Материалдар / “Тәуелсіздік таңы атты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Тәуелсіздік таңы атты"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныппен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік күні.

Мақсаты: Тәуелсіздік таңы атқаннан бастап Қазақстан Республикасының қол жеткен табыстарынан хабар бере отырып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазулы плакат, стендтер, тәуелсіздік монументінің суреті, желтоқсанда қайтыс болған батырларымыздың суреті:

  1. Тәуелсіздік таңы туралы кіріспе сөз. Күмбірлеген күй дауысы естіліп, ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:

Жанғасып соғыс өртті сан ғасырға,

Біз көрдік хас дұшпанның балтасына да

Еліме тәуелсіздік келіп жетті ,

Мыңжылдық күрестердің арқасында.

2-жүргізуші:

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері,

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл-ой,ар-намыстың күрестері

Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің сазымен ортаға үш оқушы шығып өлең оқиды.

1-оқушы:

Тәуелсіздік-

Бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік-

Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып ,жанбай қалған шырағы .

2-оқушы:

-Қалмады жалын жастық басқа амалы,

Шайқайды империя тас қамалы

Қазақтың тәуелсіздік алған күні

Ызғарлы желтоқсаннан басталады.

3-оқушы:

-Таңғажайып атың да дәл табылды

Табылды да талай жұртқа танылды

Қазақ елі,көкке жетті көк туың,

Сен- тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі!



2.Хордың орвндауында- «Атамекен» әні

Өлең оқу

1-оқушы:

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын,айналайын жас өркені халқымның

Ерте айтылды,келте айтылды сондықтан да бұл әнің

Уақытыңның талабына дәл келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.



1-жүргізуші:

Бабалар арманы,бабалар үміті үзілген жоқ!Бірлігі,берекесі мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет,Мағжан,Шәкәрім,Міржақып,Жүсіпбектер,Сәкен ,Бейімбет ,Ілиястарды да маңдайымызға сыйғыза алмадық.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен қыздары көбеймесе ,азая қоймапты.Оның айғағы- осыдан 20 жыл бұрынғы намыс үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.Оның айғағы дүниені дүр сілкіндіріп,әлемге қазақ деген атты әйгілі еткен Желтоқсан оқиғасы!

2-оқушы өлең оқиды

1-оқушы:

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан ,

Көкейін елдің тескенсің

Бұрқ етіп қазақ баласы,

Кейде де өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы

2-оқушы:

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батпасын

Деп «Теңдік күш баптасын»

Жайымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.



Көрініс: Қайраттың шындығы

Қатысушылар: тергеуші,автор,Қайрат

1986 жылғы мұзға жанған алауда шейіт болған асыл боздақьарымызды 1 минут еске алу сәті.

«Желтоқсан желі» әні орындалады

1-оқушы

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге мұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені

Шалажансар қар астына көмгені,

Тәуелсіздік - ата-баба арманы.

Қандай елмін бүгін,міне,көр мені,

Алаулайды мүмкін емес сөнбегі!

2-оқушы

Тойланып мың мереке,ұлыс күні,

Құйылған шаңырақтың ұлыс нұры .

Халқымның бақыты үшін аз байлықпа,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ішке жау болғаныңнан қаппасын кеп,

Сыртқы жай пәле-жала жаппасын тек.

Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,

Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

3-оқушы

Намысың найзағайдай жарқылдап бір,

Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр.

Дәуірдің бастау алған жиырма бірі-

Еліме болсын дәйім алтын ғасыр.

Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны,

Ешқашан ондай ұлттың жоқ тамыры.

Бабалар аңсап өткен кезге жеттік,

Қолдасын көк туымды қазақ тәңірі.

Қазақ биі

«Менің Қазақстаным» әнін орындау

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,көрермендер!

Осымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.Сіздерді,мейрамдарыңыз бен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық,бақыт тілейміз!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!