Материалдар / "Тәуелсіздік таңы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіздік таңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
-Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету; -студенттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілдік сезімдерін ояту; -елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2022
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы


Мақсаты:

-Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету;

-студенттердің  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілдік сезімдерін ояту;

-елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу;


Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.


Кіріспе


-Қазақстан Республикасының  гимні ойналады.

(Боран, дауысы) экранға желтоқсан оқиғасына қатысты видео-ролик қосылады және студент өлең оқиды.

Сымбат:«Тәуелсіздік»

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!


Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!


Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?


Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын

-Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! (Қалқаман Сарин)



1-жүргізуші Ерген: Құрметті оқытушылар және студенттер бүгінгі «Тәуелсіздік таңы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылаптұрыпаналарымбұлжолда ,

Сан перзентінқаражергежерледі.


2-жүргізуші Дильназ:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.


1-жүргізуші Ерген:

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.


2-жүргізуші Дильназ: Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік).


2-жүргізуші Дильназ: бұл күнді әрбір қазақстандық ерекше күтіп, атап өтеді. Олай болса сөз кезегін группаластаымызға берейік. Қарақат сіз тәуелсіздік күнін қалай өткізіп жатырсыздар.

Қарақат: Рахмет Дильназ сөз кезегін бергеніңізге. Бұл атаулы мерекені атап өтпеу мүмкін емес. Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы 30 жылда қаншама оқиға басымыздан өтті және еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Соны Біржан екеуміз атап өткіміз келеді. Мұқият тыңдаңыздар және еске сақтап алыңыздар.

Қарақат:1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.

Біржан: 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды.

Қарақат:1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

Біржан:2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның на қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.

Қарақат:1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.

Біржан:2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.

Қарақат:1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Біржан:2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.

Қарақат:1996 жылы Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды. Осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз жұрт күмәнмен қарағанымен, ШЫҰ өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Бүгінде бұл ұйымның әлемдегі беделі айтарлықтай жоғары.

Біржан:2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

Қарақат:1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Премьер-Министрдің кеңсесі Ақмолаға көшті.

Біржан:2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.

Қарақат:2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

Біржан:2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Қарақат:2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясыны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр. Сонымен қатар осы жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.

Біржан:2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

Қарақат:2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.


1-жүргізуші Ерген: Иә елімізде біраз жетістіктер болыпты. Бұл керемет жетістіктер. Еліміз одан әрі дамып, өркендей берсін деп тілейміз.

  • Айтпақшы Дильназ группамыздағы әнші қызымыз Гүлбақыт қайда екен?


2-жүргізуші Дильназ: Дұрыс айтасың Ерген. Гүлбақыт бүгінгі шарамызға қандай өнер көрсетеді екен?


Гүлбақыт: Ерген, Дильназ рахмет сөз бергендеріңізге. Тәуелсіздік мерекесін атап өтпеу және тәуелсіздігімізге арнап ән айтпау ол мүмкін емес. Біз Қарақат екеуміз ақылдаса келіп еліме, жеріме,Отанымызға деген ыстық махаббатпен ән шашу шашқымыз келеді.


1-жүргізуші Ерген:Бәрекелді нағыз тәуелсіз елдің ұрпағы деген осындай болмақ.


Гүлбақыт:ән шашуымызды қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші Дильназ:тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді және дербес ел болуымызды армандаған ата-бабаларымызға, аға-әпкелерімізге арнап өлең жырларын жолдаған ақындарымыз артып жетіледі. Олай болуыда заңдылық. Ендеше келесі сөз кезегін Гаухар мен Индираға беремін.


Гаухар: Желтоқсан айы...... желтоқсанның ызғары.... суық күнге қарамастан аға-әпкелеріміз жо жоқ олар біздің әкемізбен анамызбен жасты, тіпті олардан да үлкен студенттер тәуелсіздігіміз үшін өздерін құрбан қылды. Нағыз ержүрек адамдар!

«Тәуелсіздік» өлеңі оқылады.

Индира: Гаухар өлеңін керемет екен. Әрі қарайда шабытыңа шабыт қосыла берсін. Ал мен тәуелсіздігімізге арнап мынадай тамаша өлең жолдарын оқып бергім келеді.

Индира мәнерлеп өлең оқиды.



1-жүргізуші Ерген:Тамаша... қыздар жүректі тебірентерлік керемет өлең жолдарын оқыдыңыздар. Шабыттана беріңдер.

2-жүргізуші Дильназ:Ерген группаласымыз Гүлденге келесі сөз кезегін берсек қалай қарайсың. Ол бүгінгі шарамызға қандай ақпарат дайындады екен.


1-жүргізуші Ерген: дұрысайтасың олай болса келесі сөз кезегі Гүлденге беріледі.

Гүлден: Рахмет достар. Тәрбие сағатымыз керемет өтіп жатыр. Тәуелсіздік тарихын естідік, ән шашуда болды, өз шығармаларында арнап жатыр, 30 жылда жеткен жетістіктерімізде көп екен осының бәрі қуантады. Біз қазір көк байрағымыз желбіреп тұрған тәуелсіз елміз. Мұңаюға еш себеп жоқ. Ендігі айтар бір ұсынысым ойын ойнауға қалай қарайсыздар. Сұрақ қоямын тез-тез иә немесе жоқ деп жауап берулеріңіз қажет.

Гүлден: Жарайсыздар келесі ойын «Білгенге маржан» деп аталады.

Гүлден: Келесі ойынымыз «Тауып көр!» деп аталады. Сіздерге сөз беріледі ол қандай ән екенін айтуларыңыз қажет.

1-жүргізуші Ерген:Бүгінгі шараға белсене қатысып, жақсы өтуіне себепкер болған группаластарыма алғысымды білдіремін. Жарайсыздар. Ал көрермендер сіздерге сұрақ бұл тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңыздар. Сезімберіңмен бөлісе отырыңыздар.

Асем: өте керемет маған қатты ұнады. Көп ақпарат естідім.

2-жүргізуші Дильназ:Иә достар еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрдайым көгімізде көк байрағымыз желбірей берсін.

Ән: «Желтоқсан желі» хор.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!