Материалдар / Терапия түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Терапия түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Терапия түрлері Арт-терапия Музыка трапиясы Бейнелеу терапиясы Ойын терапиясы Құм терапиясы Иппотерапия
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2022
1689
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Терапия түрлері

АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыкалық терапия
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.

Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.

Құм терапиясы
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді



Иппотерапия

Салт атпен жүру (иппотерапия) – ең керемет тиімді емдік дене шынықтыру.

Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады.

Ат үстінде жүру эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді, көңіл-күйді көтереді.

Иппотерапияның дамуына ат спортшысы дат қызы Лиз Хартелдің мына оқиғасы серпін берді. Полимиелитпен ауырған ол біртіндеп сал ауруына ұшырай бастады. Л.Хартел спорттағы мансапты енді мүлдем ұмытатын шығармын деп ойлады. Бірақ, бірде мүгедек арбасында отырған Лизді ипподромға әкелген кезде, ол қайтадан аттың үстіне отырып, аздап онымен серуендеуге талпыныс жасады. Мұнысы сәтті шықты. Бір аптадан соң ол атқорадан қайта көрінді, содан соң қайта, қайта… осы жерден табылды. Осылайша 9 жыл өтті. Нәтижесі болды. Дәрігерлердің оптимистік болжамдары былай болды: жүре алады, бірақ, екі таяқтың күшімен. Ат спортшысы Лиз Хартел 1952 жылы Хельсинкидегі Олимпиялық ойындарда салт жүруден күміс медальға ие болды.

Жігері мықты дат қызы журналистер мен дәрігерлердің көзіне түсті. Ол көптеген арбаға таңылған жандарға үлгі болды. Осыдан соң Еуропада, АҚШ-та иппотерапия орталықтары құрыла бастады.

1950 жылдардың соңында мұны психикалық және неврологиялық ауруларға қолдана бастады. Қазір 52 елде иппотерапия орталықтары бар.

Ал біздің елімізде салт атқа мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал – зоотерапияны дамытуға үлес қосады.









Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстүрлі емес әдіс.

Хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Бұған әр құрлықтан табылған тасқа басылған суреттер дәлел бола алады. Ал суреттер «мәтіні» ХІХ ғасырдың соңында оқылды.

Ежелгі египеттіктердің папирусында емдеу мақсатында мысықтарды пайдалану әдістемесі жазылған.

Шамамен 3000 жыл бұрын ежелгі гректер жаралы жауынгерлердің әдеттегіден гөрі тезірек жазылуына көмектескен иттің емдік қасиетін анықтаған.

Ежелгі Үндіде дәрінің орнына құс әуенін тыңдауды «ұсынған».

Ғалымдар ұмыт қалған ежелгі рецепттерді жаңғыртты. Б.э.д. V ғасырда Гиппократ қоршаған ортаның адамға әсерін байқап: «Ат үстінде жүру – тек қана жаралы адамды ғана жазып қоймай, меланхоликтерге жаман ойлардан арылып, керісінше, көңілін сергітіп, жақсы ойлар ойлауға жәрдемдеседі», – депті.

Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар -емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.

Негізі жануарлармен емдеу терапиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен етек ала бастады. Бұл әдістің «пионері», америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған.

Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып сеанс жүргізеді.

Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді.

Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам психологиясы мен псхикасына әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.

Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады.

Енді зоотерапия мен олардың арасындағы «емдеуші терапевтерге» жекелей тоқталайық…

Дельфин ойыны

Суда әдемі қылықтар көрсетіп, әлсін-әлсін су бетіне секіріп шығатын бұл хайуанаттың ойынын қызықтағанды кім ұнатпайды?

Оның түрлі ойынын қызықтаған адам психологиялық күйзелістен арылып, көтеріңкі көңіл күйге қол жеткізеді. Дельфинмен «тіл табысқан» адам шаршағанын ұмытып, ойлау қабілеті жақсарады, дағдарыс жағдайында тез әрі дұрыс шешім қабылдайтын болады.

Дельфинмен емдеу, әсіресе, апатты жағдайларды, мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия. Олардың пациенттері – кәсіпкерлер, шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар.

Сүлікпен емдеу

Тері бетіне жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде денең түршігеді.

Алайда, пайдасы зор сүлік салу ғылымда «гирудотерапия» деп аталады.

Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді. Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда тамаша нәтижелер береді екен. Сүлікті қажет деген жерге арнайы маман ғана салады. Сүлік салу күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасына, басқа да ауруларға тиімді ем болып жүр. Соңғы кезде адамдар сүліктің көмегімен целлюлитті емдеп, арықтап, тіпті жасарады.

Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде екен.

Араның уы

Жазда жәндік шаққаннан бәріміздің де мазамыз кетеді. Алайда, араның шаққандағы уы – ем.

Мұны ғылым тілінде «апитерапия» деп атайды. Латын тілінен аударғанда «apis» – «ара» деген екен. Ара – емдік фаунада көшбасшылардың бірі. Ол – уымен емдейтін жәндік. Ара уының таңғажайыбы – физиологиялық процестердің мықты катализатор болуы. Бір тамшы уының құрамында ақуыз, тиісті 20 амин қышқылының 18-і, бейорганикалық қышқылдар, Менделев кестесінің түгелге жуығы және көптеген дәрумендер бар. Ал оның қаншама шақырым жерді жүріп өтіп, сан алуан гүлдерден теретін балы көп ауруға шипа екені белгілі.

Мысық-емші

Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» деп аталады.

Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.

Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.

Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.

Мысықтың мияулаған даусы – 20-дан 50 герцке дейінгі белгілі дыбыс толқындары. Оның осы мияуы организмнің қорғаныш күшін арттырады, жараның жазылуын тездетеді. Мұндай жиіліктегі дыбыс толқындарының әсері нәтижесінде сүйек тығыздығы артып, қол-аяқтың морт сынуы азаятын көрінеді.

Ит-дос

Латын тіліндегі «kanister» сөзі – ит дегенді білдіреді.

«Канистерапия» – итті пайдалану арқылы емдейтін терапия түрі. Итпен серуендеу – күнделікті өмірде қозғалысы аз адамдарға және гиподинамияға қарсы тамаша ем. Сондай-ақ, жүрек-қан тамыр ауруларының мүмкіндігін азайтады. Ит адамның жалғыздығын ұмытуға көмектеседі, қожайынының өзін өзі бағалауын жоғарылатады, мінез ашықтығын күшейтеді.

Ал оның тілімен жалағанының өзі ем. Өйткені, сілекейінде (мысықтағы секілді) ауру тудыратын микроорганизмдерді жоятын лизоцим ферменті бар.





Арт-терапия – бұл өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапиялық және психологиялық түзету түрі. Сөздің кіші мағынасында арт-терапия деп психоэмоциялық көңіл-күйге әсер ету мақсатындағы бейнелеу өнері терапиясын түсінуге болады. Арт-терапия әдістері заманауи сауықтыру жүйелерінің, дербес және рухани дамыту жөніндегі авторлық әдістемелердің бір бөлігіне айналып отыр. Олар түрлі жастағы және әлеуметтік санаттағы адамдармен жұмыс кезінде белсенді түрде қолданылады. Қазіргі кезде әдістің мынадай пайдалы қасиеттері анықталған: Мүсіндеуді, сурет (қарындашпен, бояулармен) салуды пайдалану – агрессияны және жиналып қалған теріс эмоцияны қайтарудың қауіпсіз және әлеуметтік қолайлы тәсілі. Ішкі күйзелістер мен соқыр сезімнің шиеленісуі көру бейнелерінің көмегімен жеңіл және ауыртпашылықсыз білінеді. Орасан зор ақпарат саны терапия үдерісі кезінде барлық диагностикалау жұмысын түсінуге негіз болып табылады. Адам өзі аңғара бермейтін ең терең сезімдерді білдіруге мүмкіндік береді, өйткені соқыр сезім шығармашылық үдеріске белсене қатысады. Эмпатияның топтануына, дамуына және терапиялық өзара әсердің нығаюына ықпал етеді. Шығармашылық үдеріс кезінде түрді, түсті және текстураны таңдау және пайдалану қажеттілігі белгілі бір шоғырлануды және ұйымдастырушылықты талап етеді және ішкі бақылауды қалыптастыруға көмектеседі. Осы уақытқа дейін жасырын болып келген дағдылар мен дамуды анықтау үдерісі кезінде пайда болатын қанағаттанушылық сезімі арт-терапияның жанама тиімділігі болып табылады. Бұл адамға өзінің дербес құндылығын сезіну әсерін күшейтуге мүмкіндік береді. Балалармен жұмыс кезінде арт-терапияны дұрыс қолдану жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Өйткені, адам психикасы, оның ішінде балалар психикасы саналы және санасыз болып бөлінеді. Барлық күйзелістер, қатты әсер ететін оқиғалар, жайсыз эмоциялар, егер олар бастан үйлесімді түрде өтпеген болса, біраз уақыт өткеннен кейін саналы күйден санасыз күйге ауысады. Ол жақта олар қорқыныш, үрей, бастығырылу, шектен тыс қыңырлық немесе әсерленгіштік түрінде пайда болады. Психиканың сарбаздар сияқты жағымсыз күйзеліс сезімдерін үнемі сезінуден қорғайтын тетіктері бар. Алайда олар сол сезімдермен жұмыс істеуге кедергі де келтіреді. Өйткені балаға кейде, дәрігерден қорқудың қажет еместігін, ересек монстрлардың шын мәнінде жоқ екендігін, ал ата-аналардың ешқайда кетпейтінін айтып түсіндіру өте қиын. Бұндай «алынбас» күйзелістермен жұмыс істеу үшін, қорғау механизмін жұмсақ және биязы, ойын түрінде жеңіл айналып өтетін, баланың бойында қандай күйзеліс бар екенін түсінуге және байқатпастан оларды түзетуге мүмкіндік беретін арт-терапия қажет. Арт-терапиялық сабақтар кезінде бала өзін байсалды, қолайлы сезіне бастайды. Агрессия мен мазасыздық артта қалады, бала өз іс-қимылынан ләззат алады. Табыстылық үшін қажетті құрамдас бөлік – педагог тарапынан толық түсіністік пен қолдау. Табысқа қол жеткізу үшін, мынадай жағдайлар жасалуы тиіс: барлық нәрсе тек өз еркімен ғана және мәжбүрлеусіз жасалуы тиіс; жұмыстың жағымды тұстарын таба білу, өз проблемасын шешуге ұмтылған баланы көтермелеу, мақтау маңызды; жетекші-көмекші әрдайым мейірімді болуы, ешқашан дауыс көтермеуі және ұрыспауы тиіс; көмекші тек жұмысты қадағалап қана қоймайды, сонымен қатар болып жатқандарға өз қарым-қатынасын да білдіреді, көңіл күйін көрсетіп, негізгі тұстарын түсіндіреді. Арт-терапия түрлері: бейнетерапия; музыкотерапия; ертегітерапия; құм терпиясы; ойын терапиясы; би-қозғалыс терапиясы; мультитерапия. Балалармен жұмыс істеуде арт-терапияны қолдануды, заңды түрде басқа психологиялық және әлеуметтік жұмыстармен қатар ішкі себептермен пайда болған шығармашылық әдістемесінің жүйесі арқылы көрініс табатын денсаулық сақтаушы инновациялық технология ретінде ұсынуға болады. Шын мәнінде бұл даму деңгейі аралас топтардағы қабілеттері әртүрлі балалармен жұмыс істеудің тамаша әдісі болып шықты, өйткені ол әр баланың өз деңгейінде әрекет етуіне, оның солай қабылдануына мүмкіндік береді. Бұл әдіс қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де қолданылуы мүмкін және өзін-өзі бағалауды арттырудың және өзіне деген сенімін нығайтудың (бұлардың екеуі де оқу барысында балалардың қателіктер жасау және жаңаны байқап көру «тәуекеліне» ниет етуінің негізінде жатыр) тамаша құралы болып табылады. Бұны топтық ынтымақтастықты дамытуда қолдануға болады, ол балаға өзі сөзбен жеткізе алмайтын немесе дауыстап айта алмайтын нәрсесін білдіруіне көмектесе алады.

Источник: https://edu.mcfr.kz/article/389-qqq-15-m2-16-02-2015-art-terapiya-balalardy-emotsiyaly-trydan-damytu-raly

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!