Материалдар / Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
503
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО

Орал қаласы

№ 49 Жалпы орта білім беретін мектебі

Тәрбие сағаты:
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Өткізген : 0 «Д» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Амангалиева Эльвира Батыргалиевна

Орал 2019 ж

Анықтама
13.02.2019 ж

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі
өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын
қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік
күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсізді күшін күрескен, желтоқсан
құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында
түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын
жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен
жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін
ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюгежәнеерлікке баулу.
Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгітұту, өнеге алуға және
халқының тарихын білугеүйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.
Дамытушылығы:
балалардың
өткен
тарихқа
деген
қызығушылығын ояту.
Әдісі: Әңгімелеу ,сұрақ – жауап, көрнекілігін,плакат,суреттер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Казақстан
Республикасының Әнұраны, елтанба, туы, Қазақстан Республикасының
президенті Н.Назарбаев, К.Ж.Тоқаев суреті, буклет.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі –
Тәуелсіздік» тәрбие сағаты.
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы,
Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға,
отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүйуге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәулсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға
Қазақстанның көк туын көтеріп кіреді.Мұнан соң барлығы Әнұранды
орындайды. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға
екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы
тұрмыстық құндылық тарынұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және
халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды
Әнұранмен ашуға рұқсат етініз!
(Балалар орындарына тұрып Әнұранды орындайды)
Жүргізуші: Балалар сендермен мен бүгін осы кең байтақ жері бар ,әр ұлтты
елі бар, жерімде тыныштық орнаған ,бәріміздің отанымыз Қазақстан туралы
және оның рәміздер туралы айытқым келеді.Балалар алдымен келген
қонақтармен және қоршаған ортамен амандасып алайық:
Армысын Аспан ана
Армысын Жер ана
Армысын қонақтар
Армысың достарым!
Жүргізуші:

Батысында қар жатса
Шығысында көктем ел.
Бір шетімен бір шеті,
Жеткізбейтін неткен ел.

Жүргізүші: Бұл қай ел?- деп ойласындар балалар
Балалар: Қазақстан біздің ел.
Жүргізүші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.

Жүргізүші: Балалар, бүгін міне осы Тәулсіздік мерекесі күні. Еліміздін
тұнғыш президентіміз кім?
Балалар: Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізүші: Қазіргі президентіміз кім? Балалар: Қасым-Жомарт Қемелұлы
Тоқаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Нұрсұлтан
Жүргізуші: Нұрсұлтан қандай қала
Балалар: Нұрсұлтан –бас қала,әдемі үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасындар балалар.
Отан туралы тақпағымызды айтаиық.
Жангельді:

Отанымның гүлі көп
Өсіп, баулап, баптаған
Бақытты елдің ұлы боп,
Жүргеніме мақтанам!

Аймарал:

Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз

Нияз:

Отаным – өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан
Нәр алдым өзеніңнен.

Айжұлдыз:

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем.

Парасат:

Асқар ,асқар тауым бар
Қазыналы жерім бар
Көгінен нұр төгілген
Қазақстан деген жерім бар

Арнұр:

Бауырласып бір туысқан,
Ұлттары көп - жүзден астам,
Тілі түлеп, діні оралған
Тәуелсіз ел – Қазақстан!

Жанель:

Бауырласып бір туысқан,
Ұлттары көп - жүзден астам,
Тілі түлеп, діні оралған
Тәуелсіз ел – Қазақстан!

Назым:

Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.

Рамир:

Мой Казахстан – степей просторный край
Мой Казахстан – страна любви и дружбы.
Мой Казахстан! Ты мир для всех народов –
Расти, мой Казахстан, и процветай!

Әлішер:

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Бәрі: - Отаным – Қазақстаным!

Жүргізуші: Біз бүгін тауелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз!
Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтанбасы
және өзінің мемлекеттік туы бар.
Жүргізуші: Балалар мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
Балалар: Туымыздың түсі көк.
Жүргізуші: Бұл түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді екен,
ортасындағы не белгі?
Балалар: Күн
Жүргізуші: Күнің суреті,бұл күн жарық болсын дегенді білдіреді
- Ал, мынау не?
- Қыран құс
- Бұл тауелсіздіктің белгісі екен.
- Жанында орналасқан не екен?
- Орнек
- Халқымыздың шеберлігін білдіреді екен
- Елтанбамыздағы ортасындағы тұрған балалар ол не?
- Шанырақ
- Еліміздің алтың белгісі .еліміздің тыныштығы екен
- Ал мынау төбесінде тұрған?

-

Жұлдыз
Бұл мандайымыз жадырасың,бағымыз ашылсын дегенді білдіреді.
Ал мынау қос арғымақ ,бұл татулықты білдіреді екен.
Ал енді балалар .Рәміздерімізге байланысты тақпағымызды аитайық:

Дильда:

Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны

Нұрсұлтан:

Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

Айсұлтан:

Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам

Айзат:

Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны

Рамина:

Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Азиза:

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.

Саян:

Отан туы желбіреп
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Түған жердің туына

Шахмаран:

Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

Даулет:

Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Диляра:

Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Балалардың орындауында ән: Туған жер
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ағынасы
зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала
отырып қол жеткізді.
Оған Алматыда бір топ жастар қарсы болып, Қазақ елін қазақ басқару
керек деген ұранмен алаңға шыққан.
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне
танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова,
Сабира Мұхаметжанова, Е. Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын
қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді. Елімізге тәуелсіздік алып беру үшін
күрескен жандар.
Тақпақтар:
Гаухар:

Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған ,
Аға ,әпкелеріміз.

Арнүр:

Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Жанторе:

Ардақтайды бұл күнді
Келетұғын ғасырың,
Аялайды ер мұны
Өміріңдегі ендігі.

Мансур:

Туған жерге нұр шашып жарық берген
Қуаныш пен мол бақыт алып келген
16-желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген.

Жұргізуші:

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн!

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Балалар Отан туралы қандай мақалдарды білеміз?
«Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтанда ыстық»
«Отан – отбасынан басталады!»
«Туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас.»
«Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.» және Т.б.
Жүргізуші: Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Мінекей балалар бүгінгі тарбие сагатымызды аяктай келе сендер
де өз елімізді қорғайтын патриот азамат, азамнатшалары болады деп сенемін!
Енді балалар Тәуелсіз мемлекетімізге арналған тілектерімізді білдірейік.

Баршанызға назар қойып тыңдағанынызға көп рахмет.
Сау болыныздар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!