Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тест "Бейнелеу өнері тарихы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бейнелеу өнері тарихы» пәнінін мемлекеттік экзамен.
-
Мифология және өнер түсінігі. Мифология (грек. мythos – аңыз және logos – ілім) – 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым;
Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.
-
Алғашқы қауымдағы палеолит және неолит өнері. Алғашқы қауым өнері алғашкы кауымдық құрылыс тұсындағы өнер. Б.з.б. 40 - 30 мыңжылдықтар шамасында алғаищы тас дәуіріндегі (палеолит) адамдарының қарым-қатынасы мен еңбек тәсілдері негізінде пайда болған. Палеолит өнері бізге Альтамира үңгірлерінің қабырғаларында бейнеленген Испан, Нио, Фонде-Гом, Ляско, т.б. жерлерде омір сүрген тайпалардың жартастарға салынған суреттері, қолтаңбалары арқылы жеткен. Палеолит өнерінде жанжануарлар бейнесі кең орын алды. Осы балаң реалистік өнерден алғашқы адамдардың табиғатқа деген құштарлығы мен бағыныштылығы, дүниетанымдарының тарлығы мен діни нанымдарының басымдылығы байқалады. Неолит, энеолит өнерінде жер өңдеуге байланысты едәуір терең ұғымдар пайда болды. Алғашқы қауым өнері кезінде өнердің барлық түрлерінің негізі қаланды. Діни нанымсенімге байланысты мінажат ететін орындар, бағаналы құрылыс үлгісінде сәулет және мүсін, қолөнер қалыптаса бастады.
Тас дәуірінің кезеңдері: 1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) А. Ерте палеолит Ә. Орта палеолит Б. Кейінгі палеолит 2. Мезолит (орта тас ғасыры) 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).
Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Соңғы палеолит.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.
-
Ежелгі Египет өнері. Архитектура. Мүсін. Бейнелеу өнері. Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ мәлімет алуға болады. Мысырдағы қашқындарМысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. ЫВ мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.Б. з. д. ЫВ мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. ЫЫЫ мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезенде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы.
Жосер сәулет кешенінен бастау алған "пирамидалар дәуірі" б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Пирамидалардың ішіндегі ең әйгілі өрі атақтысы Хуфу (Хеопс) және Хафра (Хефрен), Менкаура (Мекерин) тұрғызылды. Нілжағасындағы Гизе жазығында орналасқан осы үш пирамиданы "Гизе пирамидалар қорымы" деп атайды. Пирамидалар қорымындағы ең атақтысы —Хуфу (Хеопс) ғибадатханасы үлкен сәулет кешені. Оны Мысыр перғауыныХеопс (б.з.д. III мыңжылдықтың бірінші жартысы) салдырған. Перғауын өзінің өмір бойы жинаған бар қазынасына осындай керемет құрылыс салғызып, тұрғындарға тарту еткен. Пирамиданы салдыру үшін он жыл бойы Ніл дариясының ішкі жазығына дейін жол төселген. Мыңдаған құлдардың ауыр еңбегі жұмсалған үлкен кұрылыс жиырма жыл бойы жүргізілген деген болжам бар
Мүсін өнері Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де, асқақтаған ауқымдылығымен де Хефрен сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде салынып, бас жағы перғауын Хефрен кейпін елестететін асыл ескерткіштің негізі табиғи гранит тастан қашалып жасалған. Осынау Хефрен мүсінінен бастау алған Мысырдың монументальді ескерткіш белгілері жан-жақты дамып, жайдақ бедерлеме өнерде де, керегелік-росписьтік өнерде де өзінің канондық ерекшелік өлшемділігін қатаң сақтап отырған. Әсіресе бедерлеме, келбеттік өнер туындыларында бейнелеу ағымы ерекше жетістіктерге жеткен. Оны біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықта жасалған сәулетші
-
Ежелгі греция өнері. Архайка. Элленизм. Ерте классика. Ежелгі Грекия мәдениеті, ежелгі заманнан бастап эллинизм дәуіріне дейінгі аралықта қалыптасқан. Грек полистеріндегі (қала-мемлекеттер) тау-кен ісі мен металлургияның, құрылыс техникасының, қыш-құмыра және тоқыма өндірісінің дамуы Жерорта т. айналасында шашырай орналасқан грек мәдени дүниесінің әр түрлі бөліктерінің арасындағы сауда қарым-қатынастарының кеңеюіне әсер етіп, Элладаның Таяу Шығыс, Солт. Африка және Жерорта т-нің солт.-батысындағы елдермен байланыстары нығая түсті. Грек полистерінің арасындағы тәжірибе алмасу мен іскерлік белсенділіктің артуына әліпбилік жазудың таралуы да жәрдемдесті. Қоғамдық топтардың көпшілігі сауатты болу мүмкіндігіне ие болды (қ. Грекия). Осының бәрі ғылымның, әдебиет пен бейнелеу өнерінің жедел қарқынмен дамуына әсер етті. Нәтижесінде өзіндік ерекшелігі және қайталанбас белгілері бар ежелгі грек мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениет белгілі бір дәрежеде адамзаттың бұдан кейінгі мәдени дамуы үшін тамаша үлгіге айналды.Архаика (б. з. д. ВЫЫ—ВЫ ғасырлар) [өңдеуАрхаикалық греция Ежелгі Грекияда көркемдік ерекшелігі бар архаика кезеңінде өте қажетті тенденция пайда болды. Ғылым, атап айтқанда, философиялық ойлау, әдебиет, театр дамыды. Грекия өнерінің алғашқы гүлденуі басталды. Грекия құрылысында архаика кезеңінде мегарон формасы пайда болды. Храм және зәулім сарайлар салына бастады. Храмдарды безендіру құрылыспен байланысты болды. Храм құрылысы бірнеше типке бөлінді:Екі колонналы, бір есікті храмның босағасы шығысқа қарады.Екі есікті, төрт колонналы храмдар пайда болды (есігі шығыс және батыста болды).Колонналары барлық жағында орналаскан, классикалық деп аталатын тікбұрышты храмдар пайда болды.Ордерлі храмдар пайда болды.Архаика кезеңінде ордерлердің екі түрі колданылды: дорикалық және ионикалық. Дорикалық ордердің негізі тастан жасалды. Колонна тік бағаналармен әшекейленді. Пішіні дөңгелек болып келді. Тұғыры квадрат плита болды. Мүсіндік рельефтермен көркемделіп, әйелдер тұлғалары бедерленді.Кейіннен классика кезеңінде коринфтік ордер пайда болды. Ол пропорциялық қатынас жағынан ионикалық ордерге жақын. Ол тік, сұңғақ, әрі сән-салтанатты болды. Өсімдіктер жапырағымен өрнектелді. Грекиялық сәулет ордерлері тек антикалық құрылыста ғана қолданылған жоқ. Оның қайта өрлеу, барокко, классикалық сәулет өнерінде де маңызы болды.Антикалық шеберлер храмдарды әр түрлі бояулармен безендіріп, көркемдей білді. Негізгі қолданылған бояу түстері: көк, қызыл, жасыл, алтын түстес. Архаика дәуірінде грециялық монументті мүсіндер пайда болды. Олар тас, ағаш, күйдірілген балшықтан жасалды. Архаика дәуірінде негізгі кейіпкерлер — Құдай, батыр, соғыс ерлері, қыздар ретінде бейнеленген статуялары жасалды.Б.з.д. ВЫ ғасырда Құдай статуялары дәл алдынан мүсінделген абстрактілі геометриялық формада жасалған.Б.з.д. 650 жылы Афиныда пайда болған Артемида мүсініне қарап, б.з.д. ВЫ ғасыр екінші жартысында адам тұлғасын сомдауда адам образы шынайы бейнеленгенін байқауға болады. Мерекелік киінген қыздар бейнесі, сомдалған мүсіндер пайда болды. Кішігірім статуялық мүсіндер жасау грек архаикасында көркемдік даму үстінде болды. Грек көркемдік кәсібінде құмыралар безендіру архаика кезеңінде пайда болган. Олар ұзаққа сақталмаған. Құмырабезендіруде контурлық ақ бояулар пайдаланылған. Қызыл сары күйдірілген саз балшық фонында өрнектер, адамдар мен жануарлар бейнесін кара лакпен сылап, аса көркемдікпен салынған. Қара түсті құмыра безендірудің әйгілі шебері Эксекий б.з.д. ВЫ ғасырдың екінші жартысында мифологиялық сюжетті Гомер эпостарын қара түсті вазалар бетінде бейнелеп бере білді.Классикалық Грекия (б. з. д. В—ЫВ ғасырлар) [өңдеу]Б.з.д. ВЫ ғасыр алғашқы он жылдығында Ежелгі Грекия мәдениеті жоғары дәрежеде гүлдене бастады. Б.з.д. ВЫ—В ғғ. Грекия театры гүлденді. Оны дамытуға үлес қоскан — Эсхил, Софокл, Ефрипид. Театр Ежелгі Эллада азаматтарын тәрбиелеу құралы болды.Элленизм (б. з. д. ХЫ— ЫВ ғасырлар) [өңдеу]Б.з.д. Ы мыңжылдықтың алғашқы жартысындағы ұлы грек мәдениеті — мәдениет тарихында ерекше орынға ие болдыЕжелгі Грекия өнері дінмен, мифологиямен өте тығыз байланыста дамыды.Грекия шеберлері адамдардың Құдайды пір тұтатындығын өздерінің көркем шығармаларын бейнелеуде назардан тыс қалдырған жоқ.Ежелгі Грекия мәдениетінің тарихи кезеңдері философиялық көзқарасқа, әдебиет пен өнерге тікелей әсер етті.[3]
Архаика (б. з. д. VII—VI ғасырлар) [өңдеу]
Толық мақаласы: Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті
Архаикалық греция
Ежелгі Грекияда көркемдік ерекшелігі бар архаика кезеңінде өте қажетті тенденция пайда болды. Ғылым, атап айтқанда, философиялық ойлау, әдебиет, театр дамыды. Грекия өнерінің алғашқы гүлденуі басталды. Грекия құрылысында архаика кезеңінде мегарон формасы пайда болды. Храм және зәулім сарайлар салына бастады. Храмдарды безендіру құрылыспен байланысты болды. Храм құрылысы бірнеше типке бөлінді:
Екі колонналы, бір есікті храмның босағасы шығысқа қарады.
Екі есікті, төрт колонналы храмдар пайда болды (есігі шығыс және батыста болды).
Колонналары барлық жағында орналаскан, классикалық деп аталатын тікбұрышты храмдар пайда болды.
Ордерлі храмдар пайда болды.
Архаика кезеңінде ордерлердің екі түрі колданылды: дорикалық және ионикалық. Дорикалық ордердің негізі тастан жасалды. Колонна тік бағаналармен әшекейленді. Пішіні дөңгелек болып келді. Тұғыры квадрат плита болды. Мүсіндік рельефтермен көркемделіп, әйелдер тұлғалары бедерленді. Эллинизм
Б.з.д. I мыңжылдықтың алғашқы жартысындағы ұлы грек мәдениеті — мәдениет тарихында ерекше орынға ие болды.
Ежелгі Грекия өнері дінмен, мифологиямен өте тығыз байланыста дамыды.
Грекия шеберлері адамдардың Құдайды пір тұтатындығын өздерінің көркем шығармаларын бейнелеуде назардан тыс қалдырған жоқ.
Ежелгі Грекия мәдениетінің тарихи кезеңдері философиялық көзқарасқа, әдебиет пен өнерге тікелей әсер етті.[3]
-
Ежелгі Грекиядағы сәулет, мүсін өнері.
-
Ежелгі Рим өнері. Республикалық және империялық кезең.
Ежелгі Рим өнері - Б. э. бұрынғы VIII ғасырдан б. э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды. Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбек- тері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Юве- налдың уытты сатиралары енді. Римдік право жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті роль атқарды. Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние цивилизациялары көріп-білмеген алып сәулет ан- самбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды. Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, творчестволықпен қайта өңдеді. Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен творчестволық даралығын әрдайым сақтай білді. Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған цивилизация топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды
-
Батыс Европа өнеріне жалпы сипаттама.
-
Романдық өнері.Романдық өнер-деп Батыс Еуропа елдеріндегі 10-12 ғасырлардағы өнерді атайды.Бұл дәуірдегі өнердің бұлай аталуы,оның сәулетіне байланысты еді.
-
ғасырлардағы сәулет ғимараттары,ғибадатханалар көбінесе тастан қаланды,ал төбелері кресті-арқылы тәсілмен тұрғызылды.Мұндай сәулет әдісі орта ғасырларда қолданылған .Сол кезде оны римдік әдіспен тұрғызылғандықтан романдық әдіс деп атаған, соған ұқсас болғандықтан да бұл дәуір сәулеті өнері де солай аталды.Ромндық әдіс Антик өнерінен кейінгі феодалдық құрылыстағы тарихта өз орнын алғн өнердің бір ағымы болды.Бұл кез өте ауыр кезең еді.Бұрынғы күшті империя ұсақ-ұсақ иеліктерге ыдырап,соның нәтижесінде Батыс Еуропа Көптеген кішкене мемлекеттерге бөлінді.Қалалар өте аз болды,сауда мен қолөнері дамымады.Тіпті феодалдардың өзі қарапайым тұрды.Бәрінен бай ауқатты тұрғындар-християн шіркеуі мен оның қызметшілері болды.Римдік Папның басқаруымен хистиян шіркеуі ел билігін,үстемдікті өз қолдарына ұстады.
9. Готикалық өнер.
Готика өнері (Х—ХІІ ғасырлары)
Готика өнері алғаш Францияда жақсы дамыды, бұл өнер тұрі романдық өнерден кейін келді. Готикалық әсем өнер түрі Францияда өркендеп, сонда сақталған. Кейіннен ол басқа елдерге тарады және XVI ғасырға дейін созылды. Готика өнері өзінің ерекшелігімен роман ағымынан дараланып тұрады. Сонымен қатар оның ғасырдан ғасырға өткен сайын көтерілгені, дамығаны байқалады. Мұндағы роман стилі ауыр қорғандардай монументтігімен көзге тұссе, готика ағымы биік сымбатымен, аспанға ұмтылған инедей үңкір мұнараларымен таңырқатады. Роман мен готика ағымындағы ғимараттарды салыстыра қарастырсак, ерекше қасиеттерді көруге болады. Роман ағымында салынған сәулет ғимараттарында ауыр төбені ұстап тұру үшін терезелер аз жасалынған. Ал готикада терезелер өте үлкен, биік және жиі орналасқан. Кіре беріс есігінің маңдайша аркасы үшкірленіп бітетіндіктен, готика ғимараттары өте жеңіл, әдемі көрінеді. Готика соборлары үшкір, ұзыншақ болып келеді. Франциядағы ең көне және бүкіл әлемге әйгілі ғимарат — "Құдай ана" ғимараты. Ол ХЫЫ ғасырда салынған. Орта ғасырларда Францияда 800-ге жуық собор, жүздеген игіркеу, монастырьлар болды. Соның бірі — "Әулие Михаил тауы" атты ансамбльдік ғимараты. Бұл Нормандия жерінде тұрғызылған.
Франция готикасы жолымен Германияда да салтанатты соборлар жаппай салынды, соның бірі — Страсбургтегі собор болды (1276). Флоренциядағы Әулие Мария дель Фъоре шіркеуі мен Милан соборы көзге түседі. Осы кезеңде мүсін, әр түрлі мадонналарды кескіндеу, діни ғимараттарды росписьтермен бедерлеу қолға алынды. Сол кезеңде осы өнер бағытының асқан шебері Джотто ди Бондоне (1266—1337) өмір сүрді. Ол бояулардың сан түрлі кұбылмалы реңдерімен-ақ кескіндемелік шығарманы жандандыра түсті. Готика дәуірінде миниатюралық кескіндеме дамып, ерекше белеске көтерілді. Бұрындары мұндай өнер түрімен тек діни сопылар айналысса, енді кейіннен нағыз суретшілер айналысатын болды. Миниатюрамен кітап көркемдеуді әрдайым өкімет басшылары қолдап, камқорлыққа алып отырды, соның бірі — Франция герцогі Беррийски еді. Батыс Еуропада алғаш рет қондырғылы кескіндеме пайда болды және ол жер-жерге жылдам таралды. Готика әсері заманында әрбір зат, оның ішінде — киім, жиһаз, тағы басқа бейнелеу өнері салаларының өнімдері өзіндік із қалдырды.[1]
10. Ежелгі және орта ғасырдағы Үнді мәдениеті, өнері.
Ежелгі Азия мәдениеті (өнері) негізінен Қосөзен аңғарында пайда болып, кейіннен оның жаңа ошақтары Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияда жалғасын тапты. Қосөзен аумағындағы ( Шумер, Аккад) көне мәдениет өзінің айналасындағы елдерге шапағат шашып, олардың мәдениетінің, өнерінің өркендеуіне үлкен ықпалетті. Сондай мәдени ошақтың бірі ежелгі Үндістан мәдениеті. Кейінгі кезге дейін Үндістан мәдениеті мен өнері б.д.д. Iмыңжылдық пен б.д. III ғасыр аралығында пайда болған деген тұжырымға тенеліп келді. Дәлірек айтсақ, Үндістанға солтүстіктен (Сібір жақтан) Арий тайпаларының келеуімен сабақтастырады. Тарихи дерек көздері осы көшпелі Арий тайпалары б.д.д. II- I мыңжылдықтарда Үндістанға қоныстанып, сонда алғашқы мәдениет пен өнерді қалыптастырады.
Бірақ та, кейінгі археологиялық қазбалардың нәтижелері Үндістанда одан да көне мәдениет болғангын бүкіл әлемге паш етті. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында археологтардың тиянақты зертеунен кейін екі ірі қаланың орыны табылды. Бұлар Мохенджо – Даро мен Хараппа қалалары еді. Кейіннен осы көне мәдени ошақ осы қалалардың атымен Хараппа немесе Мохенджо – Даро мәдениеті деп аталды.
Жалпы, үндістан немесе Үнді мәдениетін бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады. Оның ең көнесі жоғарыда айтқанымыздай Хараппа дәуірі (б.д.д. III мыңжылдық,) екіншісі буддизм дәуірі, үшінші Ұлы моғолдар дәуірі. Бұл дәуірлердің арасында да өзіндік тарихы, бет – бейнесі бар замандар өткен (Гупттар және ежелгі ислам дәуірі) . Енді осыларды жекеше саралап өтейік.
Үнді сәулет өнері ХВЫ—ХВЫЫ ғасырлардан бастап жаңа өзгеріске ұшырай бастады. Ұлы Ақбар басқармасы кезінде талантты суретшілерді, сәулетшілерді іздеп тауып, өздеріне жұмысқа алып, біріккен мемлекеттік үлкен құрылыстар — Агра, Фатхур, Сикри қалаларын безендірген сарайлар, саябақтар, мешіттер, кесенелер, үлкен қорғаныс бекіністер салғызды.
Тәж Махал кесенесі
Тәжі-Махал кесенесі Х ғасырда салынған. Бұл кесенені Үнді, Түрік, Иран, Ауғанстан құрылысшылары салған. Моғол императорының қайтыс болған әйеліне арнап жасалынған Тәжі-Махал кесенесі дүние жүзіне белгілі болды. Бұл кесенені 20 мың адам 18 жыл бойы салды. Ғажайып әдемілігі үшін Тәжі-Махал "Үнді маржаны" деп аталды. Ол көгілдір аспанмен таласып, қиылған бұрыштары бар төртбұрышқа ұқсайды. Ортасында жерден 15 метрге жуық көтеріліп тұрған әдемі күмбез, үйдің жан-жағындағы бұрыштарда көлемі жағынан мүнан кішірек тағы да төрт күмбез бар. Осындай мұнаралар кесенеге жарасып, әдемі сымбат беріп түр. Тәжі-Махал — аппақ қардай мәрмәрдан салынып, тамаша оюлармен нақышталған, айналасында су бұрқақтары бар саябақ. Ұлы Моғол империясы кезінде шығыс елінен шебер миниатюралар әкелінді. Моғол миниатюрасы әдеби шығармалармен тығыз байланысты болды.
Қалада шеберханалар, миниатюристер мектебі ашылды. ХВЫ — ХВЫІ ғасырларда миниатюристер сол кездегі оқиғаны детальдармен дәл көрсетуге тырысты. Тарихи батырлар өмірінен сюжет, соғыстар, жорық кезі көрсетілді. Үнді, моғол миниатюрасында берілген табиғат, жан-жануарларға қызығушылықты атап кетуге болады. Олар сол кездегі қарапайым өмірдің, тұрмыс-салтын бейнеледі. Ал ХВЫЫ ғасырдан бастап шығармаларда берілген көрініске өзгеріс енгізілді, яғни адамның ішкі сезімін, мінез-құлқын ашуға қадам жасайды.
Суретшілер патшалардың бастарын салумен қатар, төменгі деңгейдегі адамдарының бет пішінін де салды. Атап айтқанда, ақын, данышпан, оқымысты, малайлар, үй қызметшілері және т.б. бейнеленді. Сол кездегі суретшілер бояудың түрлі көздерін іздеді, артқы, алдыңғы план пайда бола бастады, жарық (күн) пен көлеңке енгізілді. Бірақ суретшілер осы ізденістер үстінде жүргенде бояудың әдемілігі мен әсемділігі, оның ырғақтылығы, құбылып тұрған өміршеңдігі бұрынғыдай сақталмады.
ХВЫЫЫ ғасырда моғол миниатюрасы өзін жоққа шығарды, яғни өзінің қасиетін төмендетті. ХВЫЫ ғасырдың аяғында миниатюра кескіндеме мектептеріне ауысады. Раджастхан мектебі және Оңтүстік Үнді облыстарында Раджпут миниатюрасы деп аталады. Негізгі кейіпкері — Құдайларға, Шива және Великиз тәрізді халық батырларына арналған. Сол кездегі негізгі сюжеттер: махаббат сценасы, халық билері, музыкалық аспаптарда ойнап отырған музыканттар.
Әдемі Раджпут өнері халық өнерінің бірі болып саналады. ХВЫЫЫ ғасыр Үнді елі өнерінің тоқырау кезеңі болды. Колониялдық тәуелділік Үнді елінің өнерінің дамуына ұзақ уақыт кедергі болып, тоқтатып тұрды. Өнерінің деңгейінің өсуіне көп кедергі келтірді. [1]
11. Орта ғасырдағы, Орта Азия мәдениеті, өнері
Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.
-
Орта ғасыр Орыс мәдениеті. XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениет
XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.
-
Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі. XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмірінде жаңа ерте буржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты маңызды бетбұрыс болды. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениет те түңғыш осы елде калыптаса бастады. XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті. Сол дәуірде дүниеге келген тамаша мәдениет туындылары адамзат баласын әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Италияда бұл кезеңде мәдениеттің барлық түрі өте тез дамыды. Италияның түрлі аудандарында жергілікті көркемсурет мектептері ашылып, қайта өркендеу дәуірінің перзенттері - кейінгілерге үлгі болған ұлы суретшілер дүниеге келді. Мәдениеттің қоғамдық өмірдегі рөлі артып, адамдардың күнделікті рухани қажетіне айнала бастады. Зәулім үйлер мен салтанатты сарайлар салынып, ірі монумент ескерткіштер орнату бүкіл халықтық игілікті іске айналды. Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі - Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жаксы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты. Мекен ендігін анықтау үшін құбылнамаларды, географиялык карталарды, приборларды қолдану ашық теңіздерде үзақ сапарларға шығуға мүмкіндік берді. Бұл XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында жүзеге асқан географиялық жаңалықтардың ашылуына жол салды.
-
Флоренция мен таскания, ерте кездегі мүсін өнері Флоренция(итал.Firenze,англ.Florence,лат.Floretia) Флоренцияның соборлары,базиликтары,шіркеулері:
Cafffedrale di Santa Maria del Fiore,Basilika di Sante Lorenzo,Basilika di San Marco,Basilika di Santa Trinita,Chiesa di Ognissanti
Флоренцияның атақты адамдары:
Данте Алигвери(1265-1321),Америго Веспуччи(1451-1512),Леонардо Да Винчи(1452-1519),Галилео Галилей(1564-1642),Микельанджело Буанаротти(1475-1564),Сандро Боттичелли(1445-1510)
Флоренцияның соборлары,базиликтары,шіркеулері:
Cafffedrale di Santa Maria del Fiore,Basilika di Sante Lorenzo,Basilika di San Marco,Basilika di Santa Trinita,Chiesa di Ognissanti
Флоренцияның атақты адамдары:
Данте Алигвери(1265-1321),Америго Веспуччи(1451-1512),Леонардо Да Винчи(1452-1519),Галилео Галилей(1564-1642),Микельанджело Буанаротти(1475-1564),Сандро Боттичелли(1445-1510)
-
Венециядағы Жоғары қайта өрлеу дәуірі
-
Солтүстік Европадағы Жоғары қайта өркендеу дәуірі. Нидерландия және Германия. Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды..
-
Антикалық және Қайта өркендеу дәуіріндегі мәдени мұра әсері мен алшақтықтар
«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне тән келесі белгілерді атап көрсетуге болады: ол ең алдымен космологиялы. Космос оның абсолюті болады. Космос грекше бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке қарсы тұратын әлемдік тұтастық, әдемілік. Сұлулық, өлшем, үйлесім. Антика адамы барлық осы қасиеттермен адам арасындағы ара қатынасты белгілейді және грек мәдениетінің космологизмі антропоцентризмді болжайды. Ежелгі гректердің құдайлары антропоморфты, ал адамның денесі грек мәдениетінің барлық пішіндерінің өлшемі болады. Гректер риторикада шешендердің ең тамаша сөздерін атлеттердің әсем денелерімен салыстырған, ал сәулет өнеріндегі математикалық есептеулер адам денесінің пропорцияларымен ара қатынаста болған. Антика мәдениетінің маңызды белгісі – оның бәсекелестігі, ол өмірдің барлық салаларын сипаттайды. Грек егесі (күрес, жарыс) еркін гректің келесі қасиеттерін бейнелейді: ол өзін полис азаматы, оның өкілі ретінде ғана көрсете білді. Грек егесінде диалектика бастау алған, бұл өзінің дәлелдерін дәлелдей отырып, әңгімелесе білу, әр түрлі философиялық бағыттардың болу құқығын негіздеу.
-
17 ғасыр Батыс Европа өнеріне жалпы сипаттама.
-
17 ғасыр Фландрия өнері. ХҮІІ ғасыр Фландрия кескіндемесінің ұлттық көркем мектебінің қалыптасу кезеңі болады.Италиядағыдай бұл жерде барокко стилі біршама үстем болып келді.
Барокко шеңберінде Фландрия өнерінде реалисттік нышандар дами түседі.Сол кезде Фландрия көркем мәдениетінің ерекшелігі әлемді тануға ұмтылуы өмірге деген суйіспеншілік пен ұлттық ерекшелітерді айқындап,ондағы әсіресе,салтаннатымерекелерді көрсетукескндеме өнерінің ажырамас бөлігіболып келеді.
ХҮІІ ғасырдағы фламандық өнерде ортағасырлық діни пішідер мен жнырларды біржола жеңіп шығады.Ендігі жерд бекзаттық сюжеттер мен жанрлар таралады.Ол тарихи,аллегориялық мифологиялық,портреттік және тұрмыстық,пейзаж жанырлары.Мареньеизмнен соңиталин болондық академия мектебі мен караваджист бағыттарыенеді.
Нидерландық кескіндеме дәстүрлерімен караваджизм бағыты негізінде өте күшті реалисттік бағыт дами отырып,монументалды барокко стилді гүлдену шегіне жетеді.
-
17 ғасыр Голландия өнері.
ХҮІІ ғасырда Голландия өнері өзінің шарыктау,гүлдену кезенің басынан өткізді.Елдең коптеген кескіндеме шеберлері шықты:олар көбінесе белгілі бір бағытта жұмыс істеді.Голландия кескіндемесінің бір ерекшелігі,онда басқа елдердегідей суретшілер діни қиял –ғажайып тақырыпқа қалам тартпады тіпті ондай туындылар жоқ деуге болады.Суретшілердің тапсырыскерлері көбінесе ірі буржуазия иелері,чиновниктер болды.Олар тек өздерін бейнелеуді мақсат етіп,соны суретшілерден талап етті.
Суретшілердің туындылары басқа елдердегідей шіркеу мен ірі сарайларға арналып салынбағандықтан көбіне бөлмелерге ілуге шағындалып жасалынды.
Голландия кескіндемесінде жанрлық және күнделікті тұрмыс-тіршілік дамыды.
ХҮІІ ғасырдың ірі шеберлерінің бірі Питер де ХоХ (1629-1684)болды.Оның туындылары көбінесе қарапайым күнделікті үй тіршілігіне арналды.Сондай жұмысының бірі-Кіреберіс (Чулан)туындысы.Жалпы бұл шебер үй ішінің аясын соған тән аула бейнесін шынайлықпен бейнеледі,күнделікті қарапайым шаруа өмірін суретейді.
Екінші бір шебер-ол Ян Вермеер Дельфитский (1632-1675)суретшінің қолтумасындағы уақыт көбінесе болмеде өтеді,терезеден түскен сәулені бөлме табиғатының қалай болатынын,ондағы әр заттың қалай құбылатының бұл шебер керемет бере білген.
-
17 ғасыр Испания өнері.
Барокко заманы, эсіресе, өнер тарихында Испанияны элемдік аяға шығарды. XVII ғасырда елді король Филипп II басқарды. Оның түсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет болды. Король жаңашыл реформаторларға қарсы қозғалыс өрістетті, .монархиялық-католиктік мемлекет қүрылысын нығайтуға барын-ша күш салды, өзінің көзқарасына қарсы келгендерді аяусыз жа-залады. Елдің астанасын Вальядолидадан Мадридке көшірді. Кейіннен король Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастырь Эскориалды салдырды. Оны сэулетші Хуан де Толедо мен Хуан де Эррера (1530-1597) жобалаған. Күрылыс Италия кайта өрлеу дәуірі принципінің жобасымен жасалған. Осы эскориал сарайын көркемдеу үшін король Филипп II көптеген суретшілерді жүмысқа тартты. Бірақ та олардың көбін, кейіннен өзіне үнамағандарын қуып жіберіп отырды. Сондай корольге үнамаған суретшінің бірі - Домени-ко Теотокопули (1541-1614) болды. Өзінің шыккан тегі - грек болғандықтан испандықтар оны Эль Греко деп атап кеткен. Осы атпен элем өнерінің жарық жүлдыздарының біріне айналып, тарихта қалды. Испанияның үлы су-ретшісі Эль Греко Крит аралында дүниеге кел-ді. Жастайынан Византия өнерінен нэр алып, соны шығармасының сарқылмас қоры етіп алды. Византия өнерінің ықпалы Эль Греко еңбектерінде терең орын алды. Суретші ал-ғаш Италияда, Венецияда, содан Римде болды. Римдегі Рафаэль мен Микеланджело еңбектері оны қызықтырмады. Эскориал сарайын көр-
-
17 ғасыр Франция өнері.
-
Көне шеберлердің кескіндемелік әдісі және бағыттары.
-
Академизм және романтизм кезеңдері.
-
19 ғасырдың екінші жартысындағы орыс өнері. Передвижниктер.
-
19 ғасырдың ортасында пейзаж жанры. Импрессионизм және постимпрессионизм.
Постимпрессионизм[1] (латын тілінде post — кейін және импрессионизм) — бейнелеу өнері тарихында импрессионизм негізінде пайда болған ағым. Постимпрессионизм өнерде 19 ғ-дың аяғында көрініс беріп, 20 ғ-да кең етек алды. Атаулары ұқсас болғанымен, постимпрессионизм импрессионизмнің тікелей жалғасы болып табылмайды. Бұл көркемдік әдістің өкілдері П.Сезанн, П.Гоген, В.ван Гог, А.ле Тулуз-Лотрек өз шығармаларында табиғат пен болмыстың ішкі тынысын бейнелеуді көздеді. Постимпрессионистер шығармалары адам ойының терең түкпірлеріне бойлай еніп, олардың рухани әлемін нақты әрі тұжырымды тәсілдермен айқын аша білу жетістігімен ерекшеленді. Олар дүниені қаз-қалпында дәл ұқсата көшіруден бас тартып, бейнелеу тәсілдерінің дәстүрлі құралдарын шығармашылықпен пайдаланды. Постимпрессионизм өзінен кейінгі прогресшіл бейнелеу өнеріне әсер етіп келеді. Сонымен бірге, постимпрессионизмнен тәлім алған кей суретшілер оның болмыс пен дүниені танудағы әдіс-тәсілдерін теріс түсініп, жалаң түр қуалаушылыққа келіп ұрынды Импрессионизм
Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды. Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қоспасыз таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог,
-
Ерте және Орта ғасырлық Қазақстандағы көшпелі халықтар мәдениеті, өнері.
-
Қазақстанның дәстүрлі сәулет өнері және қала мәдениеті. Орта ғасыр.
-
Қазақстанда реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуы. Ә.Қастеев шығармашылығы.
-
1930 – 1960 ж. Қазақстан бейнелеу өнері. Кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасуы Ұлттық нақыш ізденістері.