Материалдар / тест Биология пәнінен 7,6,8 -сынып аралығында.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тест Биология пәнінен 7,6,8 -сынып аралығында.

Материал туралы қысқаша түсінік
дидактикалық материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2018
1078
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қорытынды тест 7 – сынып Биология ІҮ – тоқсан


1. Денесі қуысты, үш қабатты, екіжақты симметриялы, жоғарғы сатыдағы жануарлар:

а) құстар; ә) желілілер; б) балықтар; в) қосмекенділер,

2. Желілердің қан тарату жүйесі:

а) тұйық; ә) ашық;

3. Қандауыршаның терісі неше қабаттан тұрады:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5.

4. Желісі дәрнәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды, қалың тығыз қабықпен қапталған шалажелілі жануарлардың бірі:

а) қандауырша; ә) баланоглосс; б) асцидия; в) минога.

5. Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады:

а) бассүйексіздер; ә) қабықтылар; б) ішектыныстылар; в) бассүйектілер.

6. Жақ сүйектерінің болу – болмауына байланысты омыртқалылар неше топқа бөлінеді:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5.

7. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:

а) орнитология; ә) герпетология; б) ихтиология; в) маммалогия.

8. Балықтардың денесі неше бөлімнен тұрады:

а) 5; ә) 6; б) 3; в) 4.

9. Шеміршекті балықтарғы қандай балық жатады:

а) табан; ә) шортан; б) сазан; в) тұтасбас.

10. Сүйекті балықтардың ерекше мүшесі:

а) ішкі қаңқасы; ә) қанаты; б) торсылдақ; в) аузы.

11. Аталық безден бөлінген сұйықтық:

а) шоғал; ә)уылдырық; б) ұрық; в) шабақ.

12. Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық:

а) іле шармайы; ә) бекіре; б) тасбекіре; в) латимерия.

13. Алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар:

а) құстар; ә) желілілер; б) балықтар; в) қосмекенділер,

14. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше отрядқа бөлінеді:

а) 4; ә) 5; б) 3; в) 2.

15. Зоология ғылымының жорғалаушыларды зерттейтін саласы:

а) герпетология; ә) ихтиология; б) орнитология; в).

16. Тұмсықбастылар отрядының өкілі:

а) крокодил; ә) батпақ тасбақасы; б) гаттерия; в) құбылғылар.

17. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі:

а) кәдімгі жылан; ә) оқжылан; б) сұржылан; в) қаражылан.

18. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы:

а) герпетология; ә) ихтиология; б) орнитология; в) маммалогия .

19. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі:

а) қаламша; ә) пәрі; б) сояуы; в) мұртша.

20. Өңештің кеңейген бөлігі:

а) тұмсығы; ә) ішегі; б) жемсау; в) қарны.

21. Құстар дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөлінеді:

а) 5; ә) 3; б) 4; в) 6.

22. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі:

а) нанду; ә) эму; б) страус; в) киви.

23. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласы:

а) герпетология; ә) ихтиология; б) орнитология; в) маммалогия.

24. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет қалай аталады?

а) ұрт; ә) ауыз; б) тіл; в) ерін.

25. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер неше класс тармағына жіктеледі:

а) 3; ә) 6; б) 2; в)4.






Қорытынды тест 6 – сынып Биология ІҮ – тоқсан


1. Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар қалай аталады?

а) көпжасушалы; ә) қарапайымдар; б) ; в).

2. Жай көзге көрінбейтін қарапайым жіндіктердің бар екені қай ғасырға дейін ғалымда белгісіз болды:

а) ХҮІІ ғасырда; ә) ХХІ ғасырда; б) ХХ; в) ХҮ ғасырда.

3. Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:

а) вольвокс; ә) амеба; б) жасыл эвглена; в) арцелла.

4. Жасушасында хлоропластар бар қарапайым жәндіктердің бірі:

а) вольвокс; ә) амеба; б) жасыл эвглена; в) арцелла.

5. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі:

а) вольвокс; ә) амеба; б) жасыл эвглена; в) арцелла.

6. Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі:

а) дизентерия; ә) лейшмания; б) безгек паразиті; в) қантышқақ.

7. Өсімдік жасушаларында ғана болатын әр түсті бояуы бар және бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органойдттар:

а) цитоплазма; ә) ядро; б) пластидтер; в) қабықша.

8. Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы:

а) ядро; ә) ұлпа; б) вакуоль; в)цитоплазма.

9. Нейронның ұзын өсіндісі:

а) аксон; ә) дендрит; б) тоғысу; в) ядро.

10. Жүйке ұлпасы:

а) аксон; ә) днедрит; б) нейрон; в) ядро.

11. Жануар ағзасындағы ұлпалар неше топқа бөлінеді:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6.

12. Мөлшері мен тіршіліктегі қызметі жағынан жасушаның ең маңызды органикалық заты:

а) глюкоза; ә) сахароза; б) май; в) нәруыз.

13. Ең қарапайым құрылысы бар өкілдерінің бірі:

а) шұбалшаңақ планария; ә) гидра; б) ақ сұлама; в) зауза қоңызы.

14. Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзаларды қалай атайды?

а) аэробты; ә) газалмасу; б)анаэробты; в) тынысалу.

15. Суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі:

а) танау тесігі; ә) кеңірдек; б) желбезек; в) өкпе.

16. Қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасуша:

а) лейкоциттер; ә)фагоциттер; б) қан тамырлары; в) эритройиттер.

17. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралып айналатын қан айналымы:

а) ашық қанайналым жүйесі; ә) тұйық қанайналым жүйесі; б)плазма; в) фагоцит.

18. Ұлудың жүрегі неше бөлімнен тұрады:

а) 3; ә) 2; б) 4; в)1.

19. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы қалай аталады:

а) кішіқан айналым шеңбері; ә) вена қаны; б) үлкен қанайналым шеңбері; в) артерия қаны.

20. Денесі ұзарып жіңішкереді, қысқарып жуандай да алады. Бұл қандай жәндік?

а) шұбалшаң; ә) гидра; б) өзен шаян; в) кальмар.

21. Жыныс жасушалары:

а) зигота; ә) гамета; б) бүршіктену; в) қосжынысты.

22. Дамуы 4 сатыдан тұратын және дәрнәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілер:

а) шала түрленіп дамиды; ә) дұрыс жауабы жоқ; б) бейімделгіш; в) толық түрленіп дамиды.

23. Көбелектің дәрнәсілін қалай атайды?

а) қоңыз; ә) жұлдызқұрт; б) ит шабақ; в) маса.

24. Аналық ағзаның бір жұп аналық безінде не түзіледі?

а) уылдырық; ә) торсылдақ; б) дәрнәсіл; в) шабақ.

25. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсын қалай аталады?

а) бағыттаушы қауырсын; ә) желпуші қауырсын; б) қағушы қауырсын; в) мамық қауырсын.




Қорытынды тест 8– сынып Биология ІҮ – тоқсан


1. Организм және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу:

а) зат алмасу; ә) тыныс алу; б) газ алмасу; в) тыныс шығару .

2. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті қалай атайды?

а) дыбыс саңылауы; ә) кеңірдек; б) бөбешік; в) қалқанша шеміршегі.

3. Тыныс алу құбылысы неше құбылысқа бөлінеді:

а) 5; ә) 4; б) 3; в) 2.

4. Дені сау ересек адам минутына неше рет тыныс алады:

а) 16 – 18 рет; ә) 20-25 рет; б) 26 – 28 рет; в)10 – 15 рет.

5. Оттектің немесе көмірқышқыл газының қысымы жоғары орталықтан қысымы төмен орталыққа өтуі:

а) зат алмасу; ә) тыныс алмасу; б) газ алмасу; в) тыныс шығару .

6. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал:

а) термометр; ә) манометр; б) спирометр.

7. Аурудың кең тараған түрі:

а) ауатамырдың қабынуы; ә) өкпенің қабынуы; б) тыныс демікпесі.

8. Адам организмінің тіршілігі үшін ең қажетті зат:

а) май; ә) су; б) нәруыз; в) минералды заттар.

9. Тістің барлық саны:

а) 32; ә) 28; б)38; в) 33.

10. Тістер пішініне қарай неше топқа бөлінеді:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6.

11. Тіс ауруын зерттейтін ғылым:

а) дерматология; ә) стоматология; б) орнитология; в) маммалогия.

12. Заттардың сіңіріліп, одан клетка құрылуы:

а) зат алмасу; ә) пластикалық алмасу; б) энергия алмасу; в) тыныс шығару.

13. Қалқанша безінің гормондарына, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді:

а) йод; ә) хлор; б) темір; в) натрий.

14. Қандай витамин жетіспегенде рахит ауруына ұшырайды:

а) А; ә) Д; б) С; в) К.

15. Бүйректің денешігі мен түтікшелері:

а) ренин; ә) диурез; б) цистит; в) нефрон.

16. Түнде зәр тоқтамау:

а) нефтит; ә) цистит; б) энурез; в) уремия.

17. Бүйрек тасы зәрдің құрамында қатты заттардың көбеюі:

а) уротилиаз; ; ә) цистит; б) энурез; в) уремия.

18. Тері неше қабаттан тұрады:

а) 2; ә)4; б)3; в) 5.

19. Терінің ішкі қабаты қандай ұлпадан тұрады:

а) жабын ұлпасынан; ә) дәнекер ұлпасынан; б) эпителий ұлпасынан; в) бұлшықет ұлпасынан.

20. Адам ағзасын құрастырушы:

а) нәруыз; ә) көмірсулар; б) ақуыз; в) майлар.

21. Бүйректе сүзіліп шығатын қан тамыры

а) қылтамыр; ә) қызылтамыр; б) көктамыр; в) салатамыр.

22. Түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялық құбылыс:

а) онтогенез ; ә) ұрықтануы; б) көбею; в) даму.

23. Ұрықтану – спермий мен жұмыртқа клеткасының қосылып, не пайда болады:

а) зигота; ә) гамета; б) бүршіктену; в) қосжынысты.

24. Организмдегі тұқым қуалау қасиеттерін қамтамасыз ететін барлық гендердің жиынтығы:

а) фенотип; ә) генотип; б) мутация; в) мутант.

25. Табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну:

а) көзқарас; ә) диалектика; б) материализм; в) ақпараттық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!