Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ»-ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН ЖАҢА СЕРПІН
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Тәуелсіздік –халықтың үні
2.2 Отандық білім беруді жағңырту заман талабы
3.Қорытынды
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ»-ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ
ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН ЖАҢА СЕРПІН
№64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Амангелдиев Нұрсұлтан Жұмабайұлы
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, ұлы мерейтой. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, осыдан 11 жыл бұрын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқанына міне бүгінде Алтай мен Атыруадың арасындағы бағаналы байтақ куә. Егер біз сонау кәрі тарихтың қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртер болсақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың еркіндік пен тәуелсіздік үшін ғана қолына қару алып, өзге жаулармен күрескендігін білеміз яғни өз жеріне ешқандай жаудың аяғын бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге тырысқан, осындай орны бөлек оқиғалардың бірі Сақ кезеңінде өмір сүрген Тұмар падиша сынды тұлғалардың ерлік істері біз үшін зор мақтаныш. Сондықтан да заманында иран жұрты біздің арғы бабаларымыз Сақ тайпаларын «Жүйрік атты Турлар» яғни «Ұлы Тұранның жүйрік мінген ержүрек ұлдары» деп атаған екен. Ұлы Даланың ұлдары мен қыздарының осындай жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткенінін білеміз. Демек, біз — еркіндік сүйгіш жасампаз халықпыз. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуында, қала берді ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы кезеңдеріндегі хандар мен оларға ел басқаруда ақыл-кеңесші болған небір билер, абыз-шешендеріміз бен батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігін, тұтастығын сақтап қалудағы үлгісін жатқызуға болады. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең-байтақ жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кепкендігін көреміз. Азаттық үшін ат үстінде өткен ғасырлар көп болды, өйткені азаттық қазақтың арманы еді. Қазақтың соңғы ханы Кенесары сол азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Амал нешік ханның басы қанжығада кете барды…
Бізге бүгін қажет жігерліктің,
батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары
өткен тарихи оқиғаларымызда толып жатыр.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен
ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, елдің басын қосып,
халық мүддесі жолында, табандылығын да, тапқырлығын да таныта
білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді,
Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген
ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды
жүзге бөліп жармады. Бабаларымыздың даналығының арқасында осы біз
өмір сүріп отырған аяулы - Отан, құтты мекен- Қазақстан жері сол
бабалардың сақтап қалған бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз
ағайын. Абай, Шоқан, Ыбырай заманы қылыштан гөрі қаламның қуаты
күшті болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың
тарих сахнасына оқығандар шықты. Әлихан, Ахмет, Міржақыптар алаш
туы астында жұртты ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Қазақ
автономия жариялағанда ел қуанып бөркін аспанға атты, өкінішке орай
бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ
кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда 1929-31 жылдары аралығында
Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370 тен астам түрлі деңгейде
қарулы қақтығыстар мен көтерілістер, ал 1917 жылғы Кеңес үкіметі
орнағанға дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам
көтерілістерге шығып қарсылық білдіріпті, міне бұның барлығы не
үшін ? әрине тәуелсіздік, еркіндік үшін. Осындай азаттық үшін
күрестің басына халық арасынан ірі-ірі тұлғалар шықты, солар
көрсеткен үлгі бір ұрпақтан, екінші ұрпаққа ауыса келе 1986 жылы
желтоқсанда жағыруға әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың
өлместігін дәлелдеді. Заман райына қарай 1991 жылы Қазақ елі
егемендікке қол жеткізіп өз алдына тәуелсіз ел атанды. Мұстафа
Өзтүрік айтқандай «шынжырларды балқытып, тәж бен тақты күйреткен
күшті нұр-ұлттық егемендігімізге қолымыз
жетті.
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің қасиетті борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы отандық білім беруді жаңғырту үшін мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі тағысын тағы. Адамзат тарихында шың тұлғалардың басым көпшілігі ұрпақтар алдындағы жауапкершілігін сезінген ұстаздардың шынайы еңбектерінің арқасында жетілген хақ. Болашақ үшін жасалатын ең күшті, һәм дұрыс жоспар- сапалы, жақсы адам тәрбиелеу. Болашақтың есебін жасай адлмаған қоғамды қиын-қыстау заман күтеді. Абылай бабамыз айтқандай, «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік».
Жамбылша жырлап, Абайша айтқанда, хәкім Абайға тоқталғым келеді ұлы Абай-қазақтың ақыл –ойы, Абай-қазақтың ар-намысы, Абай қазақтың өзі! Ұлт ұстазына айналған ұлы кемеңгерлер арқылы ұлағатты ұрпақты білімге баулу бұл отандық білім берудігі жаңа серпін демекпін. Өйткені Алаш үкіметінің төрағасы Ә. Бөкейханұлы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел-Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген екен.
Уильям Уорд :
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керекмет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады- дейді, ал оқушыларды шаба озып шабыттандыру мұғалімнің жақсы болмағынан демек, Абай айтқандай адамның жақсы болуы тегінде емес тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. А.Байтұрсынұлы «Ұлт үшін күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет. «Елін қорғайтын ер болайық! Ерін қолдайтын ел болайық!» Қай ісіміздің де Құдай сәтін салғай! «Әумин» деп қол жайып, «Әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кірісейік!!!» деген екен. Дәл солай бізде қадірлі ұстаздар отандық білім беруді жағңыртуда солай болайық. Сонда ғана Біз баптайтын, болашақта жатпайтын тәуелсіз жұрттың шәкірттерінің мысалы «Көктеп –өніп онан соң әлденіп, жетіліп, өз сабағында тік тұрған, диқандарды толған дәні, ерен шығымымен таңқалдырған егін сияқты» болмақ.