Материалдар / "Температураны өлшеу әдістері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Температураны өлшеу әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі

«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»

Н.Ә. Назарбаев

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді күнделікті жұмыс барысында ұғындық.Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міндеті.Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қалай жүзеге асырылуы мүмкін. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған  топтық жұмыс  XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі  өмірге бейімдеп оқытуда  маңызды болуға тиіс деп ойлаймын.  Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі  ғой.
Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады.
Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі-  білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының  бойында оқушылық кезеңіне ғана емес,  кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады.
Физика пәнін алатын болсақ, күрделі есепті топқа береміз.Топта А,В,С деңгейінің оқушылары аралас отырады.Сол жерде В және С деңгейіндегі оқушылар есептің берілгенін немесе негізгі қолданылатын формулаларды біледі,бірақ оны түрлендіре алмауы мүмкін. Ал А деңгейіндегі оқушы формулаларды ары қарай түрлендіріп есептің шешуін өлшем бірлігімен нақты жазады.Бұл жерде топтық жұмыстың пайдасы бір оқушы білмесе екіншісіне түсіндіре отырып өзіде жұмыс жасайды.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық  жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!