"Тәуелсіздік қастерлі ұғым" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіздік қастерлі ұғым" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіздік қастерлі ұғым-ең қымбат қазынамыз»

Эссе

Шормакова Анар Салимовна

География пәнінің мұғалімі

Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,Үлкен Дихан ауылы

Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Міне, биыл қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отыз екінші жылына қадам басты. Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы

32 жыл, 32 жас.

Тәуелсіздік-ұлттық, мемлекеттік, оның тамыры-жасампаздық рух, ұраны- ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,-деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Менің де осы ұстаздық жолды таңдағаныма биыл

22 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығында еңбек жолымды туып өскен мекенім Үлкен Дихан ауылында тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастадым. Менің әдістемелік тақырыбым: Оқытудың сындарлы модулінің стратегияларын тиімді қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлай алатын, функционалды сауатты тұлға қалыптастыру.

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа баулуда, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор! Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ұстаз атына лайық болу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы деп білемін. Сол себептен де әр уақытта білімімді жетілдіріп, тиімді әдіс-тәсілдермен шәкірттеріме саналы тәрбие, сапалы білім беріп келемін. Тұлға тәрбиелеуде сынып жетекшілікпен жұмыс жасамаған мұғалім нағыз мұғалім емес деп айтар едім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше нәрсе-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жиырма екі жылдық еңбек тәжірбиемде үш сыныпты түлетіп ұшырдым. Сол жетекшілік жасаған сыныптарымда 2 «Үздік аттестат» және 2 «Алтын белгі» иегерлері шықты.Алдынғы буын шәкірттерім бүгінде Тәуелсіз еліміздің әр саласында жоғарғы білім алып, еңбек ету жолында. «Алтын белгі» иегерлері педагогикалық саланы таңдап, мемлекеттік грантты жеңіп, Абай және Қазақ қыздар педагогикалық университеттерінде білімдерін жалғастыруда. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сонда ғана өмір талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек. Сонымен бүгінгінің мұғалімі өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үдерістердің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелі жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болу керек деп ойлаймын.

Әлемде мыңға тарта мамандық бар, соның бірде-біреуі болашақ қоғамның белсенді мүшесіне және азаматтық тұлғасына білім мен тәрбиені дәл ұстаздай бере алмайтыны анық. Бүгінгі партада отырған шәкірт ертеңгі күні Тәуелсіз елдегі қоғамды алға сүйрейтін маман, көшбасшы болады.

Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Бұның барлығын Тәуелсіздіктің жемісі деп білемін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2024
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі