Материалдар / Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру ісінде соңғы жылдары түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі,қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 67 ЖББМ

Көркем еңбек пәні оқытушысы


«Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан Білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз-өмір тұл. Терең білім-тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой-азаматтығымыздың алдаспаны» деп көрегендікпен білімнің қоғамдағы орнын айқындап берді.

Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам-ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам». Кез келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады.

Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру ісінде соңғы жылдары түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі,қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру.

«Технология» түсінігі ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен білімге «жаңа компьютерлік технологияның» енуімен байланысты. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ-та пайда болған және қазіргі кезде дерлік барлық әлемнің елдерінде таралған.

Технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлдле жаңаша жолдарын қарастырады деген түсінік артықтау. "Педагогикалық технология" дегеніміз не? Бұл жөнінде В.П. Беспалько былай деді: «Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәрбиеде жүзеге су жобасы». Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәрбиеде жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.

Орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» еңбегінде ол өзінің өндіріспен келген, яғни шикізат өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да оған өзіндік анықтамасын береді.

Қазақстандық ғалым А.Қ.Қисымова болса: «Технологияландыру- ұжымдаспаған және ретсіз қызмет нысандарын ұйымдасқан әрі ретті күйге қолдан көшіру процесі немесе мақсатты қызметті ұйымдастырудың бір нысанын екіншісіне, жаңалауына әрі тиімділігіне ауыстыру. Технология кез келген тиімді саланың сәтті болуының әмбебап. Негізгі ретінде күнбе-күнгі операцияларды біріздендіре отырып, еңбек мәдениетін ұдайы өсіреді, түйсікті қызметтің жаңа аумақтарын ашып, игеруге жұмсауға мүмкіндік береді, технологияландыру әсерінен тәжірибе үнемі технологияға, дәл ғылымға айналып отырады; шығармашылық тапсырмаларды ойластыру мен орындауға қажетті уақыт қалдырылады» деп тұжырымдайды.

Сонымен, технология-біріншіден, диогностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру дегенді білдіреді. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдармен жүреді. Технология-жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология оқытудың,білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, дамыту, т.б іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету,білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.

Педагогикалық технология-білім беру мақсатты білім беру жүйесін игеру деп анықталса, онда технологиялар білімді игерудің сапасымен көлемі бағалайды.

Жапондық ғалым-педагог Т.Сакомото тұжырымдамасында педагогикалық технология-педагогикаға жүйелі ойлау тәсілдерін ендіру немесе «білімді жүйелеу», «сыныптағы оқытудың жүйелеу» болып табылады. Әрине, жүйе, жүйелік ғылымның қол жеткен соңғы жаңалығы емес, жүйелік әлемге тән қасиет, ол адамзат тәжірибесі мен ойында да тән қасиет. Адам қызметі жүйесіндегі мәселелердің туындауы жүйеліліктің жеткіліксіздігін, ал білгірлікті шешу жүйені технологияландыру арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізу қиын емес.

ХХ ғасырдың 80-жылдары Ресейде балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамуда жаңалықтарында жоғары нәтижеге берген жаңашыл-мұғалімдер тобы құрылды. Олардың кейбіреулерінің ортақ көзқарастары болды: оқушының оқу жұмысын жеңілдету мен оқуды белсенді қабылдау танымдық әрекетті басқару әдістемесі және және т.б Ерекше айта кететін жағдай жаңашылдардың бұл бағыттары оқытушының авторитарлық көзқарастан гуманды, демократиялық көзқарасқа ауысуына ақпал етеді. Бұл деген педагогикалық бірлестіктің болашақ бағытты білдіреді.

Қазақстанда Ш.Қаланова,Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева, Ж.Кобдикова, М.М.Жампейісова т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Ж.А.Қараевтің оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясын қолдану арқылы келесі тиімділіктерге қол жеткізуге болады:

  • деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

  • Деңгейлік тапсырмаларды (олардың қаншалықты орындап жатқанын бақылап отыру мақсатымен) оқушы тақтадағы ілулі тұрған тізімдегі және «жұмыс дәптерінің» соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін «+» белгісімен белгілеп отырады.

  • қалғанын үйде орындайды, олар «V» белгісімен белгіленеді. Берілген кесте «ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді.

Бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігі олардың арасында жарысу жағдайын туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады.

Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыға екінші деңгейдің тапсырмалары;

екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;

т.с.с деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да еңбекқор оқушылар орындай алады.

Осылайша, әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту қағидасы орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Жинаған ұпайларын оқушылар кестеге әр сабақтың соңында белгілеп отырады, соңында график салады. Ол-оқушының даму мониторингісі деп аталады.

Педагогикалық технологияларды жаңа заман мектептерінде қолдану- мұғалімнің шеберлігін, іскерлігіне байланысты. Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.

Жаңару қоғамында әлеуметтік өзгерістер білім берудің дәстүрлері моделінің дағдарыстарын айқын көрсетті. Білім беруде ауқымды өзгерістердің өсуіне байланысты тұлғаның жаңа заман талаптарына көнуі алғы шарт болып отыр. Олар:

-оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруда білімді белсенді түрде игеру;

-жаңа қоғам талаптарының өзгерістеріне тұлғаның қажеттіліктерін оқу үрдісі арқылы үйрету;

Педагогикалық үрдіс «педагог-оқушы» жүйесінің алмасу жағдайы. Яғни, педагогикалық үрдісте жүйе құрушы фактор болып тұлға-педагог тұлғасы, оқушылар тұлғасы. Егерде педагогикалық үрдісте тұлғаның дамуымен қалыптасуына талаптар оқу орнының оқу-тәрбие жұмысы сәйкес келсе, онда толық педагогикалық үрдісті шығару технологиясы қалыпқа сәйкес болады.

Педагогикалық үрдіс өзіндік реттеу мен өзіндік ұйымдастыруға қатысты әлеуметтік жүйенің жеке құбылысы. Материалды емес өндірісте "адам-адам" жүйесінде адамның өзі дұрыс реттелгенде ғана қанағаттанады. Сондықтан педагогикалық еңбектің технологиясының дамуының көкейтестілігі заман талабына сай асақажеттілікті игеру керек.

Дегенмен, оқытудың түрін, үлгісін таңдау білім беру саясатына, оқытудың мақсатымен міндетіне, оқытушының,бағытталуына тәуелді.

Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады. Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол-білім! Ол-еңбек!

Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты (Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінен)


Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты «Назарбаев Университетінде» оқыған интерактивті дәрісі. Егемен Қазақстан, 2012,6 қыркүйек

2. Қараев Ж.А. Оқытудың педагогикалық технологиялары.-А.: Республикалық баспа кабинеті,1999.-55с

3.Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру-А: 20002-32б

4.Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп оқытудың педагогикалық-технологиясы.А,2007ж

5. Қоянбаев С. «Педагогика»,1998

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!