Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тест сұрақтары. 11 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Aiplus»
Республикалық қосымша білім беру орталығы
Сұрақ кітапшасы
Нұсқа – 1
Аты-жөні ____________________________________________________
1 - бейіндік пән ________________________________________________
2 - бейіндік пән ________________________________________________
ЕСКЕРТУ:
Егер тестілеу уақытында түсушіден шпаргалкалар, оқулықтар және басқа да әдістемелік әдебиеттер мен калькулятор, фотоаппарат, мобильді байланыс құралдары(пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, iPhone, SmartPhone), радиоэлетрондық байланыстың кез-келген түрі (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G, сымды және сымсыз құлаққаптар), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (сонымен қатар мобильді роутерлер) табылған жағдайда сіздің жұмысыңызға бірден «0» деген балл қойылады. Сондықтан да өзіңіз жазып шығуға тырысыңыз. Біз сізге сенеміз!
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
-
Кейінгі палеолитте аң аулауда қолданылатын қысқа сапты ағаш найза:
A)монофас
B)бифас
C)болос
D)дротик
E)гарпун
-
Үйсіндерде «бек» дегеніміз:
A)тайпа көсемі
B)шаньюй
C)үй құлы
D)ірі саудагер
E)ру абызы
-
Оғыздардың алғашында 24 тайпадан тұратындығын көрсеткен зерттеуші:
A)Ибн Хаукәл
B)Әл-Идриси
C)Әл-Бируни
D)Махмуд Қашғари
E)Әл-Марвази
-
Волга өзенінің қазақша атауы атына байланыстырылып қойылған билеуші:
A)Аттила
B)Батый
C)Бумын
D)Сұлу
E)Берке
-
1431 жылы Екіретүп деген жерде Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқаста жеңген хан:
A)Махмұд Қожа
B)Тоқтамыс
C)Әмір Темір
D)Әбілқайыр
E)Ұрүс
-
1943 жылы Алматыда жарық көрген еңбек:
A)«Қазақстан Республикасы» энциклопедиясы
B)«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы
C)«Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті»
D)«Қазақ КСР тарихы»
E)«Көшпенділер»
-
ХІХ ғасырдың 50-ші жылдары Ұлы жүзбен және Қырғызстан шекарасында салынған бекініс:
A)Қапал
B)Тоқмақ
C)Меркі
D)Қастек
E)Пішпек
-
ХІХ ғасырдың 60-жылдары әкімшілік-реформаларға қарсы көтерілістер болды:
A)Талғар мен Шарлақ
B)Ақмола мен Ырғызда
C)Қазалы мен Жаркентте
D)Орал мен Торғайда
E)Ақмола мен Семейде
-
Қазақ АКСР-нің құрамындағы Сырдария облысына кірген уездердің ішінен артығын анықтаңыз:
A)Павлодар
B)Ақмешіт
C)Түркістан
D)Шымкент
E)Қазалы
-
1931-1932 жылдары Оралда ашылған жоғары оқу орны:
A)Педагогикалық институт
B)Зоотехникалық-малдәрігерлік институт
C)Кен-металлургиялық институты
D)Ауыл шаруашылық институт
E)Медициналық институт
-
Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» тарихи лингвистикалық талдау кітабының шыққан жылы:
A)1969 ж.
B)1970 ж.
C)1975 ж.
D)1979 ж.
E)1971 ж.
-
1992 жылы ТМД шеңберінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылды:
A)Ислам ынтымақтастығы ұйымы
B)«Кедендік одақ»
C)«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы»
D)«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы»
E)«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес»
-
Қазақстан аумағындағы энеолиттік тұрақтар:
A)Ботай, Шебір
B)Ащысай, Обалысай
C)Бұқтырма, Шүлбі
D)Зеленая Балка, Пеньки
E)Дүзбай, Мичурин
-
Хандары тек елбөрілі руынан сайланатын тайпа:
A)оғыз
B)найман
C)керей
D)жалайыр
E)қыпшақ
-
XVI ғ. аяғында Өзбек хандығының астанасы Бұхара қаласын қоршауға алды:
A)Қасым хан
B)Тәуке хан
C)Тәуекел хан
D)Жәңгір хан
E)Шығай хан
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау: Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1-мәтін
Үржар
Үржар атауы қайдан шыққан?
Үржар өзенінің төменгі ағысында Алакөлге құяр Сарбұлақ өзенінің жағасында әртүрлі ағаштар – биік теректер, қайың, тораңғы өседі. Ағаштардың бұтақтары әртүрлі құстардың ұясына толы. Өзен жағасы салт атты көрінбейтіндей тік жарлы болып келеді. Жарқабаққа жағалай құстар ұя салған. «Үүр» сөзі монғолшадан аударғанда ұя дегенді білдіреді. Уақыт өте келе бір «ү» түсіп қалып, Үржар, яғни ұяға толы жар деген сөз қалған дейді.
Алғашқы жоңғар шапқыншылығы Үржар өңірінің Тарбағатайынан басталып, шешуші шайқастар да осы маңайда өткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жүз жылдан астам қазақтар жоңғарлармен көрші өмір сүрді. Екі елдің тілі, салт-дәстүрі де араласып кеткен.
Шапырашты Қазыбектің 1776 жылғы жазбаларында жоңғарша сөйлемейтін қазақтың, қазақша сөйлемейтін жоңғардың болмағаны айтылады.
-
Шешуші шайқастар өткен жер
A)Алатау бөктерінде
B)Алакөл маңайында
C)Үржар өзенінің Қаратауында
D)Сарбұлақ өзенінің жағасында
E)Үржар өңірінің Тарбағатайында
-
«Үржар» атауының шығуына себеп
A)Сарбұлақта ағаштардың көптігі
B)Өңірде құстардың көп болуы
C)Жарқабаққа құстардың ұя салуы
D)Жоңғарлардың қазақша сөйлеуі
E)Қазақтардың жоңғарша сөйлеуі
2 –мәтін
Антарктида – жер шарындағы жалғыз мұзды материк. Жалпы көлемі 14 млн шаршы метрді құрайды. Бұл материктің 99%-ын мұз басып жатыр. Антарктида жер шарындағы ең биік құрлық боп саналады. Біз бүгін осы бір ерекше материк жөніндегі қызықты деректерді ұсынып көрмекпіз.
«Антарктида» сөзі «аюға қарама-қарсы» деп аударылады. Ежелгі гректер мұзды аймақты солтүстік полюсте орналасқан Жетіқарақшының құрметіне «Арктикос» деп атаған. Антарктида құрлығын ресми түрде 1820 жылы Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басшылық еткен орыс әскери-теңіз экспедициясы ашқан.
Антарктида – жер бетіндегі ең суық аймақ қана емес, сонымен бірге ең құрғақ құрлық. Суықтық пен құрғақшылық құрлықтың ең негізгі белгілері емес. Мұнда ең күшті және үнемі жалғасып тұратын жел нүктесі мен ең мықты күн радиациясы бар. Бұнда ең таза антарктикалық Уэдделл теңізі орналасқан. Әрине, теңіздің тұнық болуы заңды да, өйткені бұған келіп ешкім шомылмайды. Теңіздің тазалығы сондай – 80 метр тереңдіктегі затты көре аласыз. Антарктидада тұрғылықты тұрғындар жоқ десе де болады. Мұнда келушілер тек оқымысты ғалымдар ғана. Жазғы уақытта адам саны 5000-ға жуық болса, қыс мезгілінде бар болғаны 1000 шақты адам қалады. Айтпақшы, Антарктидадағы ең «жазғы», ең жылы уақыт – ақпан айы. Антарктидада дүниеге келген ең алғашқы адам – аргентиналық Эмилио Маркос Пальма. Ол осы құрлықта 1978 жылы дүние есігін ашқан екен.
-
Мәтін мазмұнында кездеспейтін ақпарат
A)Мұнда оқымысты ғалымдар ғана келеді.
B)Жалпы көлемі 14 млн шаршы метрді құрайды.
C)Жазғы мезгілге қарағанда қыста адамдар көп келеді.
D)Жер бетіндегі ең суық аймақ болып табылады.
E)Антарктиданың ең алғашқы тұрғыны 1978 жылы дүниеге келген.
-
Антарктидада қыс мезгілінде шамамен болатын адам саны
A)1978
B)99
C)5000
D)1000
E)80
-
«Антарктида» сөзінің аудармасы
A)«ең биік құрлық»
B)«аюға қарама-қарсы»
C)«ең құрғақ құрлық»
D)«мұзды материк»
E)«ең жылы уақыт»
-
Антарктидаға тән ерекшеліктерге жатпайтын нұсқа