ߔ¢ЖАҢА
ТЕСТТЕР++ЖАУАПТАРЫМЕН ߔᅧ
ߛᅠҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ߛハߓ¢ҰБТ-да
келу ықтималдылығы жоғары сұрақтар.
ߓᅠРепост
жасап, Стенаңа сақтап қой!!
1. Махмуд Қашғаридің еңбегі:
A) "Шежірелер жинағы"
B) "Құтты білік"
C) "Жылнамалар жинағы"
D) "Шыңғыснама"
E) "Диуани лұғат-ат-түрік"
Жауабы: Е
2. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі,
салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі
негізінде:
A) Бөкей Ордасы құрылды
B) Моғолстан мемлекеті құрылды
C) Ішкі феодалдық тартыстар өрши
түсті
D) Қазақ хандығы құрылды
E) Түрлі діни ағымдар пайда болды
Жауабы: D
3. Галдан-Церен (Қалдан Серен) бастаған жоңғар
әскерлерінің Қазақстанға басып кірген жылы:
A) 1723
ж.
B) 1741
ж.
C) 1761
ж.
D) 1745
ж.
E) 1757
ж.
Жауабы: В
4.
Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны:
A)
Қазақ әліпбиінің авторы
B)
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы
C)
Жыраулар поэзиясының өкілі
D)
Жазба әдебиетінің негізін салушы
E) Тұңғыш қазақ романының авторы
Жауабы: D
5. Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстандағы
саяси қудалау шараларының бірі:
A) «Алматы ісі»
B) «Ленинград ісі»
C) «Бекмаханов ісі»
D) «Дәрігерлер ісі»
E) «Қазақстан ісі»
Жауабы: С
6.Мәтінде сипатталған оқиғаны жазған тарихшыны
анықтаңыз:
«Ғұндар ертелі-кеш ат үстінен түспейді.
Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті ат үстінде отырып
өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін
сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса,
жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді».
A) А.Марцеллин
B) Диодор
C) Үлкен Плиний
D) Страбон
E) Прииск
Жауабы: А
7. XII ғасырда қазіргі Түркістан қаласында
сопылық ілімнің насихатшысы болған ғұлама:
A) Ж.Баласағұни
B) М.Х.Дулати
C) Қ.А.Йасауи
D) А.Иүгнеки
E) М.Хусейн
Жауабы: С
8. Алашорда автономиясының орталығы болып
жарияланған қала:
A) Алматы
B) Ақмола
C) Семей
D) Қостанай
E) Орынбор
Жауабы: С
9. Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар
ұжымы:
A) ру
B) тайпа
C) аналық ру
D) тобыр
E) рулық қауым
Жауабы: D
10. Қимақ қағанатының орнына құрылған
мемлекет:
A) Найман
B) Қарахан
C) Оғыз
D) Қарлұқ
E) Қыпшақ
Жауабы: Е
11. Әбілқайырды қолдаған Кіші жүздің 29
старшыны Ресейдің қол астына өту туралы ант берген
мерзім:
A) 1732
ж. қазан
B) 1730
ж. қазан
C) 1729 ж. қазан
D) 1733 ж. қазан
E) 1731 ж. қазан
Жауабы: Е
12. Қазақстанда Азамат соғысы басталған
мерзім:
A) 1918
ж. мамыр
B) 1919
ж. қаңтар
C) 1917 ж. ақпан
D) 1920 ж. наурыз
E) 1916 ж. шілде
Жауабы: А
13. Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының
алғашқы съезі өткен қала:
A) Мәскеу
B) Астана
C) Пекин
D) Бішкек
E) Вашингтон
Жауабы: В
14. ХІ ғасырдың бас кезінде Хорезмді жаулап
алған мемлекет:
A) Қимақ қағанаты
B) Қарақытай мемлекеті
C) Қарахан мемлекеті
D) Қыпшақ хандығы
E) Оғыз мемлекеті
Жауабы: Е
15. Семей ядролық полигонында ауада ашық
жарылыстар жасалды:
A) 1950-1953 жылдардың аралығында
B) 1949-1990 жылдардың аралығында
C) 1949-1963 жылдардың аралығында
D) 1945-1953 жылдардың аралығында
E) 1955-1958 жылдардың аралығында
Жауабы: С
16. Ежелгі Қазақстанның қола дәуіріндегі
металл кендерін зерттеген ғалым:
A) З.Самашев
B) Ә.Х.Марғұлан
C) Қ.И.Сәтпаев
D) Ә.Төлеубаев
E) М.М.Герасимов
Жауабы: В
17. «Шілікті алтын адамы» ескерткішін ашқан
профессор:
A) Ә.Төлеубаев
B) Ә.Марғұлан
C) С.Жолдасбаев
D) Х.Алпысбаев
E) К.Ақышев
Жауабы: А
18. М.Әуезовтың КСРО мемлекеттік сыйлығын
алған шығармасы:
A) «Қилы заман»
B) «Айман - Шолпан»
C) «Өскен өркен»
D) «Абай»
Е) «Еңлік - Кебек»
Жауабы: D
19. 1783-1797 жылдарда Кіші жүзде болған
көтерілістің жетекшісі
A) Сырым Датұлы
B) Кенесары Қасымұлы
C) Махамбет Өтемісұлы
D) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
Е) Исатай Тайманұлы
Жауабы: А
20. XV ғ. 20 жылдарында Жошы ұрпақтары
арасындағы қырқыс пен Ақ Орданың құлауы нәтижесінде құрылған
мемлекет:
A) Көк Орда
B) Астрахан хандығы
C) Әбілқайыр хандығы
D) Моғолстан
Е) Алтын Орда
Жауабы: С
21. 1716-1720 жж. салынған әскери
бекініс(-тер):
A) Аягөз
B) Қапал
C) Петропавл
D) Өскемен
E) Железинск
F) Верный
G) Ор
H) Омбы
Жауабы: D, Е, Н
22. 1717 жылы Ертiстiң оң жағалауында салынған
бекініс (-тер):
A) Колбасинская
B) Жәмiш
C) Омбы
D) Коряковская
E) Өскемен
F) Железинка
G) Черноярская
H) Семей
Жауабы: А, F
ҰТО ЖАУАБЫ: тек F!!!!!
(1716 жылы Ертiстiң оң жағалауында Жәмiшев
және Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская , 1718 жылы –Семей,
1720 жылы – Өскемен, Черноярская және Коряковская бекiнiстерi
салынды.(
23. Жоңғар хандығының құлаған жылы:
A) 1768 ж.
B) 1754
ж.
C) 1763
ж.
D) 1765
ж.
E) 1761
ж.
F) 1758
ж.
G) 1757
ж.
H) 1767
ж.
Жауабы: F
24.
Жоңғарларға қарсы шайқасқан қазақ батырларының ерен ерліктерін жырлаған жырау (-лар):
A)
Бұқар
B)
Үмбетей
C)
Ақтамберді
D)
Сыпыра
E)
Асан Қайғы
F)
Кетбұға
G) Шалкиіз
H) Қазтуған
Жауабы; А, В, С
(Батырлардың ерен ерлiгiн бiздiң заманымызға
дейiн өз шығармалары арқылы жеткiзген ақын-жыраудар ҮМБЕТЕЙ,
АҚТАМБЕРДI, ТӘТIҚАРА, ҚОЖАБЕРГЕН, БҰҚАР, КӨТЕШ болды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер
де белсене қатысты. Абылай сұлтанның қызы АЙТОЛҚЫН, Бұланбай
батырдың қызы АЙБИКЕ жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал ҚАБАНБАЙ
батырдың әйелi Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Кейiнiрек
соғысқа өзiнiң үлкен қызы Назымды жiбередi)
25. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасқа
белсене қатысқан
батыр (-лар):
A) Бөгенбай
B) Сырым
C) Малайсары
D) Қабанбай
E) Исатай
F) Жанқожа
G) Кенесары
H) Жоламан
Жауабы: А,С, D
26. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасқа
белсене қатысқан
батыр (-лар):
A) Бөгенбай
B) Иман
C) Баян
D) Қабанбай
E) Исатай
F) Жанқожа
G) Махамбет
H) Ағыбай
Жауабы: А,С, D
27. Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқасқа
белсене қатысқан
хан (-дар):
A) Сәмеке
B) Әбілқайыр
C) Қасым
D) Тұрсын
E) Хақназар
F) Шығай
G) Тәуекел
H) Кенесары
Жауабы: А, В
ҰТО ЖАУАБЫ: тек В!!!
(Басқыншы жауға қарсы күреске бүкiл қазақ
халқы көтерiлдi. Iрi-iрi әскери жасақтарды ӘБIЛМӘМБЕТ, БАРАҚ,
СӘМЕКЕ, ӘБIЛҚАЙЫР, СҰЛТАНБЕТ СИЯҚТЫ ХАНДАР МЕН СҰЛТАНДАР,
Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. Басқыншыларға
қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлi рулары мен
тайпаларынан және жүздерiнен шыққан ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ, ҚАНЖЫҒАЛЫ
БӨГЕНБАЙ, ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ, РАЙЫМБЕК, ЖАСЫБАЙ, ЕСЕТ, МАЛАЙСАРЫ,
ШАҚШАҚ ЖӘНIБЕК, БАТЫР БАЯН, ОЛЖАБАЙ, ҚОЖАБЕРГЕН, ТАЙЛАҚ, БӨЛЕК,
САҢЫРЫҚ, ЖАБАЙ, БЕРДIҚОЖА, ЖАРЫЛҒАП сияқты басқа да көптеген
БАТЫРЛАРЫ маңызды рөл атқарды. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа
әйелдер де белсене қатысты. )
28. XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX
ғасырдағы Қытайдың Қазақстанмен іргелес орналасқан
аумағы:
A) Мауараннахр
B) Шыңжан
C) Тұран
D) Үстірт
E) Батыс Түркістан
Жауабы: В
29. ХІХ ғасырда қазақтар негізінен
сауда-саттық жасаған Қытай қаласы:
A) Қапал
B) Пекин
C) Жәміш
D) Бұқтырма
E) Шәуешек
Жауабы: Е
30. ХIХ ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанттың Қытаймен сауда айналымдарын дамытуда ерекше рөл
атқарған Жетiсудағы бекіністер:
A) Верный, Қапал
B) Өскемен, Орынбор
C) Семей, Қызылжар
D) Қарқаралы, Аякөз
E) Қызылжар, Кереку
Жауабы: А
31. XIX ғасырдың бірінші ширегінде
Қазақстанның шығысындағы Қытаймен сауда байланысындағы орталыққа
айналған бекініс:
A) Орал
B) Өскемен
C) Торғай
D) Орынбор
E) Верный
Жауабы: В
32. 1832 жылы Бөкей Ордасында жәрмеңке
ұйымдастырған хан:
A) Шерғазы хан
B) Айшуақ хан
C) Жәңгір хан
D) Бөкей хан
E) Нұралы хан
Жауабы: С
33. XVIII ғасырдың екінші жартысында құрамында
алты ұйғыр болысы ұйымдастырылған облыс:
A) Торғай
B) Жетісу
C) Семей
D) Сырдария
E) Орал
Жауабы: В
(Қазiргi Алматы облысының жерiнде алты ұйғыр
болысы ұйымдастырылды. Олар: Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шарын, Малыбай,
Қорамса және Қарасу болыстары едi.)
34. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға
қоныстанған ұйғырлардың айналысқан негізгі кәсібі:
A) Мал шаруашылығы
B) Металл өңдеу
C) Омарташылық
D) Зергерлік
E) Егіншілік
Жауабы: Е
35. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға
қоныс аударғандар:
A) Ұйғырлар мен дүнгендер
B) Кәрістер мен немістер
C) Қырым татарлары мен месхет
түріктері
D) Гректер мен күрдтер
E) Шешендер мен ингуштер
Жауабы: A
36. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұйғырлар
мен дүнгендер қоныс адарған аймақ:
A) Оңтүстік-шығыс Қазақстан
B) Солтүстік-шығыс Қазақстан
C) Солтүстік-батыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Орал мен Торғай облыстары
Жауабы: A
37. 1897 жылғы халық санағы бойынша
Қазақстандағы саны 55999 (56 мың) адамға жеткен халық:
A) Орыстар
B) Ұйғырлар
C) Мордвалықтар
D) Украиндықтар
E) Дүнгендер
Жауабы: В
(1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың
дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың
адамға жеттi.)
38. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық
көтерілістің болған уақыты:
A) 1868-1870
жж.
B) 1837-1847
жж.
C) 1868-1869
жж.
D) 1836-1838
жж.
E) 1842-1847
жж.
F) 1773-1775
жж.
G) 1873-1875
жж.
H) 1783-1797
жж.
Жауабы: Н
39.
Патша үкіметі Орта және Кіші жүзде хан билігін жойған жыл (-дар):
A) 1916
ж.
B) 1918
ж.
C) 1847
ж.
D) 1797
ж.
E) 1822
ж.
F) 1771
ж.
G) 1824
ж.
H) 1812
ж.
Жауабы: E, G
40. 1836-1838
жж. Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің
жетекші (-сі,
-лері)
A)
И.Тайманұлы
B)
М.Өтемісұлы
C)
Ж.Нұрмұхамедұлы
D)
Т.Бокин
E)
Ж. Мәмбетұлы
F)
А.Иманұлы
G)
К.Қасымұлы
H) Е.Көтібарұлы
Жауабы: А, В
41. 1867-1868 жж. реформа бойынша құрылған
генерал-губернаторлық (-тар):
A) Батыс-Сібір
B) Орынбор
C) Түркістан
D) Дала
E) Астрахан
F) Заккаспий
G) Сырдария
H) Омбы
Жауабы: А, В, С
42. 1867-1868 ж. реформа бойынша Сырдария
облысына енген уездер:
A) Павлодар, Семей, Өскемен
B) Көкшетау, Петропавл, Омбы
C) Ырғыз, Торғай, Қостанай
D) Жизақ, Елек, Қазалы
E) Қазалы, Шымкент, Ходжент
Жауабы: E
43. 1867-1868 жж. реформалар бойынша
Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірген
облыс(-тар):
A) Ембі
B) Ырғыз
C) Омбы
D) Торғай
E) Атырау
F) Семей
G) Ақмола
H) Темір
Жауабы: F, G
(• Сырдария мен Жетiсу облыстары Түркiстан
генерал-губернаторлығына енген, орталығы – Ташкент
• Орал және Торғай облыстары Орынбор
генерал-губернаторлығына енген, орталығы – Орынбор
• Ақмола және Семей облыстары Батыс Сiбiр
генерал-губернаторлығына енген, орталығы – Омбы)
44. 1886 ж. Ереже бойынша Түркістан
генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыс(-тар):
A) Маңғыстау
B) Сырдария
C) Семей
D) Ферғана
E) Ақмола
F) Самарқан
G) Орал
H) Торғай
Жауабы: В, D, F
45. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтерілісте әскердің жеке отрядтарын басқарған қазақтың батыр (-ы,
-лары):
А) Сұраншы
В) Сегізбай
С) Жантөре
D) Базарбай
Е) Бұхарбай
F) Сансызбай
G) Ағыбай
H) Елемес
Жауабы: А, Е, G
(Кенесары әскерiнiң жеке отрядтарын
басқарғандар арасынан қазақтың үш жүзiнiң де белгiлi батырларын
кездестiремiз: Ағыбай, Иман (Амангелдi Имановтың атасы), Жоламан
Тiленшiұлы, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейiт
батыр, Сұраншы батыр және т.б.)
46. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде
жалдамалы жұмысшылар шабуыл жасаған форт:
A) Қазалы
B) Пресногорковск
C) Жайық
D) Александровск
E) Бейнеу