Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында мерекелік шара сценариі
ҚР Мемлекеттік Гимні орындалсын!
«Гимн шырқалады.»
І бөлім
Эльдар:
Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Іңкәр:
Добрый день, дорогие друзья и гости праздника. Мы рады приветствовать вас в этот торжественный час в нашем зале. 16 декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости!
Летопись современного Казахстана начинается с 16 декабря 1991 года. В этот день Казахстан объявил себя Независимым суверенным государством. Обретя свою независимость, Казахстан встал на новый путь развития, окреп и получил признание во всем мире. Народ приобрел возможность развивать свою культуру, язык, веру, религию и традиции.
Эльдар:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап келген.
Іңкәр:
Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры ____________________________________ беріледі.
Эльдар:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Эльдар;
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаеватарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
1.Көрініс
(Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз .Қолдарында конспект дәптерлері бар.)
Іңкәр: 1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.
Жанар. -Қайрат, сен естідің бе? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Қайрат. - Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Жанар. - Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр дейді.
Қайрат. - Неге? Неліктен?
Жанар. - Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Қайрат. - Қой ,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайық.
Эльдар. Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
2.Көрініс. (Сахна ашылады)
Алаңда жастар бейбіт ,жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя »,
«Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар . «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.
Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып , түсіндірсін барлық жайды !
Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой! Колбин долой!
(Осы кезде “ Менің ҚАЗАҚСТАНЫМ ’’ мәтіні таратылады. Жастар теңдесіп тұрып, бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды)
Прокурор. Балдар! Уа, балдар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!
Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар
Сахна сыртынан
(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді қуғындау басталады). Перде жабылады.
Іңкәр: Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды
Эльдар: Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды, Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
3.Көрініс.
Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.
Осы кезде камераға кезекші келеді.
Кезекші: –Заключенный Рыскулбекова на допрос!
(Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).
Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?
Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.
Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.
Қайрат Рысқұлбеков. Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!
Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!
« Заман - ай.» әні орындалады. Сөзі Ұ .Есдәулетовтікі, әнін жазған Т. Мұхаметжанов
Көрініс. Сот залы.
Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?
Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.
Прокурор: - Не мақсатпен ?
Қайрат Рысқұлбеков: Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?
Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.
Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң)
Хатшы: Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды. Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес
Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?
Қайрат; Бар.
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
ҚАЙРАТ деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат!
Қайраттың анасы: Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдершііі!
ҚАЙРАТ
Көтер ана, көтер ана басыңды!!!!
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша
Сахна жабылады
Хор: «Желтоқсан желі»
Эльдар: Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бiр жылдан кейiн дүниеге келген "Қара бауыр қасқалдақ" әнінiң тарихы туралы, әннiң авторы, белгiлi сазгер Ілесбек Аманов көзі тірісінде «Жас алаш» газетіне берген сұхбатында былай депті: «Әннiң мәтiнiн жазған белгiлi ақын - Есенғали Раушанов. Жұлдыз журналын қарап отырып осы өлең жолдары көзiме оттай басылды. Қара бауыр қасқалдақ
Қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидiң
Еңбегiндей былқылдап.
Ұя қалса иесiз, Айдын үшiн сол қайғы.
Қаңғып келген шүрегей, Көлге пана болмайды, - деп ойын астарлап жеткiзген өлеңде автор қасқалдақ деп - Қонаевты, ал Колбиндi қаңғып келген шүрегей деп отырған астарын бiрден түсiндiм. Өлеңдi оқып отырып ән өзiнен-өзi шыға келдi. Бұл - 1987 жылдың 18 желтоқсаны болатын». Деп айтқан болатын.
Іңкәр: Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президентінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты Қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !
Нұрдаулет 8 «А» сахна сыртынан дауыстап оқиды
(Қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады).
Қайрат: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
Іңкәр: 21 мая 1988 года в 21-й тюремной камере в Семипалатинске Кайрат был тайно убит, когда ему был 21 год.
Эльдар: Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы , ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Президентінің жарлығы шықты.
Іңкәр: Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз.
В результате молодые люди Ляззат Асановой, Сабиры Мухаметжановой, Кайрата Рыскулбекова, Ербола Сыпатаева, Тугелбая Ташенова, Кайыргелды Кузембаева, Жамбыл Тайжумаева стали жертвами ложных обвинений. Но их имя не остается без внимания. Мы всегда чтим память жертв декабря.
-
Іңкәр: 16 декабря 1991 г. Казахстан провозгласил независимость, и на карте мира появилось новое государство под названием «Независимый Казахстан». Н.Назарбаев был избран его первым президентом.
-
Эльдар: 1991 жыл 29 тамызда Семейй полигоны жабылды.
-
1992 жыл 8 мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
-
Іңкәр: 4 июня 1992 года в Верховном Совете Республики Казахстан были приняты государственные символы нашей страны.
-
Эльдар: 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
-
Іңкәр: 6 июля 1994 года Верховные Советы решили перенести столицу в Акмолу.
-
Эльдар: 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының ассемблеясы құрылды. Оның мақсаты қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
-
Іңкәр: 30 августа 1995 года была принята новая Конституция.
Есенгелдиева Аружан «___________________» әні орындалады.
/Райымбек ортаға шығып/
Көркем сөз
«Тәуелсіздікке арнау»
Толғай кетсе қолымдағы домбырам.
Жырларымды жүректерге қондырам.
Осы айдың он алтысы жеткенде,
Желтоқсаннын ызғарымен тоңдырам.
Желтоқсанда жастар шығып айбатты.
Желтоқсанда елдің қамын ойлапты.
Желтоқсан мен тауелсіздікті айтқанда,
Еске аламын Лəззат,Ербол,Қайратты.
От еді ғой ұл мен қыздар ер еді.
Көп еді ғой келешекке берері.
Азаттықты аңсағанда төгілген,
Қан мен жасты кімдер ақтап береді.
Өткенді еске өкініш пен алам ба?
Ұмытпасын ұрпактарың,балаңда.
Тек казақ деп соғады деп жүрегі