400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест жұмысы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 класс тест І тоқсан

І нұсқа

1. Жануарлар дүниесіндегі қарапайымдылардың жіктелуі:

а) көп жасушалы в) бір жасушалы

с) қарапайымдылар д) барлығы дұрыс


2. Талшықтылардың топтасып тіршілік ететін түрі:

а) домалаңғы в) жасыл эвглена

с) кірпікшелі кебісше д) амеба


3. Кірпікшелердің мекен ететін сулы ортасы:

а) тұщы су в) ащы су

с) тұзды су д) таза су


4. Көзшесі бар жәндік:

а) амеба в) кірпікшелі кебісше

с) эвглена д) вольвокс


5. Жануар және өсімдік тәрізді қоректенетін жәндік:

а) эвглена в) кірпікшелі кебісше

с) амеба д) вольвокс


6. Адам үшін төмендегілердің қайсысы қауіпті:

а) түбірауыз в) актиния

с) желкенше д) гидра


7. Гидраның энтодермасында қандай жасуша түрлері болады:

а) жабын в) қармалауыштар

с) атпа жасушалар д) безді, бұлшық ет


8. Медузалардың құрылысында төмендегі мүшелердің қайсысы болады:

а) ас қорыту қуысы в) асқазан

с) ауыз д) ішек


9. Төмендегілердің қайсысында қаңқа бар:

а) қызыл маржан в) актиния

с) гидра д) эвглена

10. Медузалар қалай қозғалады:

а) пассивті в) шатырдың жиырылуы арқылы

с) кірпікшелер арқылы д) талшықтар арқылы


11. Берілген ішекқуыстылардың қайсысында табан бөлігі жоқ:

а) гидра в) қызыл маржан

с) обелия д) цианеа

12. Гидра қорегін қалай ұстайды:

а) қармалауыштарымен в) аузымен

с) қимыл мүшелерімен д) бүкіл денесімен


13. Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылар типіне маңызды айырмашылығы неде:

а) көпжасушалық в) жасушалық саралану

с) жүйке жүйесінің дамуы д) үшқабаттылығы+


14. Ақ сұлама қоректену типі бойынша жануарлардың қай типіне жатады:

а) жыртқыш в) паразит с) өсімдікқоректі

д) ыдыраған өсімдіктер қалдығын тұтынады


15.Бауырсорғыштың бекіну мүшелерінің ерекшелігі неде:

а) ілгек түріндегі

в) әдетте сорғыштары болмайды

с) ауыз құрсақ сорғыштары

д) аяқтары арқылы


16. Жалпақ құрттар типіне қандай белгілер тән:

а) екі жақты симметрия в) сәулелі симметрия

с) тұтастық д) қосқабаттық


17.Жалпақ құрттар типі дегеніміз бұл:

а) біржасушалы жәндік в) қосқабатты жануар

с) үшқабатты д) соңғы қуыс


18. Ақ сұламаның асқорыту жүйесінің құрамы:

а) асқорыту вакуолі в) ішек қуысынан

с) бітеу тармақталған ішек д) тесіп өтпе ішек


19. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып, өкпеге суық тигендіктің
(күн жылы болатын) белгілері байқалды. Екі жарым айдан кейін зертханалық сараптаманың
нэтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.
Бұл қандай құрт болуы мүмкін?


20. Рифтердің неше түрі бар:

а) 3 в) 2 с) 4 д) 5


21. Гидраның тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер:

а) өкпе қапшықтары в) тыныс саңылауы

с) бүкіл денесімен сіңіру арқылы

д) өкпемен


22.Шоғырлы ішекқуыстыларға жатады:

а) гидралар мен медузалар в) актиниялар

с) маржандар д) кораллдар


23. Медузаның жүйке жүйесі:

а) болмайды в) диффузиялық тип

с) түтікшелі д) бағанды


24. Медузалардың құрылысында төмендегі мүшелердің қайсысы болады:

а) ас қорыту қуысы в) асқазан

с) ауыз д) ішек



25. Жұмыр құрттарға құрттарға жататын-
дарын белгіле:




7 класс тест І тоқсан

ІІ нұсқа


1. Тек қана паразиттік тіршілік етеді:

а) саркодина в) талшықтылар

с) инфузория д) споровиктер типінің өкілі


2. Лямблия қай типтің өкілі:

а) саркодина типінің в) талшықтылар типінің

с) инфузория типінің д) споровиктер типінің


3. Кәдімгі амеба қай типтің өкілі:

а) саркодина типінің в) талшықтылар типінің

с) инфузория типінің д) споровиктер типінің


4. Қай қарапайымдылардың екі ядросы бар:

а) амеба в) инфузория

с) эвглена д) споровик


5. Кірпікшелі кебісшенің амебадан айырмашылығы қандай:

а) ауыз в) кірпікшелер

с) екі ядросы д) жалғанаяқтар


6. Қарапайымдыларда ас қорыту қызметін қай оргоноид атқарады:

а) лизосома в) рибосома

с) вакуоль д) центросома


7. Хлоропластары бар жәндік:

а) амеба в) эвглена

с) трипаносома д) кірпікшелі кебісше

8. Ауыз қуысы қай қарапайымдыларда болады:

а) амебада в) кірпікшелі кебісшеде

с) эвгленада д) трипоносомада


9.Гидра қалай тыныс алады:

а) өкпесімен в) желбезектерімен

с) бүкіл денесімен д) аузымен


10. Маржандар қайда мекендейді:

а) өзендерде в) тоқтау суларда

с) теңіздерде д) тұщы су қоймаларында


11. Медузалар үшін қай асқорыту жүйесі тән:

а) өсімдік жемділік в) жыртқыштық

с) өсімдік, жануар қалдығы д) бактериофагтық


12. Көпқармалауыштар мен медуза арасындағы айырмашылық:

а) жасуша құрылысы в) қимылдау сипаты

с) қоректену жолы д) көбею жолы


13. Медузаның жүйке жүйесі:

а) болмайды в) диффузиялық тип

с) түтікшелі д) бағанды


14. Гидраның атпа жасушалары ең көп жиналатын орны:

а) ауызда в) ауызда, қармалауышта

с) бүкіл денесінде д) энтодермасында








15. Гидра немен қоректенеді:

а) ұсақ су жәндіктермен в) балдырлармен

с) су өсімдіктерімен д) фотосиндездейді


16. Атпа жасушалар пайдалану соңынан:

а) өледі в) тірі қалады

с) саны кемиді д) сақталып қалады


17. Актиния қайда мекендейді:

а) теңіздің терең суында в) теңіз түбінде

с) тұщы су қоймаларында д) өзендерде


18. Сорғыш құрттар паразиттік өмірге көшуінің нәтижесінде қай мүшелер

жойылды:

а) зәр шығару, сезім в) жүйке

с) сезім мүшелері, асқорыту д) қан айналу


19. Ішексорғылар өте өсімді. Бір аналығының өзінде 64 миллионға дейін жұмыртқа болады.
Мұндай өсімділіктің ішексорғылардың өміріндегі маңызы қандай?


20. Жұмыр құрттарға құрттарға жататын-
дарын белгіле:

21. Жалпақ құрттар қозғалу жүйесі несімен көзге түседі:

а) жалғанаятарымен

в) тері –бұлшықеттер

с) кірпікшелі, сақиналы, бойлық бұлшықеттер

д) кірпікшелі жабынмен


22.Жалпақ құрттар типі дегеніміз бұл:

а) біржасушалы жәндік в) қосқабатты жануар

с) үшқабатты д) соңғы қуыс


23. Ақ сұламаның асқорыту жүйесінің құрамы:

а) асқорыту вакуолі в) ішек қуысынан

с) бітеу тармақталған ішек д) тесіп өтпе ішек


24. Бауырсорғыш ересек күйінде паразиттік етеді:

а) адамның ішегінде в) сиыр бауырында

с) қасқырларда д) адамның тоқ ішегінде


25. Бауырсорғыштың аралық иесі:

а) ірі қара мал в) кіші тоспаұлу

с) адам д) ит






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі