота
2.Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.
Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол етеден
Арманына жету үшін күрескені
Тарихта шежіре боп қалған екен
Хор :Атамекен
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
Дархан
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім –әнұран,ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Темірхан
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын , көгінде қалықтасын
Қазағым қастерлі-Әнұраны
Жансая
Елтатбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат ,әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт ,берек, шаңырақ ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай- талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім –Елтаңбам.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
Мирас
Сен дегенде туған елдің жүрегісің,
Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр , бірақ та сен
Бәрінен бірегейі , бөлігісің.
Астанам –асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық –ау ұтылмасым, жеңілмесім.
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей ,зәулімденіп,
Асқақтай бер елімнің Астанасы!
Айкәрім
Астанамыз, бар қаламыз
гүлденіп,
Келе жатыр жылдан - жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан
Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз
алғаш рет айналымға түсті.
Ән: «Көк тудың
желбірегені»
Айару
1.Ғасырларға жеткен бүгін жыр
үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.
Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз
бүгін..
Айбол
26-жыл тәуелсіз елге,
Жеңіске жеттік қосылып бірге.
Еліміздің болашағын,
Ойлану керек-сізбен бізге!
Тәуесіздік мерекесі,
Мерей тойын тойлайды.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
Туған жерім жайнаған,
Төбемде көгілдір ашық аспан.
Сарқылдап аққан бұлақтар,
Оларды көру бір арман.
Құтты болсын- мереке!
Ынтымағым биікке өрле.
Жаса жайна қазағым,
Желбіреп ұшқан байрағым!
Тәуелсіздік алған ел,
Ата-бабам төккен тер.
Майданға шыққан батырлар,
Қаза тапқан ағалар,
Бәріне біз қарызбыз
Мәңгілік еске аламыз!
17- оқушы
Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығын
аттады. «Expo -2017» жылы халықаралық көрмесі Елордамыз Астанада өтті болды.
18- оқушы
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Абзал
Қазақ деген қалың жұртым
тасыған,
Қилы кезең бәрін кештің
басыңнан
Еркіндікті қалап едің,қыран құстай
самғадың,
Ұлағатты бастау алып асыл
сөзден,нақылдан.
Арайланып атты бүгін ақ
таңы,
Шұғылалы шуақ шашып
жатқаны
Тәуелсіздікке жиырма бес жыл
халайық,
Қазағымның мерейі өсіп
жатқаны
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп 3 «Б» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» атты тәрбие сағатынан бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеткенін, егемендіктің мәнін түсінді деп білемін.
Хор : «Менің елім»