Теледидар- ең ықпалды БАҚ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теледидар- ең ықпалды БАҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып Т1 қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "теледидар -ең ықпалды БАҚ"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

7-бөлім. Бұқаралық ақпарат құралдары.Синтаксис

Педагогтің аты-жөні :

Тлемисова Р.К.

Күні:

06.03.2024

Пәні:

Қазақ тілі

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теледидар - ең ықпалды БАҚ .


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.3.1 мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Мақаланың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырат алады. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

7 минут

















Сабақтың ортасы

13 минут






5 минут

































15 минут

























Сабақтың соңы

5 минут











1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал

3.Топқа бөлу







Ой түрткі

Жеке тапсырма

1-тапсырма

1) Сенің отбасыңда теледидардың рөлі қандай?

2) Отбасыңда кім қандай бағдарламаны көргенді ұнатады? Өзің ше?

3) Қазақстандық немесе шетелдік телебағдарламалардың қайсысын жиі көресің? Ол бағдарлама несімен ұнайды?


Жұптық жұмыс

2-тапсырма

Жағдаят. Бүгін- анаңның туған күні. Қай БАҚ құралы арқылы құттықтар едің? Құттықтау мәтінін жаз. Оны жолдау үшін өзің қалаған БАҚ құралына телефон шалып сөйлес.

Тілдік бағдар

Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.

  Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.

 Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы

 сыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:

 1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.

 2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.

 3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.

4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.

Топтық жұмыс

3-тапсырма

Мәтінді мұқият оқы. Мақаланың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырат.

1)


2) Мәтін қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз

3) Мәтіннен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді анықта. Синтаксистік талдау жаса.

Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші?

4. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс?


Психологиялық ахуал











Сұрақтарға жауап береді.










Сұрақтарға жауап береді. Құттықтау жанрында мәтін құрайды.































Мәтінді мұқият оқиды. Мақаланың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Мәтіннен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтйдыа. Синтаксистік талдау жасайды.

















Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді.

-ойларын жеткізеді.





Дескриптор:3б

-құттықтау жанрында мәтін құрайды,

-құрылымын сақтайды.































Дескриптор:4б

-мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;

-мәтіннің жанрын ажыратады;

-дәлелдер келтіреді.

-мақсат бағыныңқылы құрмалас сөйлемді анықтайды.



































Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2024
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі