Материалдар / "Теңге -ұлттық вальюта " Тәрбие сағаты 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Теңге -ұлттық вальюта " Тәрбие сағаты 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
4727
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі









Тақырыбы


: Shape1

1-сынып





Өткізген:Қойшыбаева Л.А



Бекітемін: ТІЖО Қайбалиева Ф.Ғ

Тақырыбы: Теңге - ұлттық валюта

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің  ең  бірінші  айрықша белгісі  теңгемен тереңірек  таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын  жете білуменнен  байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Барысы: 

Ерте заманда ақша рөлін мал, аң терісі, Қытайда- шай, тұз атқарған. Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған. Ақшаның пайда болуы тауар өңдірісінің дамуына және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюының нәтижесінде ақша рөлі түрлі металлдарға ауыса бастады. Өйткені металл әсіресе, алтын, күміс ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан, ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған Тараз, Отырар қалаларында қола, мыс теңгелер соғылған. Бұл ақшалар ел экономикасында ерекше міндет атқарған. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңге. Ол 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. Теңге бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі әдемі, заман талабына сай жасалған ақша белгілерінің бірі. Кескін-келбетін жасауға Қазақстан Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсал Дүзелхановтардың қосқан үлестері қомақты. Бүгін де теңгеміз тұрақты валюта ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатыр.

Тиын ақшалар металдан жасалады. Тиын ақшалар арқылы бізге бағзы замандағы зор маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, жануарлар әлемі жеткен. Тиындар қазір де мемлекеттің тарихи табыстарын, мәдени мұраларын, айтулы азаматтарын есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылады. Абай, Жамбылдың 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 5, 10 жылдығына арналған мерейтойлық ақшалар бар.

 Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті… Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының  рубльдік  аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
       1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары»компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.

Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­та­сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн­ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енді.

Ескі үлгідегі ақ­­ша­лар­ды Қазақстанның жаңа теңгесіне айыр­бастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.

Халықаралық мамандар­дың пікірінше, теңге ТМД аумағындағы тұрақты валюталар қатарында. Негізі ұлттық валютаның дайындалуы аса құпия түрде болған. Алғашқыда 70 жылдан астам пайдаланып келген кеңестік ақша – рубльді қолдана бермек болғанбыз.  Бірақ Ресей 15 одақтас республикалардың әрқайсысының өз ақшасы болсын деген­ талап қойды.

1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.

Алғашқы тең­ге­­нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңге­ні қағазға ба­сып беру тура­лы тапсырысы­ компа­нияның әлем­дік­ дең­гейде атын шы­ғаруға себеп болды. Теңгенің арқа­сын­да аталмыш компания Ұлыбритания ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.

Жер шарына атын шығарған теңгеге құрмет ретінде ағылшын компаниясының бас ғимаратында біздің ақшамыздың суреті салынған тақта ілінді. Содан айналымға енгізілген қағаз ақша түріндегі тиындар уақыт өте келе темір ақшаға айырбасталса, арада көп ұзамай, ұсақ ақшалар түгел темірге көшірілді.

Ұлттық валютамыз айналымға енгізілгенше ағылшындар мен Қазақ елінде болып жатқан оқиға туралы тірі жан білмеген. Лондоннан жеткізілгеннен кейін теңге 8 күннің ішінде еліміздегі барлық банкке түгел таратылды. Осылайша, ұлттық валютамыз отандастар қолына тиді.

Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұр­сұл­тан­ Назарбаевтың өзі барып ашты.

Теңге туралы ой толғаған Елбасы кейінірек ақшаны дайындау барысында түрлі жайт болғанын айтты. Күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңге­нің тұңғыш келбеті бүгінде музейлерде сақтаулы.

Ол­­ар­да­ әл-Фа­ра­би, Сүйін­­бай, Құр­­­манғазы, Шо­­қан, Абай жә­не Әбіл­хайыр мен Абы­лай хан­дар­дың су­реті болған. 90-шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды. Майда ақша­ларымыз да бар. Алғашқысы қағазға басылса, кейінгісі темірден түйілді.

Алайда, ол майда ақша кейіннен айналымнан шығып қалды. Теңгенің де кескіні өзгерді. 3 теңгелік номинал жоғалды. 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ақшамыз темір теңгеге айналды. Ал, құны 200, 500 және 1000 теңгелік ақшаларда әл-Фараби бабамыз ғана бейнеленді.

Ақшаны айналымға енгізбес бұрын оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болатыны айқын. Өйткені, оңай жолмен «жеңіл» пайда тапқысы келетіндер кез келген валютаны қолдан жасауға тырысады. Сондықтан, кез келген мемлекет ақшаның дизайны мен қорғаныш сызықтарын күшейтуге мүдделі.

Арада бір мүшел өткенде, яғни, 2006 жылы теңге өзгеріске ұшырады. Ондағы суреттер алынып тасталып, яғни, қорғанышын бекіте түсті. Себебі, жасанды ақшада қара дақтар пайда болатындықтан, ақшаның көшірмесін жасауға құштар алаяқтардың арманы іске аспайтыны белгілі. Содан кейін 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттар да пайда болды. Бұл теңгелер де дизайнымен көзге түсіп, талай халықаралық байқау­­да жеңімпаз атанды.

Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілі­гінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы бо­лып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішін­де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол­дауы­­мен түрлі қаржы дағдарысына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапы­нан инвестициялық сенімге де ие болды

Диалогты толықтырыңдар.

-Біздің еліміздің ұлттық валютасын білесің бе?

-Теңге

-Теңге қай жылы қабылданды?

-1993 жылы

-Теңгенің қандай белгілері бар?


«Әр елдің өз валютасы»

а)«Табыс»

Италия – лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал

Қырғызстанда-/сом/                                                                                                     

Ресейде -/рубль/                                                                                                 

Германияда — /марка/                                                                                        

Америкада — доллор                                                                                                                                   

б) « Тиын»

Ұлыбританияда-/фунт/                                                                                          

Украинада — /гривна/                                                                                            

 Қытайда — / юань/                                                                                             

Тәжікстанда — /манат/                                                                                       

Өзбекстанда — /сум/                                                                                              

Түркияда -/ лира /                                                                                                      

Латвияда –  / лат                                                                                                                           

Кореяда — / йена 

Жағдаяттар  шешу . Топ болып талқылап, жауабын  сахналаңыз.                   

«Табыс»1-жағдай:Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр .Сенің іс-әрекетің …?                                                                                                       

2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың.Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  60 теңге бар.  Балмұздақ  60 теңге, 3 алма 60 теңге,  1 қорап сағыз  60 теңге  Қай затты алар едің? Неге?                                                                                                          

« Тиын»1-жағдай: Сенің  былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің  келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің  әрекетің…?                                                                                                              

2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк  болады деді.Билет  бағасы – 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?       

Қорытынды:                                                                                                                     – Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 25  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!