Техникалық және кәсіби
білім берудің өзекті
мәселелері.
Қасым Жомарт Тоқаев білім туралы жолдауында "Орта білімнің сапасы — табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек. Ата-аналар мен оқушылар алған білімінің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс деді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда.
Бұл білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай ғылыми-зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер қарастырылуда. Бұл ерекшеліктердің негізгі бағыттары қандай болу керек дегенге келсек: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы кезеңі, білім берудің жаңа мазмұны мен технологиясына көшу, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасайтын білім дайындығының базалық компонентін анықтау; орта мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту, жалпы орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейімдік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі жағдайларына сай және дер кезінде бейімделуіне мүмкіндік туғызуы; өз бетінше даму механизмін қалыптастыру, тағы басқасы болып табылады. Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншектерді өз икеміне қарай дұрыс кәсіпке бағыттаса, болашақта сапалы маман мен әр кәсіби саланы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер туындайды.
Осы орайда Әбу Насыр әл Фарабидің: «Білім мен тәрбие жас ұрпақтың кос канаты», - деген өнегелі сөз ойымызға оралады.
«Бейіндік оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралау, жіктеудің педагогикалық жүйесі» деген анықтама беріледі. Бейіндік пәндер жаратылыстану-математикалық бағыт және гуманитарлық бағытқа бөлінеді. Осы бағыттар бойынша білім алушы мамандығын таңдайды, жоғары оқу орнына түсу мақсатында сол бейіндік пәндер бойынша дайындалады. Одан кейін білім алушы кәсіптік және техникалық білім алуды көздейді. Ол екі жүйеден тұрады:
1.Бастапқы кәсіптік білім
2.Орта кәсіптік білім
Бастапқы кәсіптік білімді кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептерде негізгі жалпы білімнен соң (9 сынып) алуға болады және ол еңбек қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша білікті жұмысшыларды (жұмыскерлерді, қызметкерледі) даярлауға бағытталған. Бастапқы кәсіптік білім алу жалпы орташа білім алумен ұқсас болып келеді. Бастапқы кәсіптік білімді жеке мамандықтар бойынша оқу мерзімінің қысқартылған түрі бойынша жалпы орта білімнен (11 сынып) соң да алынады.
Орта кәсіптік білім негізгі жалпы, орташа жалпы және бастапқы кәсіптік білім негізінде орташа кәсіптік білім беру мекемелерінде (колледж, оқу орындары) конкурстық негізде беріледі және ол орташа кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы орта, туыстас мамандықтар бойынша бастапқы кәсіптік білімі бар азаматтар орта кәсіптік білімді қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша алуға болады.
Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен жеке-жеке әңгімелесуінің өте үлкен маңызы бар. Әңгіме кезінде мұғалім оқушының кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып жүргенін жақсы біледі. Оқушылардың кәсіптік бағытын білу – мұның өзі мұғалімге олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының пәрменділігін күшейтуге, олардың ынта-ықыласы мен бейімділігін дамытуда жақсы басқаруға көмек көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім оқушының мамандықты таңдап алуына белсене ықпал жасауға, оған өзінің кәсіптік болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне көмектесуге мүмкіндік береді.
Денсаулық және мамандық таңдап алу арасында тығыз байланыс бар. Педагогикалық әдебиетте көрсетілгендей, мамандық таңдау кезінде жасөспірім, әдетте, өз денсаулығының жайын және таңдап отырған еңбекке өз денесі дамуының сәйкестігін ескермейді. Бұл мәселеге ата-аналар да кейде дұрыс қарамайды. Ал ғалымдардың зерттеулері мамандық жөнінде дәрігерлік кеңестердің зор маңызы бар екенін көрсетеді. Кейбір жағдайларда тексерілген оқушылардың жартысынан көбіне мамандықты таңдау жөнінде түрліше шек қойылады. Олардың ең жиі кездесетін себебі: реакцияның ауытқуы, тірекқимыл аппараты жағынан өзгеріске ұшырауы, жалпақ табандылық, аяқ-қол сүйектерінің өзгеруі және басқа да кемшіліктері, ішкі мүшелерінде болған ауытқушылық салдары.
Қорыта айтқанда, 21 ғасырда білім беру жүйесіндегі алдағы оқу жылы білім гранттарының көбеюі, әсіресе техникалық мамандықтарға көңіл бөлу, шетелдермен студенттер алмасу сияқты шаралар жастарға жасалатын жеңілдіктердің бір қыры ғана емес. Жастарға берілген білім олардың ақыл-парасатымен ұштасқанда ғана құнды болмақ. Өскелең өрендердің жаналыққа ұмтылысын орынды бағыттай білу – әрбір ұстаздың кәсіби қызметінің міндеті, қоғам алдындағы парызы, абыройлы борышы екендігін атып өткім келеді. Ғылыми жобамды аяқтай отырып, мынадай ұсыныс білдіремін: бейіндік оқыту барысында білім аймақтарында оқушылар бойында қалыптасуы тиіс айқындалған құзіреттіліктер пәндердің базалық мазмұндарын беру барысында қалыптасып, тәжірибе нәтижесі ғылыми негізделіп, ұсыныстар ретінде мемлекеттік құжаттарда көрініс табуы қажет.
Автор: Орманалиева Жазира Маусыналиевна
Тараз қаласы, «Тараз сервис және технология колледжі».
«Шаштараз өнері» мамандығының өндірістік оқыту шебері.
Тел 87771709803
Ormanalieva1984@mail.ru
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Техникалық және кәсіби білім берудің өзекті мәселелері!

шағым қалдыра аласыз