Материалдар / Тері құрылысы мен қызметі

Тері құрылысы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тері құрлысы мен қызметі. Ашық сабақ колледж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың технологиялық картасы

Технологическая карта занятия

Пән/ Анатомия, физиология және денешынықтыру гигиенасының негіздері

Дисциплина

Мерзімі/Дата 12.03.2020 ж

Келісілді________________

Топ/Группа 1 курс 101,102 топ

Сабақтың № 4 Дәріс

Урок№

Тақырыбы

Тема занятия: Тері құрылысы мен қызметі. Тері гигиенасы

Сабақтың мақсаты/Цель занятия:

  • Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты анықтау

  • Терінің бөліп шығарудағы маңызын сипаттау

  • Тері ауруларын белгілері және пайда болу себептерін сипаттау;

  • Тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

  • Терінің құрылысы мен қызметтерін біліп түсіндіреді;

  • Тері ауруларының белгілерін сипаттайды

  • Терінің бөліп шығарудағы маңызын бағалайды.

  • Тері аурулардың пайда болу себептерін сипаттап, алдын алу жолдарын қышыма, теміреткі, безеу бөртпелер мысалында түсіндіреді.

Білімділік: Терінің қызметі мен құрылысы туралы мәлімдеме беру, тарау бойынша алған білімдерін тексеру, пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру.

Образовательная:

Дамытушылық: студенттерге ойлауға берілген сұрақтарға нақты жауап беруге, жолдастарының жауабын толықтыруға, өзінің көз-қарасын дәлелдеу және айта білу; шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Развивающая:

Тәрбиелік: өзінің денсаулығын күтуге және жеке бас гигиенасы  ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Оқып отырған пәніне қызығушылығын, мақсаттылығын талдай білуге тәрбиелеу

Воспитательная:

Сабақтың типі: Ашық сабақ

Тип занятия

Сабақтың қамтамасыздандырылуы/Обеспечение занятия

А) оқу-көрнекілік құралдар/учебно-наглядные пособия: Адам физиологиясы Алматы «Білім» 1995 Х.Қ. Сәтпаева, Ж.Б. Нілдебаева, Ө.А. Өтепбергенова, Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Астана 2011 Ш. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы Набидоллина, Жұмабаев С. Алматы, 1996.

Б) үлестірмелі материалдар/раздаточный материал: плакат, макет

В) ТОҚ /ТСО: интербелсенді тақта, бейнематериал

Пәнаралық байланыс/Межпредметная связь: Физиология, генетика, биология, медицина

Өз бетінше жұмыс

Самостоятельная работа на занятии: Студенттер терінің құрылысы бейнелеген бойынша плакатпен жұмыс жасау.

Сабақтың өту барысы/Ход занятия:

A)Ұйымдастыру кезеңі/Организационный момент:

  • Студенттермен амандасу, тексеру

  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» сергіту сәті арқылы студенттер бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыруды көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Б) Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру: «Буклет» әдісі арқылы (Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында гүлде берілген сұрақтарына жауап беру)

Проверка знаний и умений обучающихся

Бағалау: Смайлк беру арқылы бағалау.


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Содержание и последовательность изложения новой темы

(Конспект)

Ой қозғау:

«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы студенттер аудитоия ішінде тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Студенттер бүкіл аудитория ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Инсерт әдісі арқылы студенттерден Не білемін? Не үйрендім? Не үйренгім келеді? сұрақ қою арқылы стикер жапсырады.





«Миға шабуыл» әдісі арқылы терінің құрылысы мен қызметі, тері гигиенасы туралы бейне көрсетілім көрсетіледі.

Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың қабаты сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп болса – қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.

Теріде май өндіретін май бездері бар. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.

Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері. Тер бездері арқылы денеден 500-900 мл су шығады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, хлорлы Na, К және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі жүріп отырады, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, ауыр еңбекпен шұғылданағанда, шынықтыру жаттығуларында көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.

Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады. Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, қантмырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды.Бала терісінде май көбірек болады. Терінің температурасы нәрестеде жоғары және тұрақсыз. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді. Себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген, 5-6 жаста толық жетіледі.

Қышыма қотыр кенесі тудыратын ауру. Қотыр кенесі нәзік, жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады. Аналығы салған жұмыртқа үш-төрт күннен кейін құртқа -дернәсілге айналады. Міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет. Қотыр кенесі эпидермисті зақымдайды. Дене ол әсіресе кешкі, түнгі мезгілде қатты қышиды. Алдын алу: ауру адамдармен жанаспау(қол алысу, киім ауыстыру, киіміне тию т.б), үй жануарлары мен малды ұстағаннан соң қолды киімді мұқият тазалау.

Теміреткі: Аурудың негізгі белгілері, қызғыш бөріткендер шығады. Кейін ол сұр түске ауысады. Кей кезде адамның ыстығы көтеріліп, мазасызданады. Бұл ауру негізінде шаштың түбінде, ер адамдардың сақал-мұртында және бет, қолдарында, кеудесінде болады. Алдын  алу шаралары: Бұл аурумен ауырған адамдарға көпшілік жерге-бала бақшаға, мектепке, моншаға, шаштаразға баруға болмайды.Ауру адамдарды қоршаған ортадан оқшаулау ұстау керек. Ауруға шалдыққандар тері дәрігеріне тез арада, ауруды асқындырмай қаралу керек. Дер кезінде емделмесе, онда созылмалы ауруға ұшырайды. Сол үшін ауруға шалдыққан адам немесе бала дәрігердің кеңесін тыңдап, емделгені дұрыс.

Дескриптор:

- терінің қызметі мен маңызын түсініп оқиды;

- терінің құрылысымен танысады;

- тері ауруларын ажыратып салыстырады.

Рефлекция:

«Жұмбақтың шешімін тап» ой сергіту арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту оларға қысқа уақыт ішінде (10 минут) қызықты жұмбақтарды шешеді. Сергиді ойларын жинақтайды.

Қиналып көтеріп, өзінен ауырды.

Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа)

Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық)

Бір-ақ сөз біледі өз аты онысы.

Соны айтып жүреді және жоқ қонысы. (көкек)

Бейбітшілік құсы деп,

Атайды оны барша жұрт. (көгершін)

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан. (аю)

Төрт аяғы бар,

Бір таяғы бар. (сиыр)

Түрі -жылқы бейнесі,

Жолақ-жолақ жейдесі. (зебра)

Аяғы бар,басы бар,

Арқасында тасы бар. (тасбақа)

Орманда оның тұрағы

Тоқ-тоқ етіп тұрады. (тоқылдақ)

Басында үшкір істігі бар,

өзіне лайықтап тон пішкен,

Секіріп тастан түскен. (ешкі)

Бұл не қылған ер еді?

Қандай мықты жүрегі.

Түздің маңғаз түлегі,

Бір ұрттам су татпастан,

Мың шақырым жүреді. (түйе)

«Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы әр топ басшылары билеттерді таңдайды. «Өрмекші» әдісі (постер) арқылы жаңа материалды пысықтау түйінді ойларды бекіту. Студенттер посттерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

- терінің қызметі мен маңызын түсіндіреді;

- терінің құрылысымен таныстырады;

- тері ауруларын ажыратып салыстырады.

Бағалау: топтық бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

«Кім жылдам» әдісі арқылы студенттер берілген сурет бойынша сипаттау. Үсік, күйік шалғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсету.

Дескриптор:

- үсік пен күйік ауруларын салыстырады

- биологиялық химиялық күйікті кестеге толтырады

- үсік пен күйік шалғанда алғашқы жәрдем көрсетеді.

Бағалау: Смайлк арқылы бағалау

Семантикалық картаны студенттер топтық жұмыс арқылы 3 минут ішінде толтырып беру. Толтырылған карта әр топпен алмасып бірін-бірі тексереді.

Дескриптор:

  • терінің құрылысы мен қызметінің маңызын айқындайды.

  • тері ауруларының алдын-алу шараларын жасайды.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалау.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

Закрепление нового материала, формирование умений и навыков

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары қалыптастырады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу біліктілік дағдысы қалыптасады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету біліктілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың қортындысы/Подведение итогов занятия

А) Рефлексия: -«Тазалық кері байланысы»

1-ші Чемодан ............. Тақырып бойынша керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.

2-ші Қоқыс жәшігі ............ Сабақтағы артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар

3-ші Ет тартқыш ............... Бүгінгі тақырыптың ішінде, әлі оқуым керек дегендері болса ет тартқышқа салыңыздар.


Б) Бағалау/Оценка: Pliсkers арқылы студенттерді бағалау.

В) Үй тапсырмасы/Домашнее задание: Тері құрылысы мен қызметі. Тері гигиенасы


Оқытушының қолы/Подпись предподавателя___________


















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ