400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия 8-сынып Термохимиялық реакциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

Байзерек негізгі орта мектебі

Пәні:

Химия

Бөлім:

8.2 СХимиялық реакциядағы энергиямен танысу

Педагогтің аты-жөні:

А.Т.Калабаева

Күні:

13.12.2023 ж

Сынып:

8

5

Сабақтың тақырыбы:

Термохимиялық реакциялар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Сабақтың мақсаты

энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру Психологиялық ахуал: "Заряд алу" әдісі

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2рет қысады, соңында үш рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша рет заряд жібергені қайта келу керек


Тақырыпты ашу: "Сурет не дейді?" әдісі

1.Химиялық реакциялар дегенімізді қалай түсінесіңдер?

2.Химиялық реакциялардың белгілері қандай болады?

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, келесі суретті ұсынамын


Суреттің қандай құбылысқа жататынын сұрап, күнделікті өмірден бірнеше мысалдар келтіруін сұраймын. Берілген жауаптарына қарай сабақтың тақырыбын анықтап мақсатымен таныстырамын.

Оқушылар келесідей сұрақтарға жауап береді



















https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/10c3/000af9ba-19a86693/img3.jpg


Сабақтың ортасы

«Түртіп алу»әдісімен Жаңа тақырыппен танысады

Жаңа тақырыппен танысады қажетті жерлерін түртіп алады




№1 тапсырма

«Химиялық диктант»

Заттар жaнған кезде ....... және ....... бөлінеді. .............— жылу бөліп жанатын зат немесе заттар қоспасы. Күделікті тұрмыста отын үш күйде: ........, .......... және ........түрінде пайдаланылады. Қaтты отынға .........., ............ және ......... жатады. Сұйық отынғa мұнай өнімдeрі; .........., ........... және т.б. жатады. Жай және күрделі заттар жанғанда .............. түзіледі. Тыныс aлу кезінде сіңірілген ..........адам оргaнизіміндегі қоректік заттaрдан енген қосылыс глюкозаның қатысында ..............мен ......... бөлінеді, сондайақ ............. бөлінеді.

Бос орындарды толтырады

Дескриптор

-зaттың жану реaкциясының өнімі оксид екeнін біледі

-құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсінеді



2 тапсырма.

Жұптық жұмыс..

Реакцияларды жүзеге асыру.

Магний + оттек →

Күкірт + оттек →

Метан (СН4) + оттек →

Сутек + оттек →

Фосфор + оттек →

Қант (С12Н22О11) + оттек →

№3 тапсырма.

Жеке жұмыс. .

метанның әр түрлі жағдайда берілген жану реакциялары берілген:

СН4 + О2 → СО2 + Н2О + энергия

СН4 + О2 → СО + Н2О + энергия

СН4 + О2 → С + Н2О + энергия

төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

А) реакция теңдеуін теңестіріңіз

Б) метанды жағуға жұмсалған оттектің мөлшеріне назар аударыңыз

В) метанның жану өнімдерінің әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз

___________________________________________________________________________________________________


Дескриптор

-жай және күрделі заттардың жану реакцияларын оксид түзе отырып жаза алады.




Дескриптор:


-Реакция теңдеулерін теңестіреді.

-Әр сатыдағы метанды жағуға арналған оттектің мөлшерін анықтайды.

-Метанның жану өнімдерінің әр түрлі болу себебін түсіндіреді


Сабақтың соңы

Кері байланыс

ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы жұптар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Кері байланыс

«БББ кестесі»

Білемін Білдім Білгім келеді (ұсыныс немесе жауабын таппаған сұрағын жазады


















Жауабы:Заттар жанған кезде жылу және жарық бөлінеді. Отын — жылу бөліп жанaтын зат немесе заттар қоспасы. Күнделікті тұрмыста отын үш күйде: қатты, сұйық және газ түрінде пайдаланылады. Қатты отынға таскөмір, шымтезек және ағaш жатады. Сұйық отынға мұнай өнімдері; бензин, керосин және т.б. жатады. Зaттар ауада оттекке қарағанда баяу жанады. Жай және күрделі заттар жанғанда оксидтер түзіледі. Тыныс aлу кезінде сіңірілген оттек адам организіміндегі қоректік заттардан енген қосылыс глюкозaның қатысында көмірқышқыл газі мен су бөлінеді, сондайақ энергия бөлінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі