Материалдар / Тест сұрақтары Азаматтық қорғаныс 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест сұрақтары Азаматтық қорғаныс 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
2114
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Азаматтық қорғаныс бөлімі бойынша бақылау тестілер

Бір дұрыс жауабы таңдалатын тапсырма

1. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы қашан бекітілді?
а) 2014 жылғы 12 сәуірде
ә) 2014 жылғы 11 мамырда
б) 2014 жылғы 13 қазанда
в) 2014 жылғы 15 шілдеде
г) 2014 жылғы 11 сәуірде

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы кім?
а) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
ә) Қазақстан Республикасының Президенті
б) Қазақстан Республикасының Спикері
в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер министрі
г) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

3. Жалпы мемлекеттік қорғау шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі ол:
а) Электромагниттік қарудан сақтану
ә) Химиялық қарудан сақтану
б) Биологиялық қарудан сақтану
в) Азаматтық қорғаныс
г) Ядролық қарудан сақтану

4. Хиросима мен Нагасаки жерлеріне ядролық бомба қай жылы түсірілді?
а) 1943 жылы
ә) 1945 жылы
б) 1949 жылы
в) 1939 жылы
г) 1941 жылы

5. Заманауи жаппай зақымдау құралдарының қанша түрі бар?
а) 5
ә) 1
б) 3
в) 2
г) 4

6. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің неше деңгейі бар?
а) 3
ә) 2
б) 4
в) 1
г) 5

7. Азаматтық қорғаныс бастығы болып оқу орнының __________ болып табылады.
а) мектеп медбикесі
ә) директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
б) директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
в) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
г) мектеп директоры

8. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні.
а) 15 сәуір
ә) 3 ақпан
б) 1 наурыз


Page 2

в) 25 мамыр
г) 11 наурыз

9. Оқу орнында Азаматтық қорғаныс штаб басшысы ___________ болып табылады.
а) АӘД мұғалімі
ә) директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
б) мектеп директоры
в) директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
г) қарауыл

10. Ядролық қарудың қанша зақымдаушы факторлары бар?
а) 3
ә) 2
б) 4
в) 5
г) 1

11. Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы қай жылы сынақтан өткізілді?
а) 1949 жылы 29 тамызда
ә) 1981 жылы 22 шілдеде
б) 1962 жылы 17 наурызда
в) 1956 жылы 3 тамызда
г) 1990 жылы 15 маусымда

12. Қазақ ССР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық сынақ
полигонының жабылған уақыты?
а) 1981 жылы 22 шілде
ә) 1992 жылы 25 тамыз
б) 1991 жылы 29 тамыз
в) 1991 жылы 22 қыркүйек
г) 1990 жылы 15 наурыз

13. Ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу құралдары.
а) ТОЗ-86, ТОЗ-12 қарулары
ә) пулеметтер, автоматтар, тапаншалар
б) танкілер, жаяу әскер ұрыс машинасы
в) гранататқыштар, автоматтар
г) зымырандар, авиация, артиллерия

14. Ядролық жарылыс түрлері.
а) кеңістікте, түрлі биіктікте, жер ортасына, су ортасында
ә) биікте, ауада, жер бетінде, жер астында, су бетінде, су астында
б) ауада, түрлі биіктікте, жерде
в) жер бетінде, су шетінде
г) ауада, жер (су) үстінде

15. Ядролық жарылыстың зақымдау факторларының тікелей әсеріне ұшыраған аумақ қалай
аталады?
а) ядролық жарылыстың центрі
ә) ядролық жарылыс
б) ядролық жарылыстың эпицентрі
в) зақымдану ошағы
г) ЗФ әсері

16. Психохииялық BZ (би-зет) әсері:
а) бастың айналуы
ә) лоқсу, құсу


Page 3

б) 8 сағат ішінде тіл күрмеліп, мелшиіп қалу
в) түшкіру, мұрын біту
г) құрғақ жөтел

17. Аталған жарылыстардың қайсысы ядролық жарылысқа жатпайды?
а) ғарыштағы ядролық жарылыс
ә) жер бетіндегі жарылыс
б) ауадағы жарылыс
в) су бетіндегі жарылыс
г) жер астындағы жарылыс

18 Иприт, люизит қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?
а) жүйкелік-салдандырушы
ә) тұншықтырушы
б) тері-іріңдік
в) тітіркендіргіш
г) психологиялық

19. Жүйкелік-салдандырушы әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
а) иприт
ә) зарин
б) фосген
в) CS
г) BZ

20. Фосген, дифосген қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?
а) психологиялық
ә) тітіркендіргіш
б) тері-іріңдік
в) жүйкелік-салдандырушы
г) тұншықтырушы

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы таңдалатын тапсырма

21. Жаппай жою қаруларына жатады.
а) медициналық қару
ә) ұрыс қару
б) ядролық қару
в) артиллериялық қару
г) химиялық қару
ғ) соққылау қару
д) биологиялық қару
е) жалпы қару

22. Ядролық жарылыс ұзақ қашықтықтағы зақымдауға және істен шығаруға қабілетті.
а) жабық тұрған құрылыстарды
ә) жалғыз тұрған үйді
б) ашық тұрған құрылыстарды және материалдық құралдарды
в) ашық тұрған техниканы
г) жабық тұрған техниканы
ғ) қорғалынбаған адамдарды

23. Жүйкелік-салдандырушы әрекетті улағыш заттар.
а) VX
ә) фосген
б) хлорпикрин
в) зарин


Page 4

г) иприт
ғ) дифосген
д) зоман
е) бутан

24. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің деңгейлері.
а) республикалық
ә) селолық
б) аумақтық
в) қалалық
г) салалық
ғ) объектілік

25. Жаппай зақымдау қаруынан қорғану құралдары.
а) арнайы
ә) жеке
б) терілік
в) ауалық
г) ұжымдық
ғ) беттік




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!