Материалдар / Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2603
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – ХVII ғасырлардағы дамуы

Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Іданова

Кенжегүл

Қатысқан оқушы-20

Қатыспағаны-0

Сынып: 6



Сабақ тақырыбы:

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.10-қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6-қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;


Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Салқам Жәңгір ханның баласы әз Тәуке хан мемлекетті нығайтудағы рөлін туралы біледі.

Басым бөлігі: XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын түсінеді.

Кейбірі: Тәуке ханды неліктен «Дала Ликургі» деп атағанын талдайды.


Бағалау критерийлері

1.Тәуке хан туралы әңгімелеп айта алады.

2. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын ажырата алады

3. «Жеті жарғының» бөлімдерін талдайды


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тәуке, Ликург, хандық билік, тақ мұрагері, дала заңы, феодализм, аристократия, уәзір, хан, би, әскери заң, жасақ; жеті жарғы

Тілдік дағдылар:

Тыңдалым дағдысы- бейнебаян көру

Жазылым дағдысы – әңгіме жазу

Айтылым – сұрақтарға жауап беру

Оқылым- материалдарды оқып, пайдалану.


Құндылықтарды дарыту




7.Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуын басшылыққа ала отырып

патриотизмге, отансүйгіштікке,өз халқы үшін мақтаныш сезіміне,көшбасшылыққа, ұлттық сана – сезімге,бостандыққа баулу.


Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, құқық негіздері дүние тарихы,

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


6.3.2.7

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

















Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларға Тәуке ханның және Ликургтың суретін көрсету арқылы сұрақтар қоямын.

«Бұл кім?»

  • Суреттерде кімдердің бейнесі бейнеленген деп ойлайсыздар?

  • Ликург деген кім?

  • Ликург деп қай мемлекетте айтылды?

  • Тәуке ханды неліктен Левшин Ликургпен байланыстырып салыстырды деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Оқушыларды суреттер арқылы үш топқа бөліп аламын. Суреттердің мазмұнына байланысты топтар Әйтеке би,Тәуке би,Қазыбек би тобы деп аталады










































Портреттер



Презентация

Сабақтың ортасы

5-15
























15-20





































20-25

25-30



Тәуке хан туралы бейнематериал көрсетіп ақпараттық органайзер парағын таратып,түсіндірме жүргіземін.

Мақсаты бейне материал негізінде ақпараттық органайзерді толтыру.

Зерттеу сұрақтары:

Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады?

Ж:Ақпараттық органайзер

1

Жарғы

Ақшалай немесе заттай төленетін шығынның мөлшері.

2

Қылмыс

Сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған адамдарға қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

3

Жаза

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы сот төрелігін жүргізуші.

4

Құн

Құқық бұзылушылықтың бір түрі.

5

Би

Әділдік деген ұғымды білдіреді. Қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары.


Бағалау критерийі

Дескриптор


«Жеті жарғының» бөлімдерін талдайды

1.Ақшалай немесе заттай төленетін шығынның мөлшері не екенін біледі.

2.Сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған адамдарға қолданылатын мәжбүрлеу шарасы туралы біледі.

3.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы сот төрелігін кім жүргізетінін біледі.

4.Құқық бұзылушылықтың түрін біледі

5.Қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормаларын біледі

Т:«Мәтінмен жұмыс»

Тәуке ханның алдына қойған басты мақсаты - ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды. Хандыќ үкімет билігінің беделін көтеріп, ақсқйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін, ол бірсыпыра шараларды іске асырды. Оның тұсында құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын әдептік құқықтық «Жеті жарғы» деп аталатын нормалар жиынтығы жасалды. 1681-1685 жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады.

Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты. 1710 жылы жау шабуылын қалай тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды.









«Ойлан,тап!»

1.Тәуке ханның алдына қойған мақсаты

2. Тәуке ханның заңдар жинағы

3.Жонғар феодалдарының шабулы

4.Қарақұмдағы құрылтай болды

5. Тәуке хан күреске тартты


Бағалау критерийі

Дескриптор:


XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын ажырата алады

1.Тәукенің алға қойған мақсатын біледі.

2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы кім шығарғанын біледі.

3.1681-1685жж жоңғар феодалдарының шабулын біледі

4.Қарақұмдағы құрылтайдың қашан болғанын біледі

5.Тәукенің қарақалпақтар мен қырғыздардың

жоңғарларға қарсы күреске тартылғанын біледі.





«Ой түйін»

1.Тәуке хан неліктен «Әз-Тәуке» деген атқа ие болды?

2.Тәуке ханның заманын неліктен «Алтын ғасыр» деп еске алынады?

3.Тәуке хан неге билер кеңесіне жүгінді?


Кері байланыс «Дүрбімен қарау» тәсілі

1.Тәуке ханға саяси қайраткер ретінде мінездеме беру;

2.Тәуке ханға заң шығарушы тұлға ретінде мінездеме беру

Тәуке хан туралы бейне материал

Презентация





























Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап баспасы, 2010. 336-б.






Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал.

9, №5 2010ж

6, №2, 2015ж


Таратпа материалдар, кестелер, слайд

Сабақтың соңы

30-38

















































Бағалау

38-40

Ж:5 R маңыздылық кестесі:

Есте

қалатыны


Тәуке хан кім? Несімен есте қалды?

Нəтижелі

лігі


Қарақұмдағы құрылтайдың қандай нәтижелігі болды.


Айрықша

мəнділігі


Қарақұмдағы оқиға нақты сол уақытта қандай көрініс

тапты?

Бұл оқиғаны маңызды немесе бірегей деп санады

ма?

Жеті жарғының маңыздылығы неде?


Жаңғырығы


Біздің қоғамда «Жеті жарғы» көрініс табапты ма?

Қазіргі қоғамның қалыптасуына өзінің əсерін тигізді ме?

Қарақұмдағы оқиғаға адамдар қандай баға бере алды ?

Айқында

йтын\басқа да қырларды

түсінуге жол

ашатындығы

Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы мен қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның ұқсастығын айқындау.

Дескриптор:

1.Тәуке хан туралы біледі.

2.Тәуке ханның бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салғанын біледі.

3.Қарақұмдағы құрылтай туралы біледі.

4.Құрылтайдың анықтайды.

5.Оқиғаның қандай көрініс беретінін анықтайды.

6.Оқиғаның маңыздылығын біледі.

7.Жеті жарғыны туралы біледі.

8.Жеті жарғыны талдай алады.

9.Қарақұмдағы құрылтайға баға бере алады.

10. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы мен қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның ұқсастығын айқындайды.


Үй тапсырмасы. Тәуке ханның заңдарын Ликург заңдарымен салыстырыңыздар(ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажыратыңыздар.)





Презентация, кесте, стикер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Мәліметтерді жинап, нақтылау арқылы, топтық,жұптық және жеке жұмыс жасау тапсырмаларын беремін. Тапсырмалар жеңілден күрделіге өзгеріп отырады. Нәтижесінде оқушы білімі сараланып, мұғалім оқушы деңгейін анықтай алады. Термин сөздерге түсінік бере отырып,жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндіктер жасаймын. Мысалы, «Ақпараттық органайзер» арқылы болашақта оқушының ойын еркін жеткізе алуына қолдау көрсетемін.

«Мәтінмен жұмыс»жасату арқылы оқушыларды тез ойлантуға бағыттаймын.

Оқушылардың тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін ашу мақсатында Тәуке ханның қол жеткізген жетістіктерін тарихи пирамидаға салып, 5 аргумент айту арқылы танымдық денгейін арттырамын.

«5 R маңыздылық кестесі» әдісін қолданғанда білім алушының қызығушылығын арттыра отырып,белсенді оқытуды жүзеге асырамын. Білім алушылар өзінің қызығушылыңына орай жеке қабілетін дамыта отырып,тарихи оқиғалардың құндылығын ұғынып,өзіндік бағасын береді.Тарихи оқиғаларды шынайы өмірмен байланыстырып, құнды пікір айта алады.Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып,мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады.

Нәтижесінде

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.



















Мұғалім оқушыларды жұмыс жасау барысында бақылап жүреді, қажет болса кеңестер береді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін, мұғалім жақсы жақтарын атап өтеді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атайды.

Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағал анады.

Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру. Оқушы денсаулығын сақтау үшін қажет болған жағдайда сергіту сәттері ұсынылады. Интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!