Материалдар / "Тәуелсіздік таңының жұлдыздары" тарихи танымдық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіздік таңының жұлдыздары" тарихи танымдық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Тәуелсіздік таңының жұлдыздары»

интеллектуалды сайысы

Мақсаты:

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;


Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Түрі: Сайыс

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.

II. Ұйымдастыру.

1.1 Қатысатын оқушыларды таныстыру (5 оқушы қатысады.)

1.2. Әділ-қазылар алқасын сайлау.

1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

III. Марапаттау.

IV. Қорытынды.


Ойынның барысы:

Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдыздары » атты тарихи - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!

Жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады.

Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны осы дәлел.

Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

(музыка)

Ортаға «Тәуелсіздік ұланымыз » және «Тәуелсіз Қазақстан » топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.



Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Тақтада 1,2,3,4,5, ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді.


2 кезең. Тақтада әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген.Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.


3 кезең.Тақтада алфавит бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері алфавитпен байланысты болады.



4 кезең . Адасқан әріпті табу .


Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең.


I-кезең


1 - ұяшық

1. Табиғат дегеніміз не ? ( Адамның тіршілік етіп отырған ортасы )

2. Жаратылыстанушы ғалымдарды ата . (Леонардо да Винчи,Герард Меркатор, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Исакк Ньютон, Карл Линней)

3. Әл – Фарабидің өмір сүрген жылдары . (870 – 950 ж.ж)

4. Су табиғатта неше күйде кездеседі ?(3 сұйық, қатты, газ тәріздес)

5. Қазақстан қай материкте орналасқан ? ( Еуразия )


2 - ұяшық

1. Неше материк бар , оларды ата .( 6 материк )

2. Ең алыс планета .(Плутон)

3.Жердің ішкі құрылымын ата (Жер қыртысы, мантия, ядро)

4. 1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм тұз болады ? (35 грамм)

5. Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым (В.В. Докучаев )


3 – ұяшық

1. Жер бетінің жалпы ауданы ? (510,2 млн км2)

2. Күн мен Жердің орташа ара қашықтығы .(150 млн шақырым )

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері . (Т. Әубәкіров 1991 ж )

4. Жер шарының кішірейтілген үлгісі .(Глобус)

5.Жердің серігі . (Ай)


4- ұяшық

1. Экватордың ұзындығы . (40 мың шаршы шақырым)

2. Ең үлкен мұхит ? ( тынық мұхит)

3. Ең мықты, ұзақ жасайтын ағаштарды ата.

(терек, емен, үйеңкі, жөке, акация)

4. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен . (Ніл 6671 км)

5. Жер бетіндегі нәсілдер.

( моңғолоит,негроид, еуропоид)


5 – ұяшық

1.Деффузия деген не ? (заттардың ретсіз өз бетінше қозғалысы )

2.Күн бетінің температурасы .( 6000 градус)

3. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады ? ( 14 облыс)

4. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен.( Ертіс )

5. Еліміздің аумағын зерттеуде зор еңбек сіңірген қазақтың ойшыл ғалымы

?(Шоқан Уәлиханов )


II-кезең


10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

« 10 »

10.1 – Бұлттың түрлерін ата .

( шарбы,қабатты, будақ ,жаңбырлы)

10.2 – Қандай жұлдыздарды білесің ?

10.3–Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ата. ( Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон)

10.4 – Алғашқы үлкейткіш дүрбіні ойлап шығарған .

( Галилео Галилей 1609 ж )

10.5 – Жердің экваторлық радиусы . ( 6378 км )


« 20 »

20.1 – Алғашқы ғарышкер болған кім ? ( Ю. Гагарин 1961 ж 12 сәуір )

20. 2 – Күн дегеніміз не ?

(сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз )

20.3 –Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орныда ? ( 9 орын )

20.4 – Өзеннің бастауы деген не ? ( Басталар жері )

20. 5 –Неліктен Қазақстанды «Еуразияның кіндігі » деп атайды


« 30 »

30.1 – Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар .( Меркурий)

30.2 –Жердің полярлық радиусы . ( 6357 км )

30.3 –Булану деген не? ( сұйық күйден газ тәріздес күйге ауысуы )

30.4 –Төрт мұхиттың суларымен жанасып жатқан жалғыз материк .

( Еуразия)

30.5 – Емдік сулардың шығып жатқан жерін қалай атайды ? ( Арасан)


« 40 »

40.1 – Айға қай кезде ,кімдер бірінші болып борды ?

(1969 ж 21 шілде Нил Армстронг, Эдвин Олдрин)

40.2 – Айға барған адамдарды қалай атайды. ( астронавт )

40.3 –Мұхиттарды ата .

40.4 – Изотерма деген не ? ( бірдей температуралардың арасын қосатын сызық)

40.5 – Жер бетіндегі ең үлкен арал . ( Гренландия ауданы 2,2 млн 2 )


« 50 »

50.1 – Қай жылы бірінші рет Жердің жасанды серігі ұшырылды ?

( 1957 ж 4 қазан )

50.2 – Жеке жұлдыздар тобын қалай атаймыз ? ( галактика )

50.3 – Күнді көлегейлесе Жерге Айдың сәулесі түседі мұны не деп атайды ? ( күннің тұтылуы )

50.4 – Климат нешеге бөлінеді ? ( 2 теңіздік және континеттік )

50.5 –Әлемде алғаш карталарды жасаған. ( Қытай )



III-кезең


А

Ә

Б

Г

Ғ

Д

Е

Ж

К

Қ

М

Н

О

П

Р

С

Т

ф

Х

Ц

Ч

Ш

Ы

Э



А- адам қаңқасын зерттейтін ғылым ( антропология)

Ә – Атақты ғалым ойшыл ( Әл - Фараби )

Б- Әлкей Марғұлан зерттеген ескерткіш ( Беғазы – Дәндібай)

Г – Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адам ( Гоминид)

Ғ- Б.з.б. 56 жылы екіге бөленген мемлекет . ( Ғұн мемлекеті)

Д- Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ ( Диаспора)

Е- Ең үлкен материк

Ж- «Алтын киімді» адамның бас киімінің биіктігі ( жетпіс сатиметр )

К – Парсы патшасы ( Кир )

Қ- Әлемде алғашқы карталар жасалған ел ( Қытай )

М- Көне замандардан бері аса құнды жазба құжаттар ,қолжазбалар жинақталатын. ( Мұрағат)

Н- Жаңа тас ғасыры ( Неолит)

О- Атаулар тарихын зерттейтін ғылым ( Ономастика)

П- Жазу құралы ретінде мал терісінен жасалған құралды пайдаланған.

( Пергамент)

Р- Түріктер б.з – дың 5 -9 ғасырларында пайдаланған жазу. ( Руна жазуы )

С- Томиристің баласы ( Спаргапис)

Т– Сақ патшайымы ( Томирис)

Ф- «Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде – бір халық жоқ. Тек оларға жетіспейтіні – ішкі ынтымақ пен тәртіп »

( Фукидид )

Х- Ислам дінінің жыл санау үлгісі ( Хижра )

Ц- Тарихи оқиғалар ұлы тұлғалардың өмір сүрген кезінен бастап есептелінетін жыл санау жүйесі ( Циклдік есеп)

Ч- Қатты тастан жасалған кескіш құрал ( Чоппер)

Ш- Ғұндардың билеушісі ( Шаньюй)

Ы – Неолиттің жаңалығы ( Ыдыс жасау)

Э- Белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт ( Этнос)




IV-кезең « Адасқан әріпті тап »


1.СОПМАК - КОМПАС

2.РАКАТ - КАРТА

3.БСУГЛО - ГЛОБУС

4.РЖЕ - ЖЕР

5.РБИАТО - ОРБИТА

6.КАТИКАЛГА - ГАЛАКТИКА

7. ҮНК - КҮН

8. РШҒАЫ - ҒАРЫШ

9. ЛДЫЖҰЗ - ЖҰЛДЫЗ

10. БҒАТИАТ - ТАБИҒАТ


Ү. Марапаттау.


VІ.Қорытынды.


Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!












«Балтасап негізгі мектебі» КММ













Shape1

интеллектуалдық ойын





















Дайындаған : тарих және география пәні мұғалімі

Жусупова Марал Амангельдиновна




IV-кезең « Адасқан әріпті тап »


1.СОПМАК -

2.РАКАТ -

3.БСУГЛО -

4.РЖЕ -

5.РБИАТО -

6.КАТИКАЛГА -

7. ҮНК -

8. РШҒАЫ -

9. ЛДЫЖҰЗ -

10. БҒАТИАТ -














IV-кезең « Адасқан әріпті тап »


1.СОПМАК -

2.РАКАТ -

3.БСУГЛО -

4.РЖЕ -

5.РБИАТО -

6.КАТИКАЛГА -

7. ҮНК -

8. РШҒАЫ -

9. ЛДЫЖҰЗ -

10. БҒАТИАТ -
















Shape2

Интеллектуалдық ойын

1 кезең.


Тақтада 1,2,3,4,5, ұяшықтары беріледі. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы 5 сұраққа жауап береді.


2 кезең.


Тақтада әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген.Дұрыс жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.


3 кезең.


Тақтада алфавит бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері алфавитпен байланысты болады.


4 кезең .


Берілген әріптерді дұрыс пайдаланып, жасырынған сөзді табу керек.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!