Материалдар / Технологиялық карта I кіші "Еркетай"тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Технологиялық карта I кіші "Еркетай"тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі қызметкерлерге әдістемелік көмек құралы ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

14 технологиялық картасы

Өткізген: Сулейменова Г.М.

Өткізу мерзімі: 09.03.2021 ж.

Топтың жас ерекшелігі: №1 I кіші топ

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: «Сенсорика»

Тақырыбы: «Бақбақтар».

Міндеттері:

Б.М.:Геометриялық пішіндерден бақбақ гүлін құрастыру;

Д.М.:Белгілі бір түсті пішінді түрлі заттарды (бақбаққа) бейнелей отырып, сөйлеуді, зейінін, қиялын дамыту;

Т.М.:Өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:бақбақ гүлінің суреті,фланелеграф,жасыл жолақшалар,көрсетуге арналған сары дөнгелектер(бақбақ гүлдер),үлестірмелі қағаздар-өсімдіктер бейнеленген алаңқай,әрбәр балаға бақбақ гүлдерге арналған сары дөнгелектер(тірелкелер).

Сөздік жұмыс:бақбақ.

Билингвальды компонент:бақбақ-одуванчик.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Бақбақ туралы тақпақ оқу:

«Үлбіреп бақбақ,

Шағынды сазда

Өседі қаптап».

Бақбақтың суретін қарау.

Сөздік жұмыс:бақбақ.

Билингвальды компонент:бақбақ-одуванчик.


-Бақбақ гүлінің түсі қандай?

-Гүлді не ұстап тұр?

Балалар тақпақты тындап,бақбақтың суретін

арастырады.



«Бақбақ»сөзін қайталайды.




-Сары.

-Гүлдің сабағы.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,бүгін біз сендермен өз бақбақ гүлімізді жасаймыз.Қарандаршы,мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

Бұл сабағы болады.

-Ал,мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

Бұл-бақбақ гүлі болады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

-Балалар,алаңқайға қарандаршы,онда өсімдік сабағы бар,бірақ бақбақ гүлінің күлтешелері жоқ.

-Кәне,балалар,бәріміз бірге алаңқайымызды толықтырайық.

Тәрелкелердегі пішіндер қандай?

Әрбір сабаққа бір-бірден бақбақ гүлін орналастырындар.

Жеке жұмыс жүргізеді.

-Қарандаршы,біз қандай әдемі бақбақ гүлі өсіп тұрған алаңқай жасадық.




-Жасыл түсті жолақша.


-Сары,дөнгелек.









-Сары,дөнгелек.




Балалар жұмысты орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Гүлдер шешек атты»дидактикалық ойын.

Педагог балаларға бақбақ гүлінің қалай ашылатынын бейнелеп көрсетулерін сұрайды.

Қолдарын бастарына қойып тұрады(гүл жабылды),қолдарын ашып жаяды(гүл ашылды).

Күтілетін нәтижелер:

Біледі:пішіндерден бақбақ гүлін жасайды;

Игереді:өсімдікті сабағы ұстап тұратынын;

Меңгереді:бейне шығатындай етіп түрлі түсті геометриялық пішіндерді орналастыруды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!