Материалдар / Термодинамиканың І заңы. Энтальпия.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Термодинамиканың І заңы. Энтальпия.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
946
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Органикалық қосылыстарды анықтауға сапалық реакциялар


І. Еселі байланыстарға реакциялар:

  1. Бром суын түссіздендіру

А)

Б)

В)

  1. Калий перманганаты қатысында тотығу

А)

Б)


Бензол сақинасында да қос байланыстар бар, бірақ бензол бром суы мен калий перманганаты ерітіндісін түссіздендірмейді. Ал оның гомологтары біркелкі оңай тотығады.

бензол (бензой) қышқылы


ІІ. Бір атомды спирттерге сапалық реакция: мыс (ІІ) оксидімен тотығуы нәтижесінде қызыл түсті мыс түзіледі.

  1. Біріншілік спирттер тотыққанда альдегидтер түзеді:

  1. Екіншілік спирттер тотыққанда кетондар түзіледі:


ІІІ. Көп атомды спирттер жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттескенде ашық көк түсті ерітінді түзеді:

ЕСКЕРТУ: соңғы реакцияға сахарозада түседі, себебі көп атомды спирт.


ІV. Фенолдарға сапалық реакция:

  1. Темір (ІІІ) хлоридінде күлгін (фиолетовое) түске боялып комплексті тұз түзеді:

  1. Бром суымен ақ түсті тұнба береді:

2,4,6 – трибромфенол, ақ түсті.

  1. Концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ерітінді сары түске боялады:

2,4,6 – тринитрофенол немесе ПИКРИН қышқылы, сары түсті.

ЕСКЕРТУ: реакция күкірт қышқылының қатысында өтеді, себебі күкірт қышқылы су сорғыш зат. Азот қышқылының құрамынан суды сорып алады.

V. Альдегидтерге сапалық реакция:

  1. Күміс оксидінің аммиатағы ерітіндісімен альдегидтерді тотықтырғанда, күміс металл түрінде бөлініп, ыдыстың қабырғасына жабысады. Бұл реакция күміс-айна реакциясы деп аталады.

  1. Мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі де сапалық реакция. Алғаш сары тұнба – мыс (І) гидроксиді түзіледі. Содан кейін ол қызыл түсті мыс (І) оксидіне айырылады.

ЕСКЕРТУ: бұл екі реакция глюкозаға да сапалық реакция болып табылады, себебі глюкоза да альдегидтік топ бар.


VІ. Көмірсуларға сапалық реакция:

  1. Моносахарид - глюкозаны альдегидоспирт деп қарастыруға болады, сондықтан ол альдегид тобы арқылы альдегидтер сияқты күміс-айна реакциясына және мыс (ІІ) гидроксидімен реакцияға түседі.

А)

ГЛЮКОН қышқылы

Б)

  1. Дисахарид – сахарозаны көпатомды спирт деп қарастыруға болады, сондықтан көпатомды спирттердегі сияқты жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттескенде ашық көк түсті ерітінді түзеді.

  2. Полисахарид – крахмалдарға иод ерітіндісі сапалық реакция болады. Иод ерітіндісі крахмалмен қою көк түсті комплексті қосылыс түзеді.


VІІ. Белоктарға сапалық реакция:

  1. Ксантопротеин реакциясы (гр.ксанто – сары) құрамында бензол сақинасы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.

  2. Биурет реакциясы – мыс (ІІ) гидроксидінің ерітіндісімен белоктарға әсер еткенде ерітінді ашық көк түске боялады. Бұл реакция белоктардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.

  3. Құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда қорғасын сульфидінің қара түсті тұнбасы пайда болады.
















Органикалық қосылыстарды сапалық анықтауға

ҰБТ материалдарынан тапсырмалар


  1. Этан және этиленді ажырату тәсілі:

А) массасы бойынша

В) иісі арқылы

С) осы газдарды бромды су арқылы өткізіп

D) түсі бойынша

E) осы газдардың бірдей көлемін жаққанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемі бойынша

  1. Жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидімен көк түсті ерітінді түзетін зат:

А) бензол

В) этиленгликоль

С) этил спирті

D) фенол

E) глюкоза

  1. Белгісіз органикалық затқа мыс (ІІ) гидроксидін қосып қыздырғанда қызыл тұнба түзіледі. Ол зат ...

А) этанол

В) сірке қышқылы

С) формальдегид

D) этилен

E) фенол

  1. «Күміс-айна» реакциясын көрсететін көмірсу

А) целлюлоза

В) сахароза

С) глюкоза

D) фруктоза

E) крахмал

  1. Фенолды анықтайтын реактив

А) KMnO4

В) AgNO3

С) NaOH ерітіндісі

D) бром суы

E) Cu(OH)2

  1. Крахмалды тұрмыстық жағдайда ... көмегімен сапалық анықтауға болады

А) йод ерітіндісімен

В) ас содасының ерітіндісімен

С) қант ерітіндісімен

D) сірке суы ерітіндісімен

E) ас тұзы ерітіндісімен

  1. Бром суы реактив болатын қосылыс

А) қынықпаған көмірсутектер

В) оксидтер

С) көмірсулар

D) силикаттар

E) нитраттар

  1. Бромды сумен ақ түсті тұнба түзеді

А) фенол

В) бутан

С) ацетилен

D) этанол

E) бензол

  1. Ксантопротеин реакциясы ақуыздың құрамында ... көрсетеді

А) азот бар екенін

В) бензол сақинасының бар екенін

С) пептид тобының бар екенін

D) –SH бар екенін

E) күкірт бар екенін

  1. Олеин қышқылында бром суының түссіздену себебі ...

А) қанықпаған қышқыл болғандықтан

В) сұйық майлардың құрамында болатындықтан

С) ауыр карбон қышқылы болғандықтан

D) молекуласында карбоксил тобы бар болғандықтан

E) кеңістік изомері болатындықтан

  1. Глицерин, сірке қышқылы және формалинді осы затпен анықтауға болады:

А) бром суы

В) қыздырылған мыс сымы

С) мыс (ІІ) гидроксиді

D) фенолфталеин ерітіндісі

E) азот қышқылы (конц.)

  1. Мыс (ІІ) гидроксиді реакциясымен мына затты анықтау үшін қолданады:

А) фенолды

В) циклогександы

С) пропанолды

D) бензолды

E) глюкозаны

  1. Глюкозаның күміс-айна реакциясына қатысатын себебі, молекуласында ...

А) нитро тобы бар

В) карбоксил тобы бар

С) амин тобы бар

D) альдегид тобы бар

E) кетон тобы бар

  1. Фенолдың сапалық реакциясы

А) метанолмен әрекеттесуі

В) CuSO4-әрекеттесуі

С) FeCl3-әрекеттесуі

D) этанолмен әрекеттесуі

E) глюкозамен әрекеттесуі

  1. Күміс айна реакциясын көрсететін карбон қышқылы:

А) хлорбутан қышқылы

В) қымыздық қышқыл

С) үш хлор сірке қышқылы

D) бензой қышқылы

E) құмырсқа қышқылы

  1. Фенол, натрий ацетатын ажыратады:

А) темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісі және фенолфталеин ерітіндісі

В) лакмус ерітіндісі

С) сыртқы түрінен

D) лакмус ерітіндісі, сілті ерітіндісі

E) қорғасын нитраты, натрий гидроксиді

  1. Ацетиленге сапалық реакция

А) хлорвинилдің түзілуі

В) KMnO4 тотығуы

С) винилспиртінің түзілуі

D) ацетиленидтердің түзілуі

E) полимерленуі

  1. Бром суын жібергенде түссізденетін органикалық зат:

А) хлорметан

В) пропан

С) пропилен

D) метан

E) циклопропан

  1. Глюкоза молекуласында 5 гидроксил тобы барын осы заттың жәрдемімен анықтауға болады:

А) кальций карбонатымен

В) активтілігі төмен металдармен

С) күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен

D) сірке қышқылының ерітіндісімен

E) жаңа дайындалған мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасымен қыздыру

  1. Крахмалмен көк түс беретін зат

А) иод

В) астат

С) хлор

D) бром

E) фтор

  1. Альдегидтердің сапалық реакциясы

А) бромдану реакциясы

В) «күміс-айна» реакциясы

С) гидрлену реакциясы

D) гидраттау реакциясы

E) нитрлену реакциясы

  1. Моноаминдикарбон қышқылының ерітіндісінде лакмус түсінің өзгеруі:

А) көкке

В) сарыға

С) қызылға

D) күлгінге

E) алқызылға

  1. Ксантопротеин реакциясы – белоктың

А) күкірт қышқылымен қызыл түс беруі

В) концентрлі азот қышқылымен сары түс беруі

С) қорғасын ацетатымен қара түс беруі

D) мыс (ІІ) сульфатымен күлгін түс беруі

Е) тұз қышқылымен ақ түс беруі

  1. Сілтілік ортада белокқа мыс тұздарымен әсер еткенде, күлгін түске ауысады. Бұл –

А) Биурет реакциясы

В) Ксантопротеин реакциясы

С) Зинин реакциясы

D) Кучеров реакциясы

E) Вюрц реакциясы

  1. Толуолды анықтайтын реакция

А) жалынның түсі бойынша

В) KMnO4 әсері бойынша

С) бром суының әсері бойынша

D) хлормен реакциясы бойынша

E) судағы ерігіштігі бойынша

  1. Үш ыдыста: фенол ерітіндісі, этил спирті, глицерин берілген. Әр затқа тән сапалық реакция

А) бром және хлорсутек ерітінділері

В) Cu(OH)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!