Материалдар / ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАУ, ОҒАН ЖЕТУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰСТАП ҚАЛУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАУ, ОҒАН ЖЕТУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰСТАП ҚАЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазақстанның Тәуелсіздігі: келісім мен бірлікте 30 жыл.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
260
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХАСЕНОВА НУРБИКЕ БИРМАГАМБЕТОВНА

« Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің

С. Мәуленов гимназиясы» ММ

Математика пәні мұғалімі
















ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАУ, ОҒАН ЖЕТУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰСТАП ҚАЛУ


Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, еліміздің қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздіктің – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан қасиетті сөз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан алғаш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңды рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл дәуірлік оқиға - еліміздің сан ұрпағының орындалған армандары мен үміттерінің нәтижесі.

Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдындағы дербестігі. Тәуелсіздік – біздің тыныстап отырған, еркін әрі шаттыққа толы күн кешіп жатқан Отанымыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзінің тілі, діні, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан. 

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы елге айналды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы бар. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып тұрақтадық. Әрбір Қазақстан азаматы Желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескен жастардай патриоттық сезімі лаулап тұрса, мемлекетіміз бұдан әрі дами түспек. Еліміздің өсіп-өркендеуі халықтың Отанына деген ыстық сүйіспеншілігінен басталады. Жалпы, Отан деген сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары қалай ыстық болса, Отан да солай ыстық. «Отан» деген сөздің астарында қаншама терең мағыналы ойлар, қандай ыстық сезім жатыр десеңші?! Отан десе, адамның жүрегі елжіреп, жүрекке жылу ұялатады. Кез келген ұлттың өз Отаны бар екені айдан анық. Өз еліне деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Туған дала – сенің әрқашан оймен болса да, оралғын келетін Жердің рухани бұрышы. Атамекенге деген шынайы махаббатты бала кішкентай кезінен ата-анасынан, содан кейін мектептен, ұстаздардан бойына сіңіре бастайды.

Мемлекеттің бүкіл тыныс-тіршілігінің негізі Тәуелсіздік екенін ұстанған жөн. Дәл осы Тәуелсіздікті нығайту - барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі мағыналық өзегі. Сонымен қоса, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтау үшін бар күш-жігерін жұмсауға тиіс. Қазақ халқы көп ғасырлардан бері Тәуелсіздікке ұмтылып келді. Тәуелсіздікке қол жеткізуде көптеген ұрпақтың орасан еңбегі бар. Сондықтан мерекелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге әрі маңызға ие. Қазіргі ұрпаққа еркіндігімізді сақтау мен нығайтудың ерекше тарихи жауапкершілігі жүктелген. Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы осы құндылықтарды қоғамдық санаға сіңіруге бағытталуы тиіс. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - 2021 жылдың ғана емес, тәуелсіз мемлекеттің барлық жылдарының қорытындысы. Еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктерін көрсету қажет. Әлемдік қоғамдастық Қазақстанның орнықты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет құру жөніндегі жетістіктерін, ұлттық бірлікті нығайтудағы жүргізіп отырған саясатын жоғары бағалайды. Тәуелсіз Қазақстан аса беделді халықаралық ұйымдарды басқарды.

Тәуелсіздік таңында Қазақ елі тең құқыққа, достық пен келісімге негізделген барша халықтың бірлігін өз дамуының негізі етіп алды. Осы жылдардың бәрінде Атамекеніміз сол қағидатты берік ұстанып келеді. Ел бірлігін сақтау және нығайту - ең жоғарғы адамгершілік деп ойлаймын.

  Тұңғыш президентіміздің 2013 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен:

      1. Біздің лайықты әрі ұлы еліміз - "Мәңгілік Ел"

      Отанымыздың он төрт мың километрден астам талассыз шекарасы оны біртұтас монолитке айналдырды. Ол барлық іргелес елдермен тату көршілестіктің шебіне айналды.

      2. Ел бірлігі. Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Бірлік, береке - біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тәуелсіздік халықты Қазақстан халқы Ассамблеясының - бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының астында тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз - зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы.

      3. Төл мәдениетіміз бен ана тіліміз. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды. Біздің өнеріміз бен бай мәдени мұрамыз әлемнің рухани байлығына қосылды.

      4. Индустриялық-инновациялық экономика. XXI ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық әлеует пен инновациялар айқындайды.

      5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Қажырлы еңбек етудің нәтижесінде қазақстандықтар қазіргі табыстарына қол жеткізді. Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді.

      6. Астана. Тәуелсіздігіміздің Ұлы тарихы елорданың жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен сәулет өнерінің туындыларында айнадағыдай көрініс тапқан. Астанаға деген сүйіспеншілік - ол отанға деген перзенттік сезім.

      7. Жаһандық жауапкершілік, барша адамзатқа ортақ бастамалар. Қазақстан халықаралық қатынастарда сенімді орнықтыруға, халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың борышы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың парызы. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тіршілік ету ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Біздің халқымызда Атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кездер өткенде, ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша аянбай тер төгіп, жерімізді сақтап қалған. Ал осы жерлерді ардақтап, қадір тұту бізге міндет. Отан үшін отқа түс – күймейсің деген осы болса керек. Қайрат пен Ляззат сияқты жаужүрек батырларымыз Отан үшін жанын пида етіп, үлкен абыройға ие болды. Аты өшпей, тарихта мәңгі қалады.

Егемен дамудың 30 жыл ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді, Стратегия - 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырды, Стратегия - 2050, "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады. Бүгін Қазақстан - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында жаңғырған өзгерістердің көшбасшысы. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық, Астана саммиті, Ислам ынтымақтастық ұйымындағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі, Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық - бұл Қазақстанның жүргізіп жатқан саясатының арқасында қол жеткізілген үздік, таңғажайып жетістіктер.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген құдіреттілік, өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін. Халықтың еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі заманның үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, болашаққа бастаушы, болашақты жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу, оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://qazaqstan.tv/news

  2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs

  3. https://massaget.kz/






2


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!