Материалдар / Тазалық – денсаулық кепілі!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тазалық – денсаулық кепілі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан, короновирустан сақтану жолдарын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән

Ашық тәрбие сағаты


Мұғалімнің аты жөні

Себепова А.Ғ.

күні

25.11.2020 жыл

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

Тазалық – денсаулық кепілі.

Мақсаты

1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан, короновирустан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер,
тыйым сөздер.

Мазмұны


Мұғалім

Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»:

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда.

- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Ал енді балалар сендерге әлемде болып жатқан жұқпалы ауру, яғни короновирус туралы айта кетейін. Әлемде кәдімгі тұмаудан жылына әлдеқайда көп адам қайтыс болады. Алайда, емі болмағандықтан, жаңа инфекция одан да қауіпті болып отыр.  Коронавирус -бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы.

Оқы

Ресурстар ЖАҢА КОРОНАВИРУС ДЕГЕН НЕ?

Жаңа  коронавирус (КоВ) — адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.   

ҚАНШАЛЫҚТЫ ОЛ ҚАУІПТІ?

COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі  мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал. 

ЖАҢА КОРОНАВИРУС АДАМНАН АДАМҒА БЕРІЛУІ МҮМКІН БЕ?     

Иә, COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы  үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін.  

МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАМЫН?

- Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;

- Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз *Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;

- Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз *Не үшін? COVID-2019   респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;

- Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз *Не үшін? Біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал;

- Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы  болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз *Не үшін? Аталған белгілер респираторлы жұқпаның, соның ішінде COVID-2019 вирусының әсерінен туындауы мүмкін.    

- COVID-2019 коронавирусы тараған аймақтардың тұрғындары мен қонақтары бұл вирусты жұқтыруы мүмкін.

ӨЗІМДІ ҚОРҒАУ ҮШІН МАСКА ТАҒУЫМ КЕРЕК ПЕ?

Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен  үйлестіру қажет. Яғни  қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу  керек.    

АУРУДЫҢ АУЫР АҒЫМЫ КІМДЕ БОЛУЫ МҮМКІН?    

COVID-2019 адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат әзірге болмағандықтан, аурудың ауыр ағымы жоғары қауіп-қатері қарттарда және басқа да патологиялары ( қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдарда анықталуы мүмкін.  

ВИРУС ҚАЛАЙ ТАРАЙДЫ?   

Жаңа коронавирус респираторлы вирус болып табылады. Ол инфицирленген адаммен қарым-қатынаста болғанда, оның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылары, мысалы жөтелгенде, түшкіргенде, сілекей тамшылары немесе мұрын бөлінділері  арқылы тарайды. Респираторлы гигиена ережелерін сақтау барлығына маңызды  болып табылады. Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен жабу қажет. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастау керек. Сонымен қатар қолды үнемі сабынмен жуу немесе спирті бар заттармен өңдеу де өте маңызды.     

ЗАТТАРДЫҢ БЕТІНДЕ ВИРУС ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ?  

COVID-2019 вирусының заттардың бетінде  өмір сүру ұзақтығы 14 күнге дейін белсенділігін жоймайды. Бұл дегеніміз қатерлі індет, адамнан адамға ғана емес, зат арқылы да жұғу қаупі жоғары. Сондықтан жиі дезинфекция жасаудың маңызы зор. Коронавирустың жансыз заттарда сақталуы мерзімі қанша?


Вирус алюминийде, қолғапта 8 сағат, ағашта 2 күн, темірде 3 күн, әйнекте 4 күн, қағазда 5 күн, пластик заттарда 7 күнге дейін өмір сүреді. Сондықтан егер сіз жұмыста болсаңыз, мүмкіндігіңізше дезинфекциялық заттармен немесе сабынды шүберекпен жиі тазалаған дұрыс. Айтпақшы, маскаға жұққан вирус 7 күн сақталады.


Мамандар вирус киімге жұқса, 2 күн сақталатын айтады. Сондықтан сырттан келген соң мүмкін болса, киімді сабынды шүберекпен сүрту керек Немесе антисептик себіңіз. Қолды 20 сек жуудың маңызды екенін бұған дейін айттық. Ал үйде хлор, белизна сияқты тазартқыштармен 2-3 рет сүрту артық болмайды.

ҚЫТАЙДАН НЕМЕСЕ ВИРУС АНЫҚТАЛҒАН БАСҚА ДА МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ПОШТАЛЫҚ СӘЛЕМДЕМЕ АЛУ ҚАУІПСІЗ БЕ?  ?????????    Иә, қауіпсіз. Сәлемдемені алғанда сіз жаңа коронавирусты жұқтырмайсыз. Басқа коронавирусты зерттеу тәжірибесі бұл вирустардың хаттар немесе пошталық сәлемдемелерде ұзақ уақыт өмір сүре алмайтынын көрсетіп отыр.  

АНТИБИОТИКТЕР COVID-2019 ЖҰҚПАСЫНЫҢ ЕМІ МЕН АЛДЫН АЛУЫНДА ТИІМДІ ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ МА?

Жоқ, антибиотиктер вирусқа қарсы әсер көрсетпейді, олармен тек бактериалды жұқпаларды емдеуге болады. Жаңа коронавирус  вирустар тобына жатады, демек, оның емі мен алдын алуына антибиотиктерді қолданудың қажеті жоқ. 

COVID-2019 ЖҰҚПАСЫНЫҢ ЕМІ МЕН АЛДЫН АЛУЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАР БАР МА? 

Қазіргі уақытта жаңа коронавируспен шақырылған жұқпаны емдеу мен алдын алу үшін ұсынылған дәрілік заттар жоқ.

 Сондықтан, балалар, түшкіргенде бет-орамалмен аузымызды жабуымыз керек және де беті-қолымызды сағат сайын, тамақ ішер алдында жуып отыруымыз керек. Себебі, Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

Орындалуы

Медбикенің сөзі:

Ал қазір біз Маржан апайға сөз берейік.

 Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенге тоқталып өтейін.
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс - жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
Медбике: Әрқашан осылай таза жүріңдер, ауырмаңдар.



Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Әр адамның жеке бас гигиенасына арналған өз заттары ________________, _________________, _________________ болуы керек. Гигиена сақтау _____________көмектеседі. Тазалық денсаулықты __________көмектеседі. Гигиена қоршаған ортаның адам_____________ әсер етуіне байланысты медицина саласы. Жеке бас_________ сақтаған адамның денсаулығы жақсы болады.

Тірек сөздер: орамал, тарақ,тіс щеткасы, денсаулығына, сақтауға, денсаулықты нығайтуға ,тазалығын.

«Жоғалған әріптер» ойыны. Дұрыс сөзді құрап, орыс, ағылшын тілінде аудармасын айтады.
1. Д...... і (дәрі,
лекарство ,medicine) 
2. в...та...н (витамин, витамин,
vitamin) 
3. Г...и...на (гигиена, гигиена,
hygiene) 
4. Б..пер...е (бетперде,
маска, mask)

5. тұ......у (тұмау, грипп, flu) 
6. д...
ау.... қ (денсаулық, здоровье, health

7.т..за…қ (тазалық, чистота, cleanliness)

8. В..р..с (вирус, вирус ,virus)

«Тәрбие көзі – халықта» кезеңі.

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛ ЖАРЫСЫ

1.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

2. Денсаулық — зор байлық

3. Жарлының байлығы —
Денінің саулығы.
4.Ауру болып ем іздегенше

Ауырмайтын жол ізде.
5. Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

6. Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.

7.Тұмау аяғы құрт,

Тұман аяғы жұт.

8.Сергектің сенімі нық.

9.Ас адамның арқауы

10.Денің сау болса,

Жарлымын деме

Жолдасын көп болса,

Жалғызбын деме

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі (Томас Карлейль)

Денсаулық - байлықтан қымбат (Джон Рей)

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек( әл-Фараби)


Бекіту сұрақтары: «Ашық микрофон»


1 Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 Короновирус дерті туралы толық ақпарат алдыңыз ба?

3 Короновирустан өзіңіз қорғана аласыз ба?

4 Бұл вирустан жақындарыңызды қорғауға әзірсіз бе?


Сабақты қорытындылау:


Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ». «Халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.»,-деп соңғы жазба қалдырған танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің сөзімен аяқтағым келеді. Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

Сау болыңыздар!


Shape1





Shape2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!