Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тест. "Салыстырмалы ылғалдылық" 10-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қыз қылығымен көркем»
/қыз сыны байқауы/
Мақсаты:
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік меңгеруге, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу.
2. Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
3. аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар.
Жүргізуші:
Құрметті
жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Қыз қылығымен
көркем» атты
арулар сайысына қош келдіңіздер.
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз
ана,
Келтірген дүниеге нелер
дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да
жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана - дей
отырып
«Қыз қылығымен көркем » атты қыз сыны байқауын тамашалауға келіп
отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер,
қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан
қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен
құттықтаймыз.
Қыз
сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал
бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір
көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде
сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер
жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп
мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға
сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
Айда біздің білімді,
Меңгерген бар ілімді.
Жайнадай қыз елгезек,
Алады тез тіліңді.
Дамира шықты үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп.
Төртінші Арай шығады,
Бұрымдары желбіреп,
Дана біздің тұр жарап
Өн бойында бар талап.
Айдана қыз мақпалдай
Ағарып таң атқандай
Жетінші қыз Мерейдің,
Өнері тасып жатқандай
Данагүл қыз өнерлі
Төгеді бар өнерді.
Аружан қыз намысты
Сүйеді ол жарысты
Дананың биік өресі
Арулардың төресі
Жүргізуші:
Шалқытып
мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Анарбекова Бибігүл
2. Сатымбекова Гаухар
3. Тәжібаева Жаңыл
4. Алсейтова Айгүл
5. Ағманова Салтанат
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
-
«Қыздар сұлу көрінер сәлемімен». Таныстыру.
-
«Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерін көрсету.
3. «Шеберлік шыңға жеткізер». Кесте, бисер, құрақ, тоқыма т.б жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылады. Жасаған бұйымына түсініктеме беріп өтеді.
-
«Шаш сәндей білеміз бе?». Шашты сәндеу
5. «Білімді қыз сүйкімді». Жұмбақ жасырамын, жауабын тауып сол сөзге мақал-мәтел құрыстырады.
6. «Қызды тәрбиелеген- ұлтты тәрбиелейді». Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
7. «Қонақ күте білеміз бе?». Дәмді салат жасау.
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.
I кезең.
Гүл
көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді- деп кезекті аруларға береміз.
Таныстыру.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
II
кезең
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты – деп аруларымыздың өнерлерін
тамашалайық. Өз өнерін көрсету.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
ІІІ
кезең.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын. деп Шеберлік шыңға жеткізер атты
кезеңімізді бастаймыз. Шарты арулар үйге берілген қолөнер
бұйымдарымен таныстырып өтеді.
Әділ-қазылар алқасының ұпайын білу.
IV- кезең
Білектей арқасында өрген
бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе
ақырын
– дей келе келесі кезекке жол
береміз.
« Шаш сәні» аруларымыз шашты сәндеу үлгісін
көрсетеді.
Нәзік жандар қашанда ел
еркесі
Отбасының отанның
берекесі
О, қош жарқырап
ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе
қыздарымыз шаш сәндеп болғанша аналарымызға, апа қарындастарымызға
мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын: 7-сынып
оқушысы
V кезең
Ақылдылық қыздарға
жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де
санасады.
Келесі сұрақ – жауап
сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып,
келесі кезекте Білімді қыз сүйкімді атты сайысымызды бастайық.
Шарты жұмбақ жасырамын, жауабын
тауып сол сөзге мақал-мәтел құрыстырады.
1 . Бар
екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық
қазғандай.
2. Құрғақ
жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.
3.Екі семсер
айқасқан, Асыл қайшы
пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
4. Арық ат қарны
қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
5. Дәмді-дәмді тағамдарды
жинайды, Қоныс көркі
– там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. Дастархан көркі –
нан.
(Дастархан)
6. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
7. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
9. Құрғақ жерде
сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз) Тұз ауырма қыз
ауырма
10. ) Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе (Айна) Аузың қисық болса, айнаға
өкпелеме.
IV-кезең
Жас ару жас ғұмырдың
талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын- дей отырып Қызды тәрбиелеген –
ұлтты тәрбиелейді атты бөлімімізді бастаймыз. ( салт – дәстүрге
байланысты сұрақ-жауап)
5-сынып
Данаға: 1 Ерулік деген не?
Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол
жерде бұрыннан тұратын ерулік береді, қонаққа
шақырады.
2 Үш арсызды ата. 3 арсыз; ұйқы, күлкі, тамақ.
Аружанға: 1 Бәсіре деген не?
(қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде
меншіктеп алатын ен салынған мал)
2 Үш бәйтеректі ата. 3 бәйтерек; Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
6- сынып
Мерейге: 1 Тұлым қою деген не?
(кішкентай кезінде баланың барлық шашын
өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп
атайды)
2 Батаның қандай түрлерін білесің?
(Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы т.б.)
Данагүлге: 1 Тоқымқағар қандай дәстүр?
(Мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ
етеді. «Сапары сәтті болып, аман – есен оралса» деген ақ тілекпен
шыққан шын ниет )
2 Бесік қанша бөліктен тұрады?
(15 бөліктен тұрады: 1 белағаш, 2 бөген, 3 жақтау, 4 шабақ, 2 сабау,
2 жорға)
7-сынып
Данаға: 1 Сауын айту қандай дәстүр?
Жауап;
Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын жан- жаққа хабарланып сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт- дәстүрмен, яғни батыр, палуанымен, жүйрік атымен, ақын- жыршысымен келсін дегенді білдіреді.Асқа, тойға келгендер бір- бірінен асып түсуге тырысатын болған.
2 Қонаққа тартылатын табақтың түрлерін ата.
Айданаға: 1 Қолкесер қандай дәстүр?
. Қолкесер деген қандай дәстүр?
Жауап. Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй йесі «қолкесерің» деп сыбағалы етін береді.Қолкесер білетіндердің айтуынша соғым союшының байқаусызда қолын кесіп алса соның төлеуі ретінде шыққан көрінеді.
2 Қымызмұрын деген не?
Қымызмұрын – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
8-сынып
Арайлымға: 1. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой деген нәрселердің бәрі-ақымақшылдық. / кімнің сөзінен алынған даналық сөз/
Абайдың қара сөздерінен.
-
Бақан деген не?
БАҚАН - киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндікті көтеріп жабуға пайдаланылатын ұзындау келген ағаш.
Дамираға: 1. Дау мұраты – біту,
Сауда мұраты-ұту,
Қыз мұраты-кету,
Жол мұраты-жету. / кімнің сөзінен алынған даналық сөз/
Сырым шешен
2.Бастаңғы деген не?
Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп,
бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол
үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса»
дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауыққа
басқосуы. Дәстүр бойынша бұған тыйым салуға
болмайды. Бастаңғыны
жастар жасайды.
9- сынып
Жайнаға:
1. Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десе,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшерсің.
Басыңа іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба. / кімнің сөзінен алынған даналық сөз/
Қазыбек би
-
Тобық жұту қандай дәстүр?
Тобық жұту Халықта қоян тобығын жұту ырымы –
ежелден бар дәстүр. Оның шарты – тобықты жұтушы жас адам жұтар
алдында: Батыр болсам – жүрегімнен шық, Палуан болсам – білегімнен
шық, Шешен болсам – таңдайымнан шық, Бақытты болсам – маңдайымнан
шық, - деп серттесіп барып жұтады. Халық ұғымында тобық қасиетіне
қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік
болған.
Гүлімге: 1. Суалмайтын суат жок,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл.
Баласы жоқта мият жок
Бәтінен қиын сол екен
Артаңда жанған пырақ жоқ....../ кімнің сөзінен алынған даналық сөз/
Әйтеке би
2 Қазан шегелеу қандай дәстүр?
Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып, "осы үйдің қазанын шегелей келдік" дейді. Үй иесі әзілмен "жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік деп қонақжайлылық танытып, оларға қазан көтереді. Демек, Қазан шегелеу - қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. "Қазан шегелеу" қыс ортасы ауып, күн ұзарған мезгілде басталады.[1
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт- дәстүрлерінің бірі- қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, ендігі сайысымыз – ас мәзірін дайындау.
Аруларымыз ас мәзірін дайындап болғанша 7-сыныптың өнерін тамашалайық.
Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептеп болғанша 8-сыныптың
өнерін тамашалайық.
Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
(Қыздарды марапаттау.
Номинация бойынша марапаттау)
Сөз кезегін мектеп дирекоры.
Тәрбие ісі меңгерушісі, бастауыш сынып мұғаліміне еңбек пәні
мұғаліміне береміз
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
Сау болыңыздар.
«Қаратөбе» негізгі орта мектебі
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
----------------- А.Н Алсейтов. ------------------ Б. Б Рахманов. .
Қыз қылығымен көркем.
/ қыз сыны байқауы/
/ сыныптан тыс жұмыс/
Ұйымдыстырушы: Сартаева Светлана
2015 ж