Материалдар / Тәуелсіздік жетістіктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік жетістіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып сағатын өткізуге арналған. Материалда орта және жоғары сынып оқушыларына арналған жұмыс түрі берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2022
258
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақ



Кіріспе. Балалар, қазіргі кезде біз ашық аспан астында, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, сендер үшін толыққанды өмір сүруге, тегін білім алуға, адал еңбек етуге барлық жағдайлар жасалған. Көп уақытымызды достарымызбен, туған – туыстарымызбен өткіземіз, көңілді мерекелерді асыға күтеміз. Әрине, барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның ішінде ең бастысы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Қазақ халқы да оған жету жолында көптеген көптеген жағдайды бастан өткерді. Еліміз үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Биыл біз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтіп жатырмыз.

Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.



1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек», - деген ұрандар айтылды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.

Видеофильм көру.

Мұғалім сөзі.

Данир.Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Костя. Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік деген шағын ауылда дүниеге келді. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта білім алған. Бала кезінде күреспен шұғылданған.

Бауырмал, шындықты бетке тура айтатын тік мінезді, көпшіл, шыншыл еді. Сабақтан қолы босай қалса, кітапханаға асығып, кітап оқитын. Сөзге шешен болатын.  1986 жылы мамырда әскерден ауылына оралады. Сол жылдың тамызында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті.

Эдуард. Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматы қаласына келіп, П. Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылы 16-18 желтоқсан күндері болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне қатысады. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Асановаға айып тағылып, қамауға алынады.

Вадим. Ербол Сыпатаев Мұқажанұлы — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол 1964 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1982 - 84 жылдары Кеңес Әскері қатарында болады. 1985 жылы Алматыдағы Энергетика институтына (қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты) оқуға түседі.

1986 жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық-әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысады. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, 23 желтоқсан күні сонда қайтыс болады. 

Айсулу. Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны-Сабира Мухамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы Ленин жолы атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды.1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. Дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сабира Мухамеджанова жатаханың 5-қабатынан құлап өледі.Үлбіреген қызғалдақ мезгілсіз қиылды.

Данир. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Айнель. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 30 жыл!

1 минут Үнсіздік.

Мұғалім сөзі.

Даяна. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жылШамалған ауылыАлматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. Бұл ұлы тұлғаның Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел болып қалыптасуы жолында сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Мұғалім. Алаштың азаттығына, Тәуелсіздігімізге - 30 жыл. Осынау 30 жыл ішінде ел тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Солардың негізгілерін айта кетейік.
Андрей.1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентінің сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
Тахмина.1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Арина. Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
Тогжан. 1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.

1992 жылы 8 мамырда  ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.

Наташа.1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.

- 1992 жылы 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді.

Даша К. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы»  және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді.  11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.

Дамель. 1993 жыл 13 қаңтар - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.

Алима.1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталды. 
Макар.1995 жылы  30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
Даша М. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады.
Айганым. 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
1999 жылғы қаңтарда  «НҰР ОТАН»  Республикалық саяси партиясы құрылды.
Даяна. 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

Дильназ. 2004 жылы Елбасының тапсырмасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Үш жылға жоспарланған үлкен жоба қазақ мәдениетінің өткені мен бүгінін сабақтастырды.

Ярослав. 2006 жылы11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтіп, онда еліміздің жаңа Әнұраны жария болды. 
Карина. 2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы азия ойындары өтті.

2013 жылы Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді.

Аружан. 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Екінші қыркүйекте Қазақстан тарихындағы үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетов ғарышқа самғады, 2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды.  Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

 Костя. 2018 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.

Айсулу. 2019 жылы 19 наурызда Қазақстанды 28 жыл бойына басқарған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент ретінде өкілеттігін тоқтатты

Эдуард. 2019 жылы 9 маусымда елімізде кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланды.  

Даша К.  2020 жылы Елімізде әл-Фарабидің  1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы сынды мерейтойлар жалпыхалықтық деңгейде аталып өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. 

Данир. Қорыта келгенде, 30 жыл деген тарих үшін аса көп уақыт емес. Осы жылдар ішінде еліміз басынан үш дағдарысты өткерген екен. Аталған қиын-қыстау кезеңдер еліміздің шыдамдылығы мен төзімділігін қайрап, бүгіндері біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру секілді бірқатар басым батыл қадамдармен алға жетелеуде.

Мұғалім сөзі.

1991ж. 29 тамызда

Семей полигоны жабылды.

1991ж. 2 қазанда

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 1 желтоқсанда

Тұңғыш президентіміз сайланды.

1992ж. 4 маусымда

Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993ж.15 қарашада

Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.

1995ж. 30 тамызда

Жаңа Конституция қабылданды.

1998ж. мамырда

Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

1993 жылы 15 қарашада


Ұлттық валютамыз -теңге айналымға енді.

Әнұран

бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.


Елтаңбаның көркемдік шешімі:

шаңырақ, жұлдыз, сондай — ақ аңызға айналған қос пырақ. «Қазақстан» деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.


Көк байрақтың

... ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.


Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің

ішінде 9-орында

Республикамыз

5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,Түркменстан.

Елімізде

135 ұлт өкілі тұрады.

Қазақстан

14 облыстан, 3 республикалық маңызы бар қаладан тұрады.

Гимннің авторлары

Жұмекен Нәжімедденов, Нұрсултан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов

Елтаңбаның авторлары

Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков

Тудың авторы

Шәкен Ниязбеков

2017 жылы 10 маусымда


Астана қаласында халықаралық көрме ЭКСПО (Тақырыбы : «Болашықтың энергиясы» баламалы энергия көздері және «жасыл» технология) ашылды.

Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі мақаласы


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталады.

Қазақстан Республикасының рәміздері:

Гимн, Ту, Елтаңба

Қорытынды.

Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.



«Көк тудың желбірегені» әнін қосу.












































































Тапсырма №1. Ақпараттарды сәйкестендіріңіз.



Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.





Тұңғыш президентіміз сайланды.

1991ж. 29 тамызда





Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері

қабылданды.









Семей полигоны жабылды.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!