Текстура. Материал.
Жалпы, текстура дегеніміз материалды құрайтын бағдарлы элементтер. Текстураны, мысалы, қарапайым тақтадан байқауға болады, ондағы көптеген ұсақ талшықтардан суретке ұқсас бейнелер құралады. Сонымен қатар металл және керамикалық материалдарда да текстура болады.
Үш өлшемді графикасындағы текстура деп нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық суретті айтамыз.
Blender бағдарламасындағы текстура.Материал.
Blender бағдарламасында текстураны қолдану үшін келесідей батырмалар көмегіне жүгінеміз: Shading (F5) және Texture Buttons. Модельге бірнеше текстураны қолдануға болады (олар қатпар сияқты орналасады). Егер қатпар текстурадан тұрса, онда Texture панелінде қатпар бағанында «Tex» деген жазу болады. Әрі қарай Texture Type тізімінен керекті текстураны таңдаймыз. (3.7.1-сурет).

3.7.1-сурет. Текстура түрлері.
Әдетте, нысанға текстураны жай ғана қолдана салу жеткіліксіз болады. Дұрыс нәтиже алу үшін оның баптауын өзгерту керек. Баптаудың бір бөлігі Texture Buttons батырма командасында болса, екінші бөлігі Material Buttons баптауында орналасқан.
Мысалы, 3.7.2-суретте су мен ағаш бөлігі бейнеленген. Осындай нәтиже алу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз.

3.7.2-сурет. Мысал сурет
Су бетін жасау үшін жазықтыққа Clouds(бұлт) текстурасын таңдаймыз. Баптауында Material – Map to – Nor батырмасын шертеміз. Nor батырмасы текстураға бедер қосады. Оны жүгірткі арқылы қозғалтып реттейміз. (3.7.3- сурет).

3.7.3- сурет. Су бейнесін жасаудың баптауы
Ағаш бейнесін алу үшін цилиндр нысанын қолданамыз және оған Wood текстурасын қоямыз. Текстураны таңдаған соң жанында оның баптаулары бар панель пайда болады. (3.7.4-сурет)

3.7.4-сурет. Ағаш реңін құруды баптау
Текстураның түсін Material buttons батырмасынан таңдау керек.
Көп қолданылатын текстуралардың бірі Image текстурасы. Бұл текстура арқылы нысанға алдын ала өзіміз дайындаған суретті жапсыра аламыз. Осы текстураны таңдаған соң Load батырмасына шертіп, суреттің тұрған жеріне жол сілтеп таңдап аламыз.
3D max7-тегі текстура.
3D max 7 графикасында текстураны, материалды нысандарға қолдануды қарастырайық.
Мысалы, жұмыс алаңында пирамиданы саламыз. Оның түсі жай қызғылт түс немесе қандай да бір басқа түс болуы мүмкін (3.7.5-сурет).

3.7.5-сурет. Нысанды құру
Енді осы пирамидаға текстура саламыз. Ол үшін Material Editor терезесін шақырамыз. Standard типінен материалды өңдеу терезесін ашамыз: Diffuse батырмасын шертеміз – Material/Map Browser –ден керекті текстураны таңдаймыз, мысалы, Wood текстурасын белгілеп Ok батырмасын шертеміз. (3.7.6-сурет).

3.7.6-сурет. Текстура таңдау
Сосын Assign Material to Selection – Show Map in Viewport батырмаларына шертеміз. Текстура нысанға орналасады (3.7.7-сурет).

3.7.7-сурет. Текстура қолданылған нысан
Дәл осындай тәсілмен Diffuse – Material/Map Browser – Bitmap әрекетін орындау арқылы басқа да сурет қорларына жол сілтеп, өзің қалаған немесе жасаған текстураны немесе материалды таңдап алуға болады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
-
Текстура деген не?
-
Текстураны қолдану әрекет тізбегі қандай?
Практикалық тапсырма:
-
Geometry - Standard Primitives – тен Plane, Cone, Teapot нысандарын пайдаланып 3.7.8а-суреттегідей кескін құрастыр. Ол нысандарға 3.7.8б-суреттегідей текстура қолданып түр- түстерін өзгерт.

3.7.8а-сурет. Нысандарды орналастыру 3.7.8б-сурет. Нысандарға әр түрлі текстура қолдану
-
Blender бағдарламасында сахнаға бірнеше нысандар орналастырып, оларға әртүрлі текстура қойыңыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Текстура. Материал
Текстура. Материал
Текстура. Материал.
Жалпы, текстура дегеніміз материалды құрайтын бағдарлы элементтер. Текстураны, мысалы, қарапайым тақтадан байқауға болады, ондағы көптеген ұсақ талшықтардан суретке ұқсас бейнелер құралады. Сонымен қатар металл және керамикалық материалдарда да текстура болады.
Үш өлшемді графикасындағы текстура деп нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық суретті айтамыз.
Blender бағдарламасындағы текстура.Материал.
Blender бағдарламасында текстураны қолдану үшін келесідей батырмалар көмегіне жүгінеміз: Shading (F5) және Texture Buttons. Модельге бірнеше текстураны қолдануға болады (олар қатпар сияқты орналасады). Егер қатпар текстурадан тұрса, онда Texture панелінде қатпар бағанында «Tex» деген жазу болады. Әрі қарай Texture Type тізімінен керекті текстураны таңдаймыз. (3.7.1-сурет).

3.7.1-сурет. Текстура түрлері.
Әдетте, нысанға текстураны жай ғана қолдана салу жеткіліксіз болады. Дұрыс нәтиже алу үшін оның баптауын өзгерту керек. Баптаудың бір бөлігі Texture Buttons батырма командасында болса, екінші бөлігі Material Buttons баптауында орналасқан.
Мысалы, 3.7.2-суретте су мен ағаш бөлігі бейнеленген. Осындай нәтиже алу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз.

3.7.2-сурет. Мысал сурет
Су бетін жасау үшін жазықтыққа Clouds(бұлт) текстурасын таңдаймыз. Баптауында Material – Map to – Nor батырмасын шертеміз. Nor батырмасы текстураға бедер қосады. Оны жүгірткі арқылы қозғалтып реттейміз. (3.7.3- сурет).

3.7.3- сурет. Су бейнесін жасаудың баптауы
Ағаш бейнесін алу үшін цилиндр нысанын қолданамыз және оған Wood текстурасын қоямыз. Текстураны таңдаған соң жанында оның баптаулары бар панель пайда болады. (3.7.4-сурет)

3.7.4-сурет. Ағаш реңін құруды баптау
Текстураның түсін Material buttons батырмасынан таңдау керек.
Көп қолданылатын текстуралардың бірі Image текстурасы. Бұл текстура арқылы нысанға алдын ала өзіміз дайындаған суретті жапсыра аламыз. Осы текстураны таңдаған соң Load батырмасына шертіп, суреттің тұрған жеріне жол сілтеп таңдап аламыз.
3D max7-тегі текстура.
3D max 7 графикасында текстураны, материалды нысандарға қолдануды қарастырайық.
Мысалы, жұмыс алаңында пирамиданы саламыз. Оның түсі жай қызғылт түс немесе қандай да бір басқа түс болуы мүмкін (3.7.5-сурет).

3.7.5-сурет. Нысанды құру
Енді осы пирамидаға текстура саламыз. Ол үшін Material Editor терезесін шақырамыз. Standard типінен материалды өңдеу терезесін ашамыз: Diffuse батырмасын шертеміз – Material/Map Browser –ден керекті текстураны таңдаймыз, мысалы, Wood текстурасын белгілеп Ok батырмасын шертеміз. (3.7.6-сурет).

3.7.6-сурет. Текстура таңдау
Сосын Assign Material to Selection – Show Map in Viewport батырмаларына шертеміз. Текстура нысанға орналасады (3.7.7-сурет).

3.7.7-сурет. Текстура қолданылған нысан
Дәл осындай тәсілмен Diffuse – Material/Map Browser – Bitmap әрекетін орындау арқылы басқа да сурет қорларына жол сілтеп, өзің қалаған немесе жасаған текстураны немесе материалды таңдап алуға болады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
-
Текстура деген не?
-
Текстураны қолдану әрекет тізбегі қандай?
Практикалық тапсырма:
-
Geometry - Standard Primitives – тен Plane, Cone, Teapot нысандарын пайдаланып 3.7.8а-суреттегідей кескін құрастыр. Ол нысандарға 3.7.8б-суреттегідей текстура қолданып түр- түстерін өзгерт.

3.7.8а-сурет. Нысандарды орналастыру 3.7.8б-сурет. Нысандарға әр түрлі текстура қолдану
-
Blender бағдарламасында сахнаға бірнеше нысандар орналастырып, оларға әртүрлі текстура қойыңыз.
шағым қалдыра аласыз













