Теріні қорғаудың жеке құралдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Теріні қорғаудың жеке құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері

Педагогтің аты-жөні

Спанов А.С.

Күні:


Сынып: 10 а,б

Қатысушылар саны: 24/21

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Теріні қорғаудың жеке құралдары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Теріні қорғайтын қарапайым құралдар, герметизациялау және арнайы майды сіңдіру арқылы оның қосымша қорғану қасиеттерін арттыру жолдары мен арнайы киім үлгісінің атқаратын қызметімен (Л-1 жеңіл қорғау киімі, сүзгілік қорғау қасиеті бар киім, жалпы әскери қорғану киімі) және оларды қолдану тәртібімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты





      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

20 мин.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымы.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымы (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағыш заттардан, сондай-ақ әскер киімі, аяқ киімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады.

Оның құрамына қорғаныш плащы, қорғаныш шұлығы, және қорғаныш қолғабы кіреді.

Жалпәскерлік құрама қорғаныш костюмі (ЖӘҚҚК) зиянды сәулеге шалдығу және ядролық жарылыстың радиоактивті шаңынан, улағыш заттардың булары мен аэрозольдардан қорғануға арналған.

Оның құрамына куртка, шалбар, қорғаныш ішкі киімі, бас киім, дулығаның ішінен киетін тоқымалы бас киім кіреді.

ЖӘҚҚК табельдік ЖӘҚТ-нан өз конструкциясы мен қол білезігін қорғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді қорғаныш іш киімнің болуымен ерекшеленеді.

Қарсылас жаппай жою қаруын қолданумен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүкін: «жорықтық», «дайын», «ұрыстық».

«Жорықтық» жағдайда қорғаныш плащын жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалданады, қапшық жоқ кезде қорғаныш плащы жиналған түрде иықтан асыра тасталынып белдікке бекітілген түрде арқада тасымалданады.

«Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ жағдайда плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.

«Ұрыстық» жағдайда плащты жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде киюге болады.

ЖӘҚТ кию тәсілдері:

- қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу керек;

- газтұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен бас киімді шешіп жерге қою керек;

- кительді шалбарға жинау керек;

- қорғаныш шұлығын кию керек;

- плащты жеңге кигізу керек;

- қапшықтағы жартылай сақинадан таспа ұштарын босатып, плащ артының етегімен оларды сақинаға енгізіп бекіту керек;

- айылбасқа ұстағышты ортадағы айылбасқа плащтың алдымен оң, содан соң сол етегімен қадап, бекіткішпен бекіту керек.

- айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жақ етегі оң аяқты жабатындай етіп қадау керек; орталық айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту керек;

- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға айналдырып айылбасқа қадау керек;

- екі үстіңгі ұстағышты қалдырып, плащ өңірін қадау керек;

- плащ үстінен жабдық пен газтұмылдырық кигізу керек;

- газтұмылдырықты «ұрыстық» жағдайға келтіру керек;

- дулығаның ішінен киетін бас киімді, ал содан кейін күләпараны кию керек;

- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау керек;

- қолғап кию керек; қаруды алу керек.


Газтұмылдырықты кию уақыты – 10 секундтан аспау керек, тұмылдырықты кию уақыты – 14 секунд.

Ашық жерде қорғаныш плащы мен газтұмылдырықты кию – 4 минут,

Бүркемелер мен машиналарда – 6 минут.

Комбинезонды кию уақыты – 6-12 минут.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымын шешу тәсілдері:

- жабдықты шешу керек;

- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту керек;

- бүйірлі белдікшелерді шешу керек;

- плащтың өңірін шешу керек;

- күләпараны шешу және оны арқаға ысыру;

- жеңнің белдікшелерін шешу;

- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу керек;

- плащ таспаларын (тоқыма бауларын) шешу керек;

- плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру керек;

- желдетілген жаққа барып, газтұмылдырықты шешу керек.

Жамылғы ретіндегі қорғаныш плащын қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын-шашын кезінде пайдаланады.

Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлармен басқа да факторларға байланысты қорғаныш құралдарды пайдаланудың жөнін анықтайды.

Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбеген кезде қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша айқындалады.

Бөлімшелердегі жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету.

Әрбір әскери қызметші өзіне берілген қорғаныш құралын бұзбай, үнемі даяр тұратындай күйде ұстауы керек, күн сайын оның жайын, ұсақ-түйек бұзылған жерін жөндеп, табылған, бірақ жөнделмеген ақауларын командирге баяндап отыруы керек. Жеке қорғаныш құралдарына техникалық қызмет көрсету күн сайын және кезеңдік болып бөлінеді.

Жеке қорғаныш құралдарына күн сайын көрсетілетін техникалық қызметті арнайы бөлінген әскери қызметші жүзеге асырады және қорғаныш құралдарына дезактивация, дезинфекция және газсыздандыру істерін жүргізуді күн тәртібі бойынша қару-жарақ пен әскери техникаға күтім жасауға бөлінген сағатта жүргізеді.

Жеке қорғаныш заттарына күн сайын техникалық қызмет көрсетуде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

- қорғаныш заттарын шаңнан, қоқыстан, таттан тазарту және кептіру;

- бұзылмағанын сырттай бақылау жасап тексеру;

- ағымдағы жөндеу негізінде ұсақ ақауларын жөндеу;

- ластанған жағдайда тыныс шығару клапандарын жуып тұру;

- газтұмылдырықтың жиналуының дұрыстығын тексеру;

- газтұмылдырықты терлетпейтін үлдірмен не мембранамен жинақтап салу;

Жеке қорғаныш құралдарына кезеңмен техникалық қызмет көрсету командир көрсеткен мерзімде жылына екі реттен кем емес тәртіппен жүргізіледі.

Кезеңдік техникалық қызмет көрсетуде әр әскери қызметші күн сайын көрсетілетін техникалық қызмет көрсетуде қарастырылған жұмыстарды орындайды, содан кейін нұсқаушы аспаптар көмегімен газтұмылдырық қораптарының тыныс алу төзімділігі мен газтұмылдырықта саңылаудың қалмауын тексереді.




Сабақтың соңы

5 мин.

- жалпы әскери қорғаныш толымының (ЖӘҚТ) арналуы мен құрылысы?

- ЖӘҚТ не үшін қолданылады?

- ЖӘҚТ қандай жағдайда болуы мүмкін?

- ЖӘҚТ кию тәсілдері?

- Жалпыәскерлік қорғаныш толымын шешу тәсілдері?






      Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. Педагог пәннің ерекшілігі мен оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша элементтер енгізуге құқылы.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2021
4004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі