Материалдар / Тест Атмосфера 5 сынып

Тест Атмосфера 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Атмосфера тест 5 сынып , ҰБТ жиі кездесетін сұрақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2023
436
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тест  «Атмосфера»  болімі

1.Жер шарын жанжағынан қоршап жатқан қабық: 

А) гидросфера     В) биосфера      С) атмосфера     Д) мезосфера     Е) литосфера


2. Ауа құрамы ... газдардың қоспасынан тұрады: А) азот, сутек, басқа газдардан   В) оттегі, сутек, басқа газдардан   С) оттегі, аргон, басқа газдардан  

Д) азот, метан, басқа газдардан   Е) азот, оттегі, басқа газдардан 



3. Ауа құрамындағы азоттың мөлшері

А) 78%   В) 21%     С) 79%      Д) 38%   Е) 70%  

4.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты А) стратосфера    В) мезосфера    С) ионосфера   Д) термосфера      Е) тропосфера

5. Ауаның өте құрғақ болуымен ерекшеленетін қабат А) стратосфера   В) мезосфера   С) ионосфера  Д) термосфера     Е) тропосфера

6. Соңғы кездері атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеуге кеңінен қолданылады А) радиозонд      В) шарзонд     С) метеорологиялық зымырандар     

Д) аэростаттар   Е) жердің  жасанды серіктері

7.Метеорологиялық стансалар қай ғасырдан бастап жұмыс істей бастады?

А) ХІХ ғасырдың 1­жартысынан        В) ХІХ ғасырдың 2­жартысынан        

С) ХҮІІІ ғасырдың 1­ жартысынан        Д) ХҮІІІ ғасырдың 2­жартысынан        Е) ХХ ғасырдың 1­жартысынан

8. Бұлт үйіріліп, жауын­шашын жауып, жел тұратын қабат А) ионосфера     В) мезосфера     С) термосфера    Д) тропосфера    Е) ионосфера

9.Қазақстанның қай қалаларында ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 5­10 есе асып түскен?


А) Шымкент, Алматы, Өскемен, Теміртау, т.б.    В) Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, т.б.   

С) Шымкент,  Ақтау, Атырау, Алматы, т.б.     Д) Зырян, Орал, Ақтөбе, Риддер, т.б.  Е) Өскемен, Семей, Ақтау,  Қызылорда, т.б.



10. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы аталады А) ауа қысымы   В) ауырлық күші    С) үйкеліс күші    Д) климат    Е) ауа температурасы

11.Қалыпты атмосфералық қысым қаншаға тең? А) сынап бағанасының 750 мм биіктігіне тең   В) сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең  

С) сынап  бағанасының 720 мм биіктігіне тең   Д) сынап бағанасының 740 мм биіктігіне тең 

Е) сынап  бағанасының 730 мм биіктігіне тең



12.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал 

А) гигрометр    В) термометр    С) барометр    Д) нивелир     Е) тұсбағдар

13.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасы А) айлық орташа температура     В) жылдық орташа температура   С) тәуліктік орташа температура   Д) тәуліктік амплитуда        Е) көп жылдық орташа температура

14. Ауа температурасын өлшейтін құрал А) термометр    В) эхолот        С) гигрометр        Д)  барометр      Е) анероид 15.Судың 86% ­ы қайдан келеді? А) өзендер мен көлдерден     В) көлдер мен теңіздерден   С) бұғаздар мен шығанақтардан  Д)  мұхиттар мен бұғаздардан   Е)  мұхиттар мен теңіздерден

16. +300С температурада ауа су буымен қанығуы үшін 1м3 –на қанша грамм су буы жинақталуы  керек? А) 30г      В) 1г      С) 17г    Д) 9г       Е) 5г

17. 1м3 ауадағы су буының нақты мөлшері А)  конденсация      В) салыстырмалы ылғалдылық      С) атмосфералық жауын­шашын     Д)  абсолюттік ылғалдылық       Е) атмосфералық қысым

18. Пішініне қарай бұлттар неше түрге бөлінеді?

А) 6      В) 5        С) 4        Д) 3       Е) 2

19. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда не түзіледі? А) қырау     В) бұлт     С) шық    Д) жауын­шашын      Е) тұман

20. Бұлтты құрайтын су тамшыларының диаметрі  А) 0,02 мм­ден аспайды     В) 0,01 мм­ден аспайды     С) 0,03 мм­ден аспайды     Д) 0,04 мм­ден  аспайды     Е) 0,05 мм­ден аспайды     

21.Астанадағы орташа жылдық жауын­шашын мөлшері 

А) 411 мм    

В) 629 мм   

 С) 432 мм    

Д) 445 мм     

Е) 632 мм

22.Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы 

А) бұлт     В) тұман      С) жел     Д) ауа қысымы    Е) жауын­шашын

23.Жер шарында неше белдеу бар?

А) 8       В) 7        С) 6         Д) 5       Е) 4

24.Климат сөзі қандай мағынаны білдіреді?

А) тегіс    В) жалпақ   С) кеңдік      

Д) ) еңкіш    Е) жайылушылық

25.Экваторлық ауа басым болатын климаттық белдеу А) тропиктік     В) қоңыржай       С) экваторлық     Д) арктикалық    Е) антарктикалық





АТМОСФЕРА

1. Атмосферадағы құрғақ ауа көлемі
*/азот-78 %, оттегі-21 %/

2. Атмосфера құрамындағы басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы
*/көмірқышқыл газы/

3. Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қажетті газ
*/көмірқышқыл газы/

4. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты
*/тропосфера/

5. Тропосфераның қалыңдығы орта есеппен
*/11 км/

6. Бүкіл ауаның 80%-ы тиесілі қабат
*/тропосфера /

7. Бұлт, жауын-шашын, жел, ауа-райы болатын қабат
*/тропосфера/

8. Тропосфера қабатының қалыңдығы
*/17 км/

9. Атмосфераның температура жоғары болатын қабаты
*/Озон қабатында/

10. Озон газы орналасқан қабат
*/стратосфера/

11. Күннен таралатын “әсірекүлгін” сәулелерді ұстап қалатын атмосфераның қабаты
*/Озон қабаты/

12. Стратосфера қабатының қалыңдығы
*/ 50-55 км/


13. Ауа-райын зерттейтін ғылым –
*/метеорология/

14. Метеорология терминін алғаш қолданған ғалым –
*/Аристотель

15. Қазақстандағы ауасы ластанған қалалар –
*/Риддер, Алматы /

16. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне салмақ түсіреді
*/1 кг 33 г/

17. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы –
*/атмосфералық қысым/

18. Биіктік артқан сайын қысым
*/ азаяды/

19. Қалыпты атмосфералық қысым –
*/760 мм/

20. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілген қысым шамамен төмендейді –
*/1 мм/

21. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал –
*/барометр/

22. Экспедицияға, топсеруенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшейтін құрал –
*/анероид барометрі/

23. Жер бетінен биіктікке көтерілген сайын температура –
*/төмендейді /

24. Әрбір 100 м сайын биіктікке көтерілгенде температура орта есеппен төмендейді –
*/0,6°С–қа/

25. Тәулік ішіндегі ең төменгі температура –
*/күн шығар алдында/

26. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасы */тәуліктік амплитуда/

27. Сағат 7-де -4°С; 10-да -1°С; 13-те +2°С; 16-да +5°С; 19-де +2°С. Орташа температураны анықта –
*/Орташа температура +0,8°С/

28. Ауаның температурасы өлшенеді
*/термометрмен /

29. Теңіз деңгейінде ауаның температурасы +240С. 3 км биіктіктегі температура –
*/+60С/

30. Тропосферадағы су буы пайда болады
*/мұхиттағы сулардың булануынан/

31. 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері
*/абсолюттік ылғалдық /

32. Ауаның +30С температурадағы су буының мөлшері 50%. Су буының грамдағы мөлшері –
*/15 г /

33. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы –
*/конденсация/

34. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал –
*/гигрометр/

35. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда пайда болатын құбылыс
*/тұман /

36. Пішініне қарай бұлттар ажыратылады
*/3-ке (будақ, қабат, шарбы)/

37. Үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайтын бұлттың түрі
*/ будақ бұлт /

38. Жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауады –
*/ будақ бұлт/

39. 800-1000 метрден 2 шақырым биіктікке таралатын бұлттың түрі –
*/будақ бұлт/

40. Жерге ақ жауын әкелетін бұлт
*/қабат бұлт/

41. 6 км немесе одан да жоғары түзілетін бұлттың түрі
*/шарбы бұлт /

42. Жауын-шашын жаумайтын бұлттың түрі
*/шарбы бұлт/

43. Аспанды бұлттың торлау дәрежесі –
*/бұлттылық /

44. Жауын-шашынның түрлері
*/жаңбыр, қар, бұршақ/

45. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін жауын-шашын түрлері
*/ шық, қырау, қылау/

46. Жауын-шашынның ең көп жауатын жері –
*/Черапунджи (12 000 мм)/

47. Судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі
*/булану/

48. Ылғал қорының шексіз көп булану мүмкіндігімен сипатталатын шама
*/буланушылық/

49. Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы –
*/жел/

50. Желдің пайда болуының негізгі себебі
*/ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы /

51. Метеорологиялық стансада желдің бағыты мен күшін өлшеу үшін қолданылатын құрал
*/желбағар/

52. Тәулік ішінде бағыттарын өзгертіп отыратын жел –
*/Бриз/

53. Французша «бриз» сөзінің мағынасы –
*/жеңіл жел /

54. Күндізгі бриздің бағыты –
*/теңізден құрлыққа /

55. Түнгі бриздің бағыты –
*/құрлықтан теңізге /

56. Жыл ішінде бағыттарын өзгертіп отыратын жел –
*/Муссон/

57. Атмосфераның белгілі-бір жердегі белгілі-бір қысқа мерзімдік жай-күйі – */ауа-райы/

58. Ауа-райының негізгі элементтері –
*/атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық/

59. Тропосфераның бір-бірінен температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері –
*/ауа массалары/

60. Ауа массаларының негізгі түрлері –
*/экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық /

61. Теңіздік және континенттік болып бөлінбейтін ауа массасы –
*/экваторлық /

62. Ауа-райын бақылайтын адамдар
*/метеорологтар/

63. Жер өз орбитасында Күнге жақындауы сәйкес келеді –
*/3 қаңтар 147 миллион шақырымға/

64. Жер өз орбитасында Күннен қашықтауы сәйкес келеді –
*/5 шілдеде 152 миллион шақырымға/

65. Жердің білігі орбита кеңістігіне бұрыш жасай орналасқан –
*/66,50

66. Оңтүстік жарты шарда жаз айлары
*/Желтоқсан, қаңтар, ақпан/

67. 66,5° с.е және 66,5° о.е паралельдердің атауы –
*/поляр шеңбері/

68. Жер шарында жылу белдеуі бар –
*/5/

69. Солтүстік тропик пен оңтүстік тропик аралығында жатқан жылу белдеуі */ыстық белдеу/

70. Жылдың 4 мезгілі анық байқалатын белдеуі –

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ