Материалдар / «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздің Қазақстан үшін маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
1966
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым».
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Қалқаман Сарин.

Алдымызда халқымыз үшін атаулы оқиғалардың бірі жақындап келеді – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толмақшы. Қазақтың «Отыз жаста орда бұзар» деген сөзі біздің елімізде орын алған айтулы өзгерістерге сәйкес келетін сияқты. Бүгінде еліміздің өз діні, өз мемлекеттік тілі бар, шекарасы айқын, барша әлемге танылған мемлекеттік рәміздері, тату халқы, ұлттық құндылықтары, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп келе жатқан салт-дәстүрі, Ата заңы, ұлттық валютасы, әлемге аз уақыт ішінде танылған Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қазақ халқы үшін Еліміздің алғашқы Президенті, Елбасы - Н.Ә.Назарбаев осы жылдар аралығында өзінің сындарлы, парасатты саясатымен елі мен жерін сақтап, халқының тұрақты өмірі мен жағдайы, бақытты ертеңі үшін аянбай еңбек етті. Еліміздің жүзден аса ұлт өкілдері осы уақыт өткелінде өзінің досшылдығымен, ауызбіршілігімен, ынтымақтастығымен ерекшеленді. Қазақ елі қиын қыстау заманда осы ұлттардың барлығын жатсынбай, нандарымен бөліскен, бауырындай көрген.

Тәуелсіздік бізге аспаннан түсе қалған сый болмады. Тәуелсіздікті талай жылдар бойы ата-бабаларымыз аңсап келген, өз жерінде еркін өмір сүріп, келешек ұрпақтарының қамсыз өмірі үшін қасық қандарын аямай, жаулармен білек тіресіп соғысқандары тарих қойнауында жатыр. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» демекші, қаншама ер азаматтар басынан айырылған, қаншама аналарымыздың көз жасы көл болған. Сондағы олардың асқақтаған арманы – азаттық күні еді, елдің тәуелсіздігі, аспанның ашықтығы еді.

Тәуелсіздік деген баға жетпес қазына. Отыз жылдық тәуелсіздіктің қаншалықты киелі де қасиетті, қадірлі екенін білу үшін ең алдымен елдің, жердің қадірін түсінген жөн. Біздің ұлан-байтақ жеріміз бір күнде пайда болған жоқ. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, бірақ осы күндерге жету оңай соққан жоқ. Отыз жылдық тәуелсіздік бізге не берді? Барлық жоғалып кеткен, ұмытыла бастаған құндылықтарымызды қайтадан жаңғырттық: қазақтардың салт-дәстүрлері, ақын жазушылардың шығармашылықтары, қазақтың қамын айқайлаған халық дауысы оянды, және ең бастысы өз тарихымызды жүйелеуге, толықтыруға, мұра ретінде қалдыруға жағдай туды.

Тарих дегенді қалай түсінемін? Өткенсіз келешек жоқ, әр елдің тарихын білмей, келешекке көз жүгірту мүмкін емесі анық. Менің елімнің тарихы көне түркі дәуірінен басталады. Соңғы 100-150 жыл ішінде асыл мұра – Орхон-Енисей жазбаларының мағынасы айқындалды. Осы ескерткіштер Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетін айшықтайтын тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. Осылайша, біз VII-VIII ғасырларда елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі туралы, тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жайында жазылғанын білдік. Сонымен қатар, жазбаларда түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясының негізгі алынған екен.

Осы жазбалардың ең маңызды мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші өте құнды мұра ретінде 2001 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастырылды.

Түркі тарихында осы жазбалардын басқа да сол дәуірдің мәдениетінің тереңдігін көрсететін ескерткіштер бар. Тоқтала кетсем, сәулеттік ескерткіш Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сегізінші кереметі және орта ғасыр сәулетінің жауһары деп атайды екен, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Оның сыртқы келбетін көз алдыма елестетсем, ол өзінің алуан түрлі кілем сияқты ою-өрнегімен тамсандырады, әдемілік үшін жасалған деп болжауға болады, бірақ шын мәнінде ол эпиграфикаға жатады, оның оқылу құпиясын зерттеушілер тапқан. Біз осы асыл мұралардың ұрпағы ретінде ата-бабалырымыз қалдырған қазыналардың нақ мәнін түсіне білуіміз қажет.

Осы тұста ең тамаша, ең танымал ерхеологиялық қазба – Алтын адам туралы жазбақшымын. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды. Қазіргі таңда, ол Алматы қаласының Тәуелсіздік алаңына ерекше жігер сыйлап, еліміздің абыройын асқақтатып тұр. Алтын адамның киімі қызыл былғарыдан тігілген, алтын пластиналармен көмкерілген. Үстіндегі қамзолында жолбарыстың басы шет жақтарын көмкерген, ол билікті, күш-қайратты, айбынды білдіргені. Қамзолға философиялық мағына жасалып тігілгені таңқалдырмай қоймайды.

Алтын адамның бас киімі көптеген ақпарат берген. Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт бұрышын білдірген. Сонымен қатар, адамның билеуші әулетке жататынын аңғартады. Алтын адамның киіміндегі әрбір алтынның кішкентай бөлігі жеке зергерлік бұйымға жатқызуға болады. Оның көшірмесі Нью-Йорк қаласының мұражайында тұр.

Әрине, алтын мәңгі емес, бірақ бұл құнды мұраның бізге берер даналығы орасан зор.

Осылайша біздің еліміздің тарихының бастауы осындай философиялық тұрғыдан бай болып келеді. Уақыт өткелінде біздің еліміз қаншама хандар мен батырларды көрді. Ең алғашқы қазақ хандығының XV ғасырда құрылуының басты мақсаты – елді, жерді сақтау, тәуелсіз ел болу, өз мәртебесін көрші империялар алдында ұстап тұру, ішкі-сыртқы саясатты абыроймен жүргізу, салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды сақтау, дұшпандардан Отанды қорғау, осының барлығы бізге – ұрпақтарына асыл мұра ретінде қалдыру болды. Керей хан, Жәнібек, Бұрындық, Қасым хан, Хақназар, Есім хан, Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Ұлы, Орта және Кіші жүз хандарының басын қосқан Абылай хан, Кенесары хан өздерінің батырлығы мен сындарлы саясаты арқасында біздің жерімізді сақтап келді. Алты Алаштың басын қосып, қиын кездермен қатар, қазақ елі үшін қуанышты күндер де болып тұрған. Сан ғасырға созылған тарихымыздың нәтижесі еліміз үшін алтын күн – 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні – Тәуелсіздік күніне әкелді. Осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. Бұл Конституциялық Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы тәуелсіз және демократиялық елге айналды. Өз жерінде Үкімет билігің жүргізуге толық иеленді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізу құқығы болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясы шекаралары тұтас және бөлінбейтін болды, қол сұғуға болмайтын территория болып табылды.

Қазақстан бүгінде әлемге сұлу табиғатымен, байтақ жерімен, мол қазба байлықтарымен, тату халқымен әйгілі. Бүгінде біздің елемізбен санасады, Отанымызды жер жүзі таниды. Еліміздің атын танытып жүрген талантты да ақылды, көреген азаматтарымыз қаншама. Жылдың кез-келген маусымында еліміздің тамсандырған табиғаты елімізге мыңдаған туристтерді еліктіреді, кең жайлау ауасы дертке дауа болып табылады. Өзен, көлдері, жан-жануарлары, курортты аймақтары туралы жаза беруге болады. Осы байлықтардың барлығы қазақстандықтардың мақтанышы. Еліміздің кез-келген бұрышына алаңдамастан барып, Каспий, Балқаш, Сарыағаш, Бурабай дейсіз бе, өз еркіңіз, өз қалауыңыз, себебі біз тәуелсіз елде тұрамыз, өз елімізде, өз жерімізде! Біздер, қазақстандықтар, еркін құстай самғаймыз. Киелі де қасиетті тәуелсіздігімізге жол салған айбынды да батыл, қайсар жүрек әрбір қазақ баласы мен қызына, елі деп бастан айырылған әрбір адал жанға ұрпақтары мәңгі қарыздар! Мен, ұстаз ретінде өз шәкірттеріме Тәуелсіздік сөзінің мағынасын тереңінен түсінуді үйретуде бар күшімді жұмсауға, өз ұстаздық қызметімді қалтқысыз орындауға тиіспін деп сенемін, себебі ұстаздар ертеңгі жаңа буынды тәрбиелеуші, келешек ұрпаққа не үйретсек, сонымен олар ертең келешекте өмір сүреді. Сондықтан, бүгінгі күннен бастап, елімізге Тәуелсіздік не бергенін, не берерін үйретуіміз қажет. Осымен, өзімнің қысқаша эсемді аяқтай келе, былай дегім келеді:

Еліміз асқақтай берсін, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!